"Ана жүректі сағыну"
"Ана жүректі сағыну"
Бозғылт тартты көңілдің гүл көктемі,
Жанға батты аяулы жан кеткені.
Мәңгілікке жол тартып шырайлана,
Төрт құбылған тірлікті мерт еткенді.
Жоқтығына сенбестен ортамызда
Жылуына зар болып, тұрамыз ба?
Апам менің анамдай болып кеткен,
" Келер- ау" - деп сағындық,
Үміт жолда.
Шуақ жүзі сақталып санамызда,
Төрі- жұмақ, әппақ нұр жадымызда.
Қарайлайды- ау,
ақша бұлттан қолын бұлғап
Жылайды ана, өксігін басалмауда.
Неге кеттің дегендей әке жүрек,
Шалалығын балада анық білед(і)
Қайран ана жүрегін кең ғой,шіркін,
Балам аман болсын деп,
Өткен күн ед(і).
Аяулы апа, қамқоршым пана болған
Мәңгілік емес білем,
Өмір жалған
Жатқан жерің жайлы да, торқа болсын
Көтерерміз Алла ісін басқа салған.
Ия, Раббым, медет бер адамдарға,
Кім табынбас мейірімді ақ анаға?!
Жұбата көр,
Тарқамаған бұл шерімді
Қадіріне жете біл,
Аналарын аман болса?!
Жетімсіреп әлпештеген бала көңіл,
Қара бұлттай түнеріп сіркірейді.
Сағынып біздер жүрміз нұрлы жүзін,
Аққайыңда оңды- солды би билейді.
Жандос Мағзұмұлы.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі