Уақыт қуып – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Уақыт қуып» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3195
Уақыт қуып айдады күнді ілгері,
Алыстайды өткеннің күмбірлері.
Елу жылда елменен жер жаңарып,
Ұмытылар адамның көргендері.
Көзге кірген көлеңке арылмайды,
Өшкен оттар қайтадан жағылмайды.
Жарқын - жасыл жайнаған суреттерді
Бұлдыр ғана шырағың қабылдайды.
Қулап кетіп қалғандай бір құз жарға,
Айрылып қап жүресің жұлдыздардан.
Жазды күтіп жаурағыш жұқарған жан,
Қалтырайды қыстағы ызғарлардан.
Кәрі арқардай түсе алмай шыңда қалған,
Айналаңа қарайсың бал-бұл жанған.
Батар күндей маужырап бара жатыр,
Бір-бір ұшқан көзіңнен дүние жалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыт қуып өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Уақыт қуып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақыт қуып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыт қуып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері