Көксеу – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Көксеу» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2574
Бұл қалай деп алды-артымды кең ойлап?
Адамдарға сөз сөйледім абайлап.
Іздемеймін жеңіл-желпі қуаныш,
Іздемеймін оңай дәулет, оңай бақ.
Болмаса да сүйенерім, мінерім,
Еркелейтін кезім еді бұ керім.
Жақсы деген адамдардың жанында
Бір себептен құм боп тұрды жігерім.
Бақыт бар ма осы өмірде?
Күмәнді-ақ,
Түлкі бола алмадым мен бұлаңдап.
Түлкілер де күлкі болар бір кезде
Байқайтұғын адам болса мұны аңдап.
Мезгіл айтар, өшем бе, әлде өсем бе,
Мақтанышым, жұбанышым десем де,
Алғашқысы, соңғысы да мен емес,
Өлең жазып өкінгеннің осы елде...
Шығармын мен өкініштен, мұнардан,
Қайталанбас жазылар бір шығармам.
Мінін емес, мықтылығын осы Елдің
Адамзатқа ұғындыру — ұлы арман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көксеу өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Көксеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көксеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көксеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері