НАУРЫЗ
НАУРЫЗ
Келді мейрам қазағымның төріне,
Жыл басталып, нұр ойнайды көгімде.
Жер құлпырып, жасыл желек жамылып,
Нұрын төгіп самалы, есіп өтер жерімде.
Жаңа нұр, наурыз атты мерекеміз.
Құт боп кірер, әр үйге берекеміз.
Тілеймін, ұзақ ғұмыр, бақытты күн,
Құтты болсын ағайын мерекеміз,
Арнаймын өлеңімді жыл басына,
Оңынан тусын айы ел басына.
Құтты болсын айтайық, бар ағайын,
Жаңа енген мерекелі жыл басына.
Дана2008
Өте керемет өлең екен күшті. Тек осылай керемет өлеңдар жаза беріңіз. Нағыз ақын ата апаларымыз сияқты нағыз ақын қыз болуыңызға тілектеспін.
Ерлан
Өте керемет өлең екен
Ботагөз Қасымбекова
«НАУРЫЗ» өлеңі жүректі жылытады екен! «Келді мейрам қазағымның төріне, Жыл басталып, нұр ойнайды көгімде» деген жолдардан бастап-ақ көктемнің самалы есіп тұрғандай болады. Жердің құлпыруы, жаңа нұр, береке тілеу – бәрі Наурыздың мәнін дәл жеткізген. Қазақтың ұлы мерекесіне арналған осындай әдемі, қарапайым әрі шын жүректен шыққан өлең оқып, көңілім көтерілді. Bilim-all.kz-де мұндай туындыларды тауып оқу – үлкен қуаныш. Авторға алғыс, сайтқа рахмет! Наурыз құтты болсын, баршаңызға бақыт пен береке тілеймін! 🌸