Аманат – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Аманат» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1728
Туған бауыр, жүрегімде у, ішпей-жемей жаным мас,
Кез келеді қашсаң-дағы аттанатын сапарға.
Мен табынып жүргеніммен Мұқағали танымас,
Мен өлгенде мені тіпті Кеңсайға да апарма.
Бақытты боп бақпасам да, балдай дәмін татқанмын,
Мен өмірді сүюші едім, мейлі сорым көп менің.
Арманыма ақ шуақтың адасқаны батқаны
О, бауырым, мені көмгін, жырларымды көмбегін!
Өлеңдерім ұрпағымдай тірі қалса болғаны,
Жырларымды жұртым алсын, ұқсын мейлі ұқпасын.
О жақта да арманымсың, өзің ғана қолдарым,
Сүйікті жан, жанарыңнан бір тамшы жас шықпасын.
Туған елім, өртенбесе, өкінбесе жетеді,
Күнәм болса, кінәм болса, көктен көмек сұрайын.
Бауырларым, өздеріңмен өзге қайғым кетеді,
Тірлігімде алыс кеттім, енді жақын тұрайын,
Туған жердің бір төбесін биіктетіп тұрайын.
Мен өлгенде маң даламның бауырына жерлеңдер...
Маған ғашық шебер бала гүл әкеліп жүр дәйім.
Сыр бойының маңғазына енді мені бермеңдер,
Бауырларым, мен өлгенде туған жерге жерлеңдер!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аманат өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Аманат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аманат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аманат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері