Фаризаға арнау – Zhumabekova

Бұл бетте «Фаризаға арнау» атты Zhumabekova жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қызы едің текті ақын ,киелі елдің,
Жыры нәзік ,ойы бір есіл ердің.
Қазақ елі ардақтап Фаризасын,
Жырларына тәу етіп бас иетін.

Қос перзенті қазақтың елге сыйлы,
Мұхағали мен Фариза –Алла сыйы.
Бірі ер,бірі жыр боп ел есінде,
Сақталады тарихта мәңгі есімі.

Өзіңсіз өтіп жатыр жыр- көктемім,
Әр сөзімде ізің бар жыр -төкпенің.
Сыздаған жан ,жұректі жырмен емдеп
Жыртығын жырмен жамап ,ем іздедім.

Тұрғанда ұрпақ та аман,заман да аман,
Ұмытпаймыз жырыңды елге арнаған.
Жеткіземіз жырыңды болашаққа,
Ұялатып әр қазақтың жүрегіне.


Пікірлер (1)

Мария

Фариза Оңғарсынованың өлеңдері өт керемет.Осындай өлеңдер көбейе берсін.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фаризаға арнау өлеңінің авторы кім?

Zhumabekova — осы өлеңнің авторы.

Фаризаға арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фаризаға арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Zhumabekova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фаризаға арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар