Самайым ерте ағарды – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Самайым ерте ағарды» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3393
Самайым неге ағарды білесің бе?
Жүректің тірлік үшін күресінде,
Кем болды қуаныштар үлесімде,
Құлазытқан күндерім жүр есімде.
Шаттығым да санаулы, жеңісім де,
Келе алмадым көбіңмен келісімге.
Түн-теңізден інжу-сөз іздеймін деп,
Көз ілмегем сен үшін, ел үшін мен.
Шаш ағарса несі бар? Төзесің де.
Себебі көп, әрине, сезесің бе?
Көзім жеткен биікке өзім жетпей
Жүрегімнің жылаған кезі есімде.
Қуанамын шат біреу кездессе кеп,
Бұл сезімді біреулер сезбес те көп.
"Жедел жәрдем" асығып бара жатса,
Алаңдаймын ауруға тез жетсе деп.
Сәл нәрседен көңіліме мұз қатады,
Сәл нәрсе үшін құлаймын құзға тағы.
Сәл нәрседен жүдейтін жүрегімді
Дүниенің бар мұңы сыздатады.
Жігер іздеп сөзден де, жанардан да,
Ұмтыламын қол созып тағы арманға.
Алатауға жасымнан көп қарап ем,
Самайым ерте ағарса — ағарған да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самайым ерте ағарды өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Самайым ерте ағарды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самайым ерте ағарды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самайым ерте ағарды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері