Өлең, жыр, ақындар

Ұлы даланың жеті қырына

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өз елім,өз жерім – байтақ далам
Көркіңе көз жоқ шығар, тамсанбаған
Рухани жаңғырумен,жаңарамыз
Тарих пен уақыт қалар таңбаланған

Орын алған тарихымның төрінен,
Үлгі аламын Елбасымның сөзінен
Ұлы даланың жеті қырын сақтауды
Айтқан жоққой ол кісі де тегіннен

Жылқы мінген біз қазақпыз ,тегінен
Қазанаты ,құйрық –жалы төгілген
Ат мінгізіп,шапан жапқан әу баста,
Қазы –қарта,жал-жаясын жегізген

Қазынам бар, жерімнің мәртебесі
Темірдің табылады жердегісі
Түсті металл,алтын мыс,қорғасыным
Өндірісі дамыса ,гүлденер елдің іші,

Жоғалды мекендеген жолбарысым
Азайып бара жатыр қар барысым,
Аң мен құссыз даламда сән болама
Сақтайық табиғаттың өз табысын


Алыптарым ,сонау кезден көнеден
Қасиетті сақтар туған төреден
Оған куә , «Алтын адам» кешегі
Қазып алған Шілікті мен Берелден

Ақ басқан Алтай жатыр ,іргемізде
«Еуразия кіндігі » болған дейді бір кездерде
Түркі әлемін бастаған ,төр Алтайым
Бізге қымбат ,қашанда әр кезеңде

Мәңгілік Елім – сені ғана сүйемін
Жалғап жатқан сара жолым тірегім
Қуатты елге айландырған бүгінде,
Ұлы жібек жолы менің жүрегім


Алмаменен Қызғалдағым тағы бар
Апортым да Алматыдан табылар
Қызғалдақтың неше түрін іздесең
Тарбағатай тауларымнан табылар

Осылардың бағалайық сыйлығын
«Мәңгілік ел» деген міне осы ұғым
Жеті қырым осылар ғой, паш ететін әлемге
Баға жетпес байлықтарың соны ұғын!!


Пікірлер (4)

bekgan

Азамат!!!

мадина

керемет өлең

паниа

керемет өлең екен

Sandy

Керемет.Маған керек өлең.Алуыма болама?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы даланың жеті қырына өлеңінің авторы кім?

Бекжан Бақытбек — осы өлеңнің авторы.

Ұлы даланың жеті қырына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ұлы даланың жеті қырына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бекжан Бақытбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы даланың жеті қырына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.