Антпенен тарқайды – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Антпенен тарқайды» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.03.2015
  • 0
  • 1
  • 16806
Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске.
Ор қазып байқайды
Туа жау емеске.

Анттасып алқайды
Сен тентек демеске.
Кім анттан шалқайды
Амал жоқ жемеске.

Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске.
Бас ыңғай қайқайды,
Амал жоқ өлмеске.

Ел састы, аңқайды,
Би тартты егеске.
Жұрттағы мал жайды
Ой қылар бермеске.

Өсімге қол жайды,
Тай алып серкешке.
Алмаса ол тайды,
Дап-дайын көрмеске.


Кедей би жантайды
Сауыр мен өркешке.
Саумаққа ол байды,
Кеңесер би кешке.

Қайғы қып болмайды,
Өкпелеп білмеске.
Сүйтсе де оңбайды,
Бұрынғы түсті еске.

Пысықтар шалқайды,
Таласып теңдеске.
Қағысып шонтайды
Өзімен жемдеске.

Таласып тарқайды
Ақшадан төрт-беске.
Бірлікті шайқайды,
Араз боп өнбеске.


Пікірлер (1)

Раймбек Севинч

Оте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Антпенен тарқайды өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Антпенен тарқайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Антпенен тарқайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Антпенен тарқайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері