Өлең, жыр, ақындар

Інілеріме

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 1
  • 6397
Сырсыз емен, сырым көл,
Қасымда күнде сырласым.
Жазайын елең өрнектеп,
Інішегім тілек қылғасын.
— Айтшы кәне, жан аға,
Сырыңды інің тыңдасын?
— Тыңдашы, қалқам, кәнекей!
Ақының — ағаң жырласын.
— Жырлашы, аға, жырлашы?!
Су ма екен жырың, бал ма екен,
Тыңдашы дейсің тыңдашы,
Мен тыңдары бар ма екен?
— Балдай тәтті — бал қалқам,
Қорғаным, сәулем, жұлдызым.
Ардақтысың маған сен,
Күлші күндей, құндызым.
Жырым судай салқын боп,
Бойыңды билеп тартпаса,
Тыңдама менде өкпе жоқ,
Жақпаса саған, жақпаса,
— Алтыным, айым, күнім деп,
Сүйесің мені, сүйесің.
Туысқаным, інім деп,
Еркелетіп жүресің.
Алдыңа алып аялап,
Күйдіресің күлесің
Маңдайымнан иіскелеп,
Сүюді ғана білесің.
— Қарашығым, не дейсің?
Болдың неден өкпелі?
Үстіңе костюм, жаңа етік,
Кеше әпергем жоқ па еді?
Мектебіңе баруға,
Даярсың ғой күн - қалқаш,
Апаңда көйлек, шалбарың,
Шкафта қағаз, қарандаш.
Енді саған не керек?
Айтшы, қалқам - сәулетай?
Айтшы, жаным, тезірек,
Ашуланбай, бұртимай,
— Бәрі де бар мен үшін,
Жаңа киім, жаңа етік,
Даярладың бәрін де,
Ерте бастан қам етіп,
Киіндірдің ініңді,
Мінсіз етіп сәндетіп,
Жалғыз-ақ өлең жазбапсың,
Мен айтуға әндетіп.
Сондықтан маған жетімсіз,
Ішіңнен жақсы көргенің.
Маңдайымнан иіскелеп,
Жүрегіңді бергенің.
Көптен сізге айтуға,
Сақтап ем осы сырымды,
Ағатай, кәне көркемдеп,
Жырыңды жазшы, жырыңды?
Кетті інішегім жүгіріп,
Ойын салып бұлтыңдап,
Отырдым да ойландым,
Болдым оған жыр жазбақ...


Пікірлер (1)

Досжанова Аружан

өте жақсы өлен інімнің туылған күніне аиттым! Жақсы өлен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Інілеріме өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Інілеріме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Інілеріме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде автордың ойы мен сезімі көркем түрде берілген.

Інілеріме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері