Оян, қазақ! – saia

Бұл бетте «Оян, қазақ!» атты saia жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Оян, қазақ!
Деп жырлаған қанша адам,
Оятуға жасалды қанша қадам.

Оян, қазақ!
“Орынңнан тұршы енді” деп.
Мен де үгіт- насихат енді жазам.

Ей, адамзат!
Сен бір көркем жаратылыс,
Сөздерімнен оқырман болма қалыс.
Жер бетінде саналы бір өзіңсің,
Адамдықтан, ақылдан болма алыс.

Жаман менен жақсыны айыра біл,
Ақ пен қара тең емес ойлашы бір.
Әр қадамды жасарда аңдап басқың,
Өн- бойыңа, тегіңе келтірме кір.

Бүкіл әлем толы үлкен ілімге,
Терең көңіл бөлу керек білімге.
Аты өмірден әлі күнге өшпеген,
Ғалымдарым еңбектенді кезінде.

Сол арқылы ұлы іздерін қалдырды,
Есімдері бар әлемде жаңғырды.
Үлгі болып қалған біздей ұрпаққа,
Білім алу, амал ету артылды.

Адам үстем болады білімімен,
Іліміне сай амал етуімен.
“Менсіз ғалым адамдар жетеді” деп,
Бей - жай қарап, надан боп өтпе өмірден.

Рух саулығы артық тұрар денсаулықтан,
Қандай бақыт бар дейсің амандықтан.
Адамдар көп дені сау болғанымен,
Насихатсыз рухтары өлген аштан.

Аманат боп берілген бұл денеміз,
Әдейілеп оған зиян келтірмеңіз.
Еңбек, кәсіп етуге мүмкіндік бар,
Жеңістерге қолдағы сіз жетіңіз.

Ойланыңыз, өмірге көз салыңыз,
Керек сөзді өзіңізге алыңыз.
Ата - баба қорғаған бұл мекенге,
Күш аямай, елмен бірге дамыңыз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян, қазақ! өлеңінің авторы кім?

saia — осы өлеңнің авторы.

Оян, қазақ! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян, қазақ! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде saia өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оян, қазақ! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар