Қалыйға – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Қалыйға» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4633
Ей, Ордабай Ұлы Қалыйым!
Үстіңде тұр ақ үйің,
Қасыңда тұр қара үйің.
Атағыңды білемін,
Сыртыңнан-ақ таныйым.
Атан сұрап, ат сұрап
Деп келгем жоқ жарыйын.
Байдабектің бірі едің,
Cap бәйбіше ұлы едің.
Сартау құмды мекендеп
Баяғыдан жүр едің.
Сахарада қонысың,
Малға толы өрісің.
Сойылыңды соғып тұр
Болысың мен орысың.
Біздей жаһан кезбені
Қомытсынсаң қомытсын.
Бірақ, айтып кетейін,
Жүзім қайтып көрген жоқ,
Сенен қорқып нетейін,
Күле-күле жүрсін ел,
Мен-менсіген бейліңді,
Елге жайып өтейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалыйға өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Қалыйға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалыйға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалыйға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері