Өлең, жыр, ақындар

Жан анама

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!

Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы, қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!


Пікірлер (4)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

bekzatmaratovna

авторы өзім.Оны қалай өзгертем авторы өзім деп

Модератор

Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті бар. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз. Ал өлеңді өшіргіңіз келсе, "Қоқыс жәшігін" басасыз.

Авторы өзім деген белгіні, егер өлең сіздің өлеңіңіз болса, белгілейсіз.

Барлығы нұсқаулықта толық жазылған.

bekzatmaratovna

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан анама өлеңінің авторы кім?

Бекзат Берікболова — осы өлеңнің авторы.

Жан анама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жан анама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бекзат Берікболова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан анама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.