Белсенділерге – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Белсенділерге» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 9
  • 19861
Заман-ақыр болған жоқ,
Жамбыл сөзден қалған жоқ,
Ел жайлаудан көшкен жоқ,
Көктен жасын түскен жоқ,
Сендер шетке қағатын
Жамбыл атым өшкен жоқ!..
Мен баяғы Жамбылмын
Әлі сезге даңғылмын.
Қыртыстарың сүймейтін
Мен сендерге не қылдым.
Қайсыныңның үйіңе
Қайыр тілеп қаңғырдым?!
Жаным барда кеудемде
Сендерден кем, болмаймын
Дүрілдетіп жер-жерде
Өлең-жырды толғаймын,
Домбыраға қол соғып,
Иығымды қомдаймын.
Тек кездесіп қалмаңдар,
Ыңғайына сондайдың!


Пікірлер (9)

Кыдыралы

оте кушты болган негзыыыы

Myrza

Өте керемет!

Менің атым Айша

Біздіқ ақындардың өлеңіне не жетеді ештенке жете алмас

Дамир

Керемет. Өлең

Дамир

Керемет өлең. екен. Өте. күшті

Еркеназ

Жамбыл Жабаев Белсенділерге!

Айару

Жамбыл жабаевтың өлеңдері дым қиын емес

Айзере

Өте күшті екен, кейбір шұмақтары әсерлі

Али

Жамбылдың «Белсенділерге» өлеңі ойландырады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белсенділерге өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Белсенділерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белсенділерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белсенділерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері