Елімнің Елордасы – AliyaBirjanqyzy

Бұл бетте «Елімнің Елордасы» атты AliyaBirjanqyzy жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Елордасы елімнің асқақтаған,
Болашаққа бастық біз жаңа қадам,
Ұлтымның ұлттылығын ұлықтаған,
Жасай бер, өркендей бер жаңа Астанам.

Орындалған қанша мақсат қанша арман,
Бүгінде мемлекетпіз жұрт тамсанған,
Елімнің келбетін де көркем еткен,
Өсе бер, гүлдене бер сен Астанам.

Мемлекетпіз төрткүл әлем мойындаған,
Елім десе тулаған бойымда қан,
Тәуелсіз Қазақстанның Астанасы,
Жайнай бер, жарқырай бер таймай жолдан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар