Өлең, жыр, ақындар

Əз Наурыз!

Наурыз келді жаңарып,
Мұсылманға бар анық.
Қар да еріп далада,
Ағаштар да бүр жарып.

Құстар келді аңсаған
Ұяларын сағынып,
Көк те шығып көгеріп,
Бəйшешектер гүл жарып.

Далам жатыр жаңарып,
Сұлу қыздай таралып.
Күн мен түн де теңелді,
Болып бұл да жаңалық.

Құрт-құмырсқа жыбырлап,
Бар тіршілік қыбырлап,
Самал жел де тұрғандай,
Құлағыма сыбырлап.

Күн де шуағын аямай,
Табиғатты аялай,
Жүрейікші адамзат,
Құшақты кеңге жайып ап!

Қымыз-қымыран сапырып,
Наурыз көже қайнатты.
Қызыққа бəрін батырып,
Көкпар қосып ойнатты.

Қыз қуу да жалғасты,
Күреске соңы алмасты.
Батыр, алып ағалар,
Бір-бірімен тармасты.

Наурыз мейрам жалғасып,
Алтыбақан тебілді.
Қыз-жігіттер бар ғашық,
Махаббат күйі өрбіді.

Тіршілікке өң берген,
Əз Наурыз, армысың!
Тілегі бір мұсылман,
Аманбысың, бармысың?!



Пікірлер (1)

Аяжан

Өте керемет өлең

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар