Элегия – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Элегия» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3834
А. С. Пушкиннен аударма

Есалаң өмірді ойлап қызығы өшкен,
Кісідей ауырлаймын шарап ішкен,
Қайғысы өткен күннің — тәтті арақтан
У жанға қанша тозса, сонша батқан.
Жолым мұң: кең теңізі келешектің
Сияқты қайғы, бейнет елестеткен.
Достарым, бірақ менің келмейді өлгім;
Тұруға ой-азаппен бар тілегім.
Ішінде дау-жанжалдың, қайғы-әуренің
Барлығын рахатымның құп білемін:
Кей-кейде сусындаймын тәтті күйден,
Көзімнің жазуыма жасын төгем,
Бәлкім бейуақ кешіне өмірімнің
Қош деп күліп махаббат шашар нұрын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері