Жаным жүдеді
Бұл бетте «Жаным жүдеді» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаным жүдеді
Шаршадым бәрінен,
Сағыныштардың бәрі азап екен.
Тіршіліктерден бітпейтін
Жүгірістерден зәрезап екем.
Жаныма не керек енді,
Көз алдым тұман ба, қалай.
Жақындатудан жалыққам рас,
Үмітті шыдамға қарай.
Күз күлді терезе жақтан
Естідім сыбдырын оның.
Білгенмен, барлығы да үнсіз,
Заманның шындығы жоғын.
Ызыңы шағады миды,
Көшеде қаптаған көлік.
Сыртыңнан сөгеді дұшпан,
Бетіңе мақтаған болып.
Жалықтым, аярлығынан,
Адамның, заманның бүгін.
Абайлап басатын болғам,
Өмірдің табалдырығын.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі