Бұғы мен бұқа – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Бұғы мен бұқа» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 1
  • 3909
Дарияға килікті де бір күн бұқа,
Ар жаққа өтпекші боп түсті суға.
Тіл қатты тұрған бугы, сөзі сына:
— Иірімге түспе өлесің, сөзді тыңда! —
Деп еді, доқ көрсетті бұқа байғұс:
— Шайнап жақ ақылыңды басыңа, — деп.
Сөйткенше иірім тартып, әкетті ағыс,
Тереңге бірте-бірте батыра кеп.
Дүниеде жаман қарғыс: "Өзі білмей,
Білгеннің тілін алмау", — деді бұғы.
Сіздер де ойланыңдар, оқып күлмей,
Менменсудің осындай бар қырсығы.


Пікірлер (1)

Раяна

Өте керемет ән

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері