Жарыста озар лайық – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жарыста озар лайық» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1178
Қай кезде де болған ғой тақ таласы,
Әкеге бала болған бақталасы.
Жақсы-жаман патшалар келер-кетер,
Тек қана өмір жыры тоқтамасын.
Дидар ғайып, адамға ажал ғайып,
Әлемде болған істен көз алмайық.
Әбділдин, Әбіловтер аласұрған,
«Қазақ елін құртты – деп Назарбаев».
Өмір – базар, жеткенше әл базарлайық,
Өмір – жарыс, жарыста озар лайық.
Бақталастар не айтпайды тақ жолында,
Қазақты қазақ еткен Назарбаев.
Өсек өрт-ау шайпау тіл сумаң еткен,
Кей патшалар өмірін думан еткен.
Тақ құмарлар елімді етпесе екен,
Құдайкенің көшіндей суға кеткен.

27. 02. 2007 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарыста озар лайық өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Жарыста озар лайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарыста озар лайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарыста озар лайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері