Оян заманның адамы – Araikaalimzhanova

Бұл бетте «Оян заманның адамы» атты Araikaalimzhanova жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кесірленіп тамаққа төккізетін адам бар,
Мүгедекті мазақтап тепкізетін адам бар,
Боқауыз-сөз жаттатып,
Үлкендерден аттатып,
Өсекпенен xалықты сөккізетін адам бар.
Заман сондай дегенмен неге жауыз адамдар?
Гүл егетін жайнатып,
Шай беретін қайнатып,
Қайырымды адам бар,
Сәбилерін ойнатып,

Әр мейрамды тойлатып,
Алтын жүзді адам бар,
Садақасын қалдырып,
Сыйлықтарын алдырып,
Тарататын адам бар.
Көмек қолын созатын,
Жаманды ойлап тозатын,
Жүрек жұмсақ адам бар.
Мейлі болсын жауында,
Мейлі болсын ауырда
Тату болғын адамда

Біреулер жүр армандап,
Шет елдерді,Дубайды.
Қарапайым xалықтар,
Ондай сағым қумайды.
Алтынды ойлап адамдар,
Жарысады қаттырақ.
Нансыз жүрген адам бар,
Отбасы үшін шапқылап.

Гауxар тасты сұрайды,
Алып бер деп айды да.
Мүгедектер жылайды,
Жағып бер деп майды да.
Ас таңдайды өзінше,
Қой етінен қашады.
Жетімдегі төзімше?
Қашан тойып асады?
Менсінбейді жастарың,
Ескі болған көлікті.
Алыста жүр аштарың,
Иіскелеп өлікті.

Алла берген келбетті,
Өзгертеді басқаға,
Шексіз жанды жерлетті,
Ота істеліп басқа да.
Аямайтын бір-бірін,
Ұрпақ келді өмірге.
Көре алмайтын тірлігін,
Қарамайтын көңілге.

Өмір атты өткелден өтейікші сүрінбей,
Бір-біріне әрдайым жүрейікші күлімдей.
Сыйлап сүйіп адамды жақсы тілек айтайық,
Бағалайық барлығын "бүгін соңғы күніңдей".


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян заманның адамы өлеңінің авторы кім?

Araikaalimzhanova — осы өлеңнің авторы.

Оян заманның адамы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян заманның адамы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Araikaalimzhanova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оян заманның адамы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар