Сүт бар, бұзау жоқ
Есіткен де боларсыздар,
Совхозымыз "Қазалы" еді.
Сиыр баққан, аты шыққан,
Мал өсіргіш қазақ еді.
Жүрген ізі иір-шиыр,
Қысыр қапты биыл сиыр.
Жасы "тоқтасқан" болыпты,
Сылтауы "от қашқан " болыпты,
Бірі құнажын, бірі қашар болыпты,
Бұзаулауы нашар болыпты.
Қойшы, әйтеуір, жүз сиырдан,
Жиырма жеті бұзау алған,
Совхоз болды артта қалған.
Енді бізге қайту керек,
Көрші совхозға айту керек.
Энгельс пен "Ақжарға " шауыпты,
"Қармақшыдан соларды тауыпты.
Олар да міңгірлепті,
Былай депті:
— Біз де биыл мәз емеспіз,
Бұзау жақтан аз емеспіз.
Төлдеу жағы оңды - ақ болды,
Бірақ бәрі шолжақ болды.
Емгендері қаймақ болды,
Салғандары ойнақ болды.
Бұзау емес, бұқа болды,
Сиырлары "сыпа " болды.
Қасына барсаң қытығы келген,
Терілері жұқа болды.
Қымсынып қашатын,
Қылымсып қарайтын
Қашарлары тентек болды.
Саууға барғанда,
Қолымызда бір-бір келтек болды.
Теуіп қашты, шауып кетті,
Бір лажын тауып кетті.
Сонымен біз сүтсіз қалдық,
Сүт беруде артта қалдық.
— Сіздер "Комсомол " совхозына барыңыз,
Сонан қарызға сүт алыңыз,
Үш жүзден аса сиыр сауады,
Енді қазалылар солай шабады.
Іздеп жүріп "Комсомолды " табады.
— Сүт сұрай келдік ағайындар,
Жаятын жайылым, қалың тоғайың бар.
— Туғандар, келгендерің жақсы,
Биыл сүт өзімізде де тапшы.
Ғылыммен "тырсиған "мамандар,
Ферманы басқарған адамдар.
Жиналыста сөйлеп, күліп жатыр,
Есеп-қисап жүріп жатыр...
Ол жағынан жақсымыз,
Жаңада өзгерді басшымыз.
Бас маманымыз базарға кетіп,
Жас маманымыз картон қазуға кетіп,
Зоотехнигіміз ораққа кетіп,
Базар деген жақын ғой,
Оссиминатор араққа кетіп...
Әйтеуір сәті түседі,
Бар сүтті қала да ішпеді.
Шал, кемпір торып сүт таппай,
Балалары тоңып түк таппай.
Молоковозды қуып барады,
Күн де қатайып суып барады.
Сөйтіп отырған жай бар,
Қонамын десеңдер: ет бар, шай бар.
Шүкір, алты бөлмелі жай бар.
Түсіңдер, қоныңдар,
Қонағымыз болыңдар...
Сөйтіп шұрқырасып жатты,
Тер ағып, бұрқырап жатты...
Бірақ жылы сөз сүт болмады,
Сүттің айналасында "құт " қалмады.
Ақырында құрғақ сөзбен тарасты,
"Келесі жылы болады" деп бал ашты.
Сонымен: бұзау бар, сүт жоқ,
Сүт бар, бұзау жоқ.
Саууға, бірақ, құнт жоқ,
Жоқ болған соң дау жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі