Сағындым әке өзіңді – Бүлдірген Аманкелді

Бұл бетте «Сағындым әке өзіңді» атты Бүлдірген Аманкелді жазған әке туралы өлең берілген.

Сағындым әке өзіңді ,
даналы ақыл сөзіңді,
Сағындым әке өзіңді
Мөлдір тұнық көзіңді.

Қайран әке, жастығын тез ұрлатқан,
Мойымай нала шаққа.
Көңіліме нұр құйып, көзімді ашқан,
Жол сілтеп болашаққа.

Айтқан ақыл ,салмақты сөз,
сол сөзіңді еске алып
жүрміз әлі әкетай .

Тағдырдың бізге берген сынағы деп
төзіп жүрміз әкетай,
Бір алла берер көмек
деп жүрміз жан әке .


Болды рас дертің күшті, қайғы содан,
Ажалдан құтылып ед қай кісі аман?
Ішінде бес баланың отырса да,
Жылайды жалғызсырап байғұс анам!

Әке сізді сағынып еске аламыз,
қанша жылап жалынсақ,
қайтып келмес білеміз.
қатал өмір сынағын,
аямады біздерден .


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар