Өлең, жыр, ақындар

Майданбек

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3829
ТОЛҒАНЫС
Жүруші ем
Біржан салша өлеңдетіп,
Ой шалқып,
Жас емендей күнде ержетіп.
Сағаттың секундындай ұшқырлықпен
Самғаушы ем лашынмен бұлтқа кетіп.
Кезуші ем шың шынарын келешектің
Бөгетті қиратардай мендегі екпін.
Таулардың таңдайларын тамсандырып,
Шашушы ем теңгелерін теңбіл көктің.
Жетелеп өзендерді өзендерге,
Сүрттіріп маңдайымды жібек желге,
Ақ бұлттың арасында ойнақтаушы ем,
Назданып қасымдағы бұраң белге.
Сарыарқа самалына төсім желпіп,
Сайранды салушы едім достарды ертіп.
Сапырып cap қымызды жеңгелерім,
Сән түзеп назданушы еді емін-еркін.
Жүргенде білім қуып қалаларда,
Сүйсініп алдымызда ағаларға,
Тарланнан тағылым алған тай-құнандай,
Тарпаңдап тағат таппай бастық алға.
Пір тұтып орақ пенен балғамызды,
Тамсадық тарихтарда қалған ізді.
Адамзат бақытының кілтін тапқан –
Аттатты ленинизм алға бізді!
Соңда
Біз
Көз ілместен кей түндерде,
Үйретіп білгеніміз білмегенге,
Ғ ашықтай жарты өрікті жарып жеген
Мәз-мейрам болушы едік ертеңінде.
Болаттай, оттан шыққан
Суарылған
Адымдап өтуші едік ту алдынан.
«Отан — өмір!
Өмірім менің, сенін!»
Антымыз еді күнді куә қылған!
Шындалған едік біздер міне солай,
Құдірет сезінуші ек соған орай!
Болушы ед ақ сүт берген анамыздай.
Туған жер, өзен, өлке,орман-тоғай!
Өмірден өзгеге түк бас имеуші ек,
Жүрегі тіршіліктің біз ғой деуші ек!
Көңілдің жайлауында күнде гүлдей,
Күлімдеп күнге ғана бас изеуші ек.
Жаралап жаздың әсем маусым айын,
Жарқ етті жауыздықтың нажағайы.
Орманнан қансыраған андар босып,
Оталып боздап жатты бұла қайың!
Әділ ек бар адамзат баласына,
Жау-жәлем жау оқ атты аласұра;
Өлер ұры ұмтылар моласына —
Көзінің қан құйылып арасына.
Деп
Күлдік пе?
Күлмедік,
Түйіндік біз,
Жау жарақты жалындап киіндік біз,
Маршалдар командасы:
«Алға! Жауға!
Жеңіс жоқ, құрбандықсыз, қиындықсыз!»
Білуші ек бір сойқанның боларын да...
Сұқтанып социализм коғамына
Фашизм баса-көктеп келе жатыр,
Оптығып оқтарының боранына!
Мен сол соғыс сұрапылын бастан кешкем!
Шинелімді менің де оқтар тескен.
Көкірегімді күл-көмір жайлағандай,
Күрсіністер алғашқы кетпейді естен!
Жасырмаймыз, әуелі шегінгеміз,
Соның өзін жеңіске телігеміз,
Ішімізде түйілген қорғасын кек,
Бұрқана тулағанын сезінгеміз!
Сол бір күн
Бұл тірлікте
Шықпайды естен.
Тарих бар жас қауымға кейінгі өскен,
Шаһиттер қабірінде құлпытас тұр,
Тағдырын Отан үшін шайқас шешкен.
Жасқауым!
Сенің жайраң жылдарың бұл,
Тыңдаса қан майданнан шежіре сыр,
Солардың аруағына басынды ій,
Соларша Отанды сүй, жаныңды ки!
Айттым ғой бірімін деп от кешкеннің,
Құрдас боп Құрбандармен бірге өскенмін,
Құрбандар қаныменен қайтпай қалған,
Әр сөзі жазылмақ бұл жыр кестемнің.
Тумайды ешкім ақын боп,
Тумайды ешкім батыр боп.
Туады көптің бірі боп,
Тумайды ешкім ақыл боп.
Майданда туған батыр көп,
Майданда туған ақын көп.
Майдангер кептің ішінде,
Маздап туған ақыл көп.
Жазбас ем мұны қайтадан,
Әлемде бітсе ақырғы оқ
«Майданбекті» ендеше
Қайтадан жазбас хақым жоқ.
Найза етіп майданда да қаламымды,
Жыр еткем ерлік күнді, «қара күнді»
Қапысы жырымның да болған онда,
Оқ тесіп, өрт жапқасын орамымды.
Жазғамын Майданбекті оқ боранда,
Бап қайда бауыр жазып сілтер онда,
Жанталас толғаған ем от ішінде,
Қалғандай балам шулап өртті орманда.
Өтті ғой нелер он жыл содан бері,
Сағындым Майданбегім.келші бері!
Жырла деп бабындағы шағында енді,
Жарқ етті нажағайым көңілімдегі.

БІРІНШІ ТАРАУ
1
Қапсағай, Қараторы,
Ұзын жігіт,
Тәрізді күрең көзі толған үміт,
Екі жыл қамаудағы жолбарыстай,
Майданға кете алмай жүр тәртіп бұзып.
Дейді оған военкомат барған сайын, —
«Өзіміз білеміз ғой, еу, ағайын!
Елдегі жылқышы да майдан үшін! —
Білетін ақ боранмен айқас жайын.
Өзіміз шақыртамыз керек күні!» —
Деп айтқан комиссардың деректі үні
Жігітті жылқысына сан кайтарды,
Елге де еткені ғой керек мұны.
«Сонда да... сонда да...» — деп жігіт жаны
Асаудай аласұрып арындады,
Құрықтың астына алып жылқыларын,
Бар болсын жайылымға қайырғаны!
Күн сайын бетке ұрғандай майдан лебі,
Жылқыға ол бұрынғыдай беріледі.
Ар көрді құрықшы боп жүруді елде,
Кең дала бұрынғыдай көрінбеді.
Ағасы, құрдастары, інілері,
Қаншасы қаза тапты?
Тірілері
От шашып, оқ боратқан қанды айқаста,
«Ал мен ше, құрбақа ма көліндегі».
Жылқысын жақындатып боран көлден,
Сол жігіт военкомға тағы келген.
Соғыстың екінші жаз ортасы еді,
Военком:
«Сұрамсақты» мұнша өлермен,
Майданға жіберуге бұйрық берген.

2
Біраз күн болды майдан келгеніне,
Ілінген жау жоқ әлі шеңгеліне,
Бұл полк жатыр екен бұйрық күтіп,
Шай қасқа бүгін-ертең енгелі де.
Майданбек
Қынай буып сүр шинелін,
Күтіп тұр қанды айқасқа бір енерін,
Тұрып та, жатып атып үйреніп жүр,
Кінәлап далада бос елергенін.
Құйғытып қасқыр қуған бір ай бұрын,
Тақымы сағынса да торы айғырын,
Кезіне елестейді алдағы айқас,
Кек найза, көк қорғасын қанды қырғын.
Тәрізді үйренуге ғашық әні,
Майданбек сол шайқасқа асығады
Ұрыстың оқ бораны ойыншықтай,
Ұмтылғыш мінезіне бас ұрады.
Бір өзі бүкіл жауды қыратындай,
Қырып сап ту көтеріп тұратындай,
Ер көңіл, жалын үміт лепілдейді,
Жөргекте іңгәлаған Мұратындай.
— «Қасқыр ғой дейді мына қаңды жау да»
Жүргенде жылқы бағып Баян тауда
Бір қасқыр бір құлынды шырқыратса,
Ол сұмдық құтқарып па дені сауда?
Ақдала айбын көріп жылқышы үнін,
Ардақтап амандығын жылқысының
Ақ толқын тұяқтармен сапырылып,
Аязы бетін сүйіп жылқышының,
Аулаға қуушы еді-ау жыл қырсығын!
Көк жайлау ата мекен қоныс деген,
Қанындай еді тәннен бөліспеген,
Түндерде қолда құрық, аста айғыр...
Қиялы жұлдыздармен өрістеген.
Келеді көз алдына жылқышының
Көк жота күзде ақ шық күмістеген!
Мынау ше?
Қанды соғыс, қанды жорық
Қайтеміз бак, пен сорын ерте жорып
Не қылсын Майданбектің асыққанын,
Қатарын толықтырып жатқан полк.
Мен мұны отырғам жоқ жасап қолдан,
Жоқ менің жыр жолдарда ондай «жорғам»
Шырғасын шындықтың шығын етпей,
Жыр ету риясыз мендік толғам.
Күні ертең қанды айқасқа енгенінде,
Көрерміз Майданбектің өнерін де.
Майданның театры ашар бетін,
Кім білсін, қан топырақ өбер мүлде,
Кім білсін ер даңқына бөлер мүлде!
Асықпа албырт жырым: —
Жол жоқ даңғыл
Алдында алуан қатер, алуан тағдыр
Жігітті
Күні бұрын лепілдетпей,
Сабырмен
Сайыс үсті көрген заң дүр.
Отыр ед блиндажда дел-сал бейғам,
Бір кезде
Арылмаққа алуан ойдан
Орнынан атып тұрып шығып кетті
Ор жатыр екен алда бомба ойған.
Айналып өтті апандай сол бір орды,
«Тфуу!» деп бір түкіріп,сілтеп қолды
Орманның мүйісінен басты ілгері
Шыққандай шолу үшін бак пен сорды.
Келді деп елден бүгін біраз жігіт,
Майданбек естіп еді түсерде ымырт.
Күндізгі шаршағанын ұмыттырып,
Келеді соларды іздеп елшіл үміт.
Алдынан өткенде кей блиндаждың,
Шығады құдіретті де әрі сазды үн,
Ғажап-ау, ән сап жатыр солдат өмір...
Даусындай қол толқытқан топты қаздың.
Майданбек:
«Келген жанға алғы шепке,
Тек қана ұрыс, шайқас, жерде көкте
Тың алар минут қайда?» деп ойлайтын.
Солдаттар күлген оған тесік өкпе.
Команда болғанша айқас шабу ылға,
Сапырып солдат өмір ағынында
Тіршілік теңіз бұрқау ырқына алып,
Қайтарып жатады екен карымын да!
Қатарын толықтырып жатқан полк,
Ашқанша бұйрық алып майдан жорық,
Жан күйін жауынгердің сайлы баптап,
Содан соң береді екен жауды соғып.
Майданбек ерсі көрген алғашқыда, —
Тез тапты әнші, әзілші, жолдасты да
Өзі де қара жаяу болмайтұғын,
Достасты әнін әнге жалғастыра.
Әрине, шырқайтын бұл қырдың әнін,
Сойылдан қанша қасқыр қырылғанын.
Ақбақай торы айғырын өлең қылып,
Тарайтын қиялымен тоқпақ жалын.
Ал бүгін оның бәрін жиып тастап,
Келеді «ел сағыныш»жүрдек бастап,
«Бар ма екен біздің елден келгендер де!»
Өзі мұнда, жүрегі туған елде
Келе жатты... бірде бәс, бірде асқақ.
Келе жатты бірде бәс, бірде асқақ...
Жас солдат күткендей-ақ мұны хастап,
Кездесе кетті өзен жағасында,
Біреулер қайық есіп жүр құлаштап.
Көзге ілмей өзенді де, қайықты да,
Бір ойдан басқасынан айықты да;
Қасына жас жігіттің жетіп барса,
Жас жігіт жалт бұрылды айыптыдай.
— Тоқта! — деп қалды Майдан үнмен зәрсіз,
Жігітім, мұнда не ғып жүрген жансыз?
Жас жігіт токтай қалды,
Ал Майданбек
— Жігітім амансың ба! — қолын алды.
Құрықшы жылқышының алақаны
Тәрізді жаздың үлкен ала таңы
Жұлдыздай нәзік қолды жұтып барад...
— Босатыңыз — деді қыр балапаны.
Майданбек
Күдік туып көңіліне,
Жігіттің қарай қалса түр-өңіне,
Қоңырқай, тап-талдырмаш жігіт екен,
«Қайда көрдім? Түсім бе? Әлде өңім бе?»
— Япыр-ау, Шолпанбысың?
— Иә,аға!
— Едің той аудандағы емханада.
Өй, өзің... нағыз солдат жігітсің ғой,
Танымай қалғанымды әнең... қара!?
Жақындай берді оған інісіндей,
Шолпан да қадам басты күлімсірей.
Сұр шинель, аяқта етік, көк малақай,
Жауынгер етіп-ақ түр күллісі де!
Біткендей өзі өтеп берешегін, —
Ұмытып алдағы өрт ере сенің,
Тағдырын ойлап кетті жас Шолпанның
«Уа, тәңір, қорғаны болжап – жас жанның!»
Қаракөз мөлдіреген қарақаттай,
Жанары Зурә жұлдыз тұрған батпай,
Ақтамақ, бала бұғақ тұрған қалпы
Жас бақыт атаулыға рахаттай.
Әппақ тіс, күлсе ашылған меруерттей,
Алма ернін күзеткендей бір жүдетпей,
Құйылған құлын мүше, аяқ тіп-тік,
Жасаған өзін өзі құдіреттей.
Ернінен емшек табы кетпегендей,
Әлі бір өткелектен өтпегендей
Уыз жас...
Тым алысқа ұшарына,
Қанаты қатып әлі жетпегендей —
Шолпанды
Білсе-дағы бөбегінен
Үңілген жоқ-ты мұнша жүрегімен
Жақсы боп өскен екен сорлы бала,
Жарақат көрмесе екен тырнағы да!
Бақыт қой мұндай қыздар елімізге,
Бақыт қой сұлу бары жерімізде!
Жас гүлді бұршақ ұрса не болғаны,
Уа тәңір, оққағар бол ұрыс түзде!
«Оққағар, қайда жүрсең Шолпанды ізде!»
Қас-қағым сезім күйі жылқышының,
Айтқызып жіберді оған бар шынын.
Күбірлеп жүрегі де, еріні де
Ақ тілеу айтып сап тұр дала сырын.
Ақ тілеу айтып салып, дала сырын,
Жүрегі әлденеге аласұрып;
«Мен Майданбек! Шолпанжан таныдың ба?!»-
Дейді ол Шолпанды әлі баласынып.
Шолпан:
Дегеніңіз жөн бе, аға, таныдың ба?
Жақсы болды-ау екенсіз сіз де мұнда.
Майданбек:
Қашан келдің, Шолпанжан?
Шолпан:
Күндіз,.. мана...
Майданбек:
Неге жүрсің бір өзің бұл арада?
Шолпан:
Таныс бар ма екен деп, аға, елден?
Майданбек:
Талайлар бар осында елден келген,
Қайсыбірін айтайын... жігіттер көп —
Төленді, Мағаз, Қабдыр, Құдайберген...
Ат үсті ақ бораннан бір ығынбай,
Асауға сілтейтін ақ құрығындай
Майданбек ақ жарылып аңқылдайды,
Шолпанға қалмасын деп сыр ұғылмай.
Асылдың көріп оны сынығындай,
Сырларын шертіп берді сонда былай: —
— Шыққан екен ұрыста боп,
Күш жинап жатыр бұл бөлім.
Күнде ойнатып атқызад оқ,
Білмеуші едім бұрын жөнін.
Мұнда өзімнің келгеніме
Айдан асты!
Ел аман ба?
Нендей хал бар, сөйле, елде,
Алды ма астық біздің «Алға».
Еңбеккүнге неден тиді,
Жолықты ма жеңгең Жамал?
Көрер ме еді елді күллі,
Сағынды ғой жас балалар.
Қой қырқылып, алды ма жүн,
Үйілді ме шөп маяға?
Ұшқан жоқ па оты жердің,
Өзің ағаң мал жая ма?
Бестөбе мен Мойылдының
Күреңіткен күзгі деңі,
Мал күзетіп, ит үрген үн,
Жоқ-ақ шығар өзгергені.
Қазір түн ғой, онда да түн
Қоңыр салқын күз қойнында,
Жұлдыздары қағып жымың,
Мүлгіп тұр-ау Мойылды да.
Төбесінен біздің үйдің,
Үркер өрлеп мектеп жаққа
Барған кезде Аттанар түн
Су кұйып ем огородқа!
Қарашы,
Анау таныс жұлдыз
Ақбоз аты «Бестөбенің»
Тұрғанымен олар үнсіз
Үй жолдастай ес көремін.
Жақсы болды-ау сен келгенің,
Боламыз ғой енді бірге,
Майданға әзір жоқ енгенім,
Жазсын тәңірім жақсы күнге.
Құптап Шолпан аға сөзін,
Көкірегіне сырлар түйді.
Мөлдіреп жас гауһар көзі,
Әдеппенен сәл жымиды.
Шолпан да айтты Майданға тілегенін,
Военком келіскенін, жібергенін.
Бүгін ғана келгенін бүл полкке, —
Ештеңе көріп-біліп үлгірмедім...
Кездескенім сізбенен болды-ау жақсы,
Менде де шайқас жайлы білім тапшы. —
Дей берген кезде жігіт, Ай астынан
Зу етті темір канат жау қарақшы.
Бұлар тез айырыларда оңға-солға,
Қарақшы тастап кетті көктен бомба,
Шолпанды бомба ауасы атты өзенге,
Майданбекті көжекше кептепті орға.
Өзі аман қалғандығын сезген Майдан,
«Шолпан қайда?» —
Жүгіріп анадайдан
Өздері әлгі тұрған жерге келсе,
Жан үшін шырқыраған даусы шығып,
Өзенге батып барад бір қарайған.
Атылып жолбарыстай жардан суға,
Майданбек қарғығанда соған тура,
Шолғыншы жауынгерлер жүрген суда,
Ескегін ес шығара бұрқай есіп,
Ап шықты құрбан етпей қызды суға!
Бірде ашып, бірде жұмып екі көзін,
Жас Шолпан шала есті, шала сезім. —
Ағажан, тірімін бе, — дейді ыңырсып,
Майданбек кінәлаумен болды өзін.

ЕКІНШІТАРАУ
Жер үсті,
Бүкіл әлем:
Ай, күн, аспан
Германдық болады деп жанталасқан
Маза жоқ Гитлерде
Совет елін
Жау-жәлем жоқ қылам деп осы бастан.
Елеуреп
Еуропаны жұтқан жайын,
Біздерді санап мүлде қарапайым
Тентек күш темірлерін тепсіндіріп,
Желікті
Түр деп — мұнда жеңіс дайын,
Қандатып, алаулатып маусым айын.
Шеңбері шетсіз, шексіз жатқан шалқып,
Біздің байтақ Отанды
Бір-ақ тарпып,
Таптап
Жаншып,
Алуға бұғалықтап
Гитлер берді бұйрық, берді тәртіп.
Белгілеп Мәскеуді де алмақ күнін,
Парадта сөйлер сөзін қамдап бұрын;
Тамағын қатты-қатты қырынып жүр,
Өз-өзі сарапқа сап «салмақты» үнін.
Әртісше айна алдына барып талай,
Парадта сермеуі жөн қолын қалай,
«Жұлдызын Кремльдің қалай жұлу,
Жарар ма жатуына патша сарай».
«Тұрғызып Сталинді алдыма тік,
Ақырам: қонышымнан сүй, тізеңді бүк» —
Сұм қиял, сұрқия ой арбауында,
Гитлер баптайды өзін безендіріп.
Сонымен...
Темірлері бөріше ұлып,
Мәскеуді аламыз деп бір-ақ ұрып,
Фашизм жанталасқан шабуылда...
Ал, Гитлер
Төсегінен атып тұрып
Берлинде «ура» лайды аласұрып.
Атыңнан айналайын совет елім,
Намыскер, ақ алмастай жауынгерің
Түбінде Москваның, қанды айқаста,
Мысықтай жолбарысты еліктеген
Сындырып берді дерсің жаудың белін!
Тұмсыққа сонда ұры итше соғылған жау,
Әлі де өркөкірек, қанды омырау.
Гитлер шала есті құтырынып,
Бақырып, мұртын жұлып, үстелді ұрып..,
Жөнелтіп жатты әскерін өңшең дырау.
Азынап,
Аласұрып темірлері
Жау-жәлем біздің күшті жеміргелі
Өшіге,
Өршелене шапқанымен
Шебер қол берік қаққан шегелердей
Біздің күш енді қайтып шегінбеді.
Көкте де,
Теңізде де
Жердегідей
Шайқастар болып жатты ең бірегей,
Құрбандар, жарақаттар би қисапсыз...
Толассыз майдан алаң от телегей.
Майданбек санатына кірген полк
Қатары аздан бері әбден толып;
Сайысқа бұйрық алып жоғарыдан
Ашпақшы күндері еді бүгін жорық.
Қарақшы ұяла ма, тек тұра ма,
«Кезек енді сенікі» — деп тұра ма?
Қапысын қарсыластың қамтып қалмақ
Осқылап оқпен, отпен бетке ұрарға.
Тап солай болды бүгін таң алдында,
(Бір сезік болғаны ғой жау жағында.)
Оқ ашты бізден бұрын біздің шепке,
Жалақтап қасқыр көздер қас қағымда.
Сәттілеп қанды айқаста осы бір жол,
Қаптатып жіберді жау қаһарлы қол.
Келсең кел!
Біздің оқтар қарсы атылды...
Айқасқа шықты тағы бак пенен сор.
Түбінде Москваның ұрылған жау,
Түріле тілерсегі қиылған жау,
Жаралы аюлардай ызалы еді,
Жай жатқан елімізге ұрынған жау.
Командир
Мұндайларды талай көрген
Жан еді ойы жүйрік, көңілі мерген.
Сасуды білмейтін бір сабаз дерсің,
Сайыста сонысымен талай жеңген.
Көрді де жанталасқан жаудың бетін,
Әскерге әмір берді ол:
- «Дереу бекін!
Басамыз жау - аптығын бекініспен, —
Біз емес, жау «аһ» ұрмақ өкінішпен».
Сол бұйрық
Бүкіл Отан өміріндей —
Құдайша сенуші едік кәдімгідей,
Қазықтай жерге қаққан сіңіп жатып,
Дұшпанды қарауылға ап жаттық атып...
Сайысқа сайланған жау нешелер күн
Шабуыл жасап бақты дүркін-дүркін.
Бұқадай сыңар мүйіз танктері,
Бұраулап бұзып береді жердің шырқын.
Жаудырып «қарақұсы» көктен бомба,
Жапырып түсіп жатыр он. мен солға.
Тап берген танктерін талқан етіп,
Біздің күш түкірініп берді қолға.
Команда екі жақта
— Ат! — дейді — ат!
Толас жоқ етсең дағы мың мінажат,
Кірпік қағым кідірер шақ болған ба, —
Өлім-өмір қырқысқан бір ғаламат.
Түтіккендей жер, аспан оқ пен оттан,
Тыңдар емес бірін де соғыс сотқар
Қара орман қара түтін қақырынып,
Сәбидей шыңғырады жалын опқан.
Толас жоқ,
Бір толас жоқ оқ жаңбырдан,
Атудан тірі саусақ жоқ аңырған,
Тірі ме, қайда? Солдат жылқышымыз,
Тіленіп майдан келген бұла қырдан;
Тіленіп майдан келген бұла қырдан,
Майданбек қыран ең ғой қасқыр қырған.
Қайдасың!?
Бас сауғалар жігіт пе ең сен;
Қайдасың!?
Нажағай боп жарқ ет жылдам!
Қайдасың, нажағай боп жарқ ет жылдам
Дұшпаның нешеу сенің бүгін қырған!?
Аптығып ақ даладан келген ең ғой
Атылған ақиықтай биік шыңнан.
Бұл соғыс оңай соғыс деп айта алман,
Жау бетін Чапаевша сан қайтарған
Жігіттер
Сайтандай бір жау оғынан
Қайтерсің,
Қаза тапты-ау сан майталман!
Соғыстың заңдарына көнеміз де,
Соғыспай үйде отырып өлер біз бе?
Жасап бізге не керек тіріміз деп,
Жасындай жауды ойнатып төбемізге.
Тіленіп майдан келген бұла қырдан,
Майданбек қыран ең ғой қасқыр қырған.
Қайдасың?
Бас сауғалар жігіт пе ең сен,
Қайдасың, нажағай боп жарқ ет жылдам
Дауыстап жіберген ед жыр тәңірім!
Жерлесін іздеп бұдан біраз бұрын
Тапты ақыр...
Жұрт қатары Майданбек те,
Оқ кезеп жатыр жауға алғы шепте.
Саусағын бір босатпай автоматтан,
Қарсы алдын жұрт атқанда бұ да атқан,
Айызы қанбай жатыр Майданбектің,
Қасқырдай соқпағасын малға шапқан.
Шүкірлік бергеніңе ұзын кірпік,
Дейді ол топырақ басқан басын сілкіп.
Көзіне елестейді қыр қасқыры,
Қай жерде жеміт барын жүрген тінтіп.
Соларды, тек соларды түс сұлатып,
Деуменен автоматтан оқ зулатып,
Окопта достарымен қатар жатып,
Ұят-ай
Жатыр көзін жұмып атып.
Бір кезде кірпіктерін ашып қалса,
Қос фриц жақын келіп қалыпты аңша.
Не сұмдық? Адам, ия екі-үш адам,..
«Адамды өлтіргенше,
Мына маған.
Кең дүние, келешегім болсын қараң»
Деп Майдан сәл аңырып қалған еді,
Достары қырқып түсті әлгілерді,
Өкіріп жатты адамға шапқан «арлан».
Сен неге атпадың деп Майданбекке,
Түйілді толас болған бір мезетте,
Майданбек маңдай терін жеңмен сүртіп,
«Кінәлі деді мынау ұзын кірпік,
Сол сәтте осы шіркін көзім жауып,
Ата алмай қалдым содан болды мүлтік.»
Достары өтірікке мырс етті де,
Жем саулап автоматты түлетті де
— Шыныңды айт, — деді оған жылы үнмен,
Жігітсің білекті де, жүректі де...
Майданбек жігіт еді аңқылдаған,
Ақ жаны адалымен жарқылдаған.
Қалтқысыз достарына айтты адалын,
Өлімге қимайтынын адам жанын!
Қанын жүктеп біреудің
Кісі өлтіріп кім көрген?
Ақ ниет адал тілеудің
Адамы ем жөн ғой ақ өлген!
Достары сақ-сақ күлді «балалыққа»
«Балалық па, жаңағың шалалық па?
Жан керек пе өзіңе? —
Не дегенің?
«Қан жүктегің келмейді?» —
Неге келдің?
Өлтірмесең ол сені өлтіреді,
Ездің ісін еттің де, ез боп өлдің?
Рас солай екен-ау! — дей бергенде,
Тарсыл-гүрсіл боп кетті көк те, жер де
Бұл жолы манағының көкесіндей,
Майдан қызды құтылмас тірі пенде.
Біреуді болар емес біреу біліп,
Сойқанын жасап жатыр соғыс бүлік.
Жаңбырдай жауған оқтар, снарядтар
Адамды аһ ұрғызып, жатыр қырып.
Осы ма ед тілегенің, уа, тіршілік!..
Қанды айқас, қаһар қимыл кетті ушығып,
Жүрегін қолмен басып ыңырсиды,
Қанға аунап жатқан қыршын жан тұншығып.
Ажалға
Айдаһарсып келген төніп
Біздің күш бекіністен төтеп беріп,
«Не елім, не өмір! — деп Отан үшін!»
Кеудеден соқты жаудың кесір күшін
Қатарын қақыратып оқпен сөгіп.
Жатып та, тұрып та атып окоптардан
Ілгері аттатпадық жауды өлермен,
Көбісі күйреп түсіп, азы жытты,
Бомбашы «қарақұстар» көктен төнген.
Окоптан оқ зулатып алғы шепте,
Жалын боп жанталасты Майданбек те,
Жайратқан жауы бар ма, жоқ па мейлі,
Өзі де ол арасын дәл білмейді,
Ширады әйтеуір бұл кереметте!
Көп оқтың бірі болып мұның да оғы,
Зулап-ақ ұшты емес пе, әрбір жолы.
«Оқтарым ұшты ма екен әлде текке,
Алқымын сықсам дейді жекпе-жекте» —
Қапыда қасқыр соққыш қату қолы.
Тойтарып жаудың бетін шегіндірген,
Біздің күш шабуылға енді кірген, —
Алға!
Жауға қарсы шап!
Мұрша берме!
Командирлер команда беріп бірге,
«Ура!» лап өзі бастап майдан кірген.
Окоптан атып тұрып Майданбек те
Манаты өкінішін жанып кекке
Қапысын қайратын жолбарыстай,
Ұмтылды,
Бар арманы:
Жекпе-жекке!
Санамай ұрынғанын ұтылғанға,
Ұқсайды қанды көз жау құтырғанға,
Өліспей берісуді намыс көріп,
Оқ бүркіп жанталасты ұмтылғанға.
Жаралы бопты Жансұлтан,
Жамбасынан қан саулап.
Қиналып жатыр қыршын жан,
Түсуге зар боп бір аунап.
Соған қарай жас Шолпан,
Жетті ұшып үкідей,
Бейнесі бейне жас шортан,
Өңі өрттегі түтіндей.
Сұлтанның көріп
Қарындас,
Аққан қанын жосылып,
Ыршыды көзден үрей жас,
Сұмдықтан мынау шошынып.
Tic қақпаған қыз бала,
«Бұ не сұмдық ғаламат?»
Өлімнен жанды қызғана,
Өксіді іштен мінажат!
Жаралы,
Топырақ, қан басқан.
Жансұлтан жатыр шаңырқап.
Жалма-жан жара таңбастан,
Шолпан тұр шошып жабырқап.
Су! — деп Сұлтан қақты ым,
Бар екен сулы құтысы.
«Тірлікке тән жақсы ырым,
Суды аз-маз жұтысы».
Саусақтары дірілдеп,
Қанын сүртіп мақтамен,
Қатыңқы ерні күбірлеп,
Шолпан түр таппай басқа ем?..
Қолында марля ақ бантик
Неге дереу таңбайды ?
Байлайын десе тез тартып,
Батылы неге бармайды?..
«Ауыртып алам» — аяныш,
Жан торғайын арбайды
Балапан жүрек, балаң қыз
Тану тұрсын жараны, —
Көзіне жасалады.
«Жетпей тұр ма шамаңыз?»
Жаралы жаутаң қағады.
Бұларды көріп қасына,
Бұрқана жетіп Кулагин
— Достығың ба, қасың ба!
Мұның не, Шолпан шырағым?» —
Танды да Сұлтан жарасын,
Жөнелтті өзі санбатқа,
«Болсаң шын жанашыр,
Қылыштай суырыл қынаптан,
Қантөгіс - майдан алапта!»
Соны айтып Захар Кулагин,
Еніп кетті ұрысқа; Шулатты
Шолпан құлағын
«Қынаптан қатал суырылған
Ұқсар бол шырақ, қылышқа!»
— Шолпан, Шолпан дегенге жалт қараса,
Майданбек арсалаңдап жас балаша,
Амандығын өзінің етіп мақтан,
Оқ атқанын айтпақ па, автоматтан!
Демек пе әлде, Шолпанжан, байқа, сақтан
Секундтай зырлаудағы Шолпан шырақ,
Аялдар минуты жоқ оған бірақ.
Аға... — деп жалт қараумен өте берді,
«Кім екен носылкада көтергені?»
Майданбек жүрегінде қалды сұрақ.
Шолпанға сәл кідірген сол шағында,
Ілгері кеткендерге
Ол тағы да
Тез жетпек,
Жүгіре басып жөнелді албырт...
Кездесті траншейге қас қағымда.
Ішіне траншейдің түссе қарғып,
Барыстай бұта ішінде тұрған андып;
Көк шинель, көк сауытты қарақшыны
Даланың қыран көзі қалды шалып.
Секундта мың жүгіргіш ой мен сезім,
Бұл сәтте енді қайдан етсін төзім!
Булыға «бол-бол қағып» Майданбекке:
«Алқымын сықсам деуші ең жекпе-жекте
Қимылда...
Бірақ өзің қапы кетпе!»
Майданбек өзіне анда берген сертін,
Осы жол орындамақ болып еркін,
Алқымын сықпақ болып оқ шығармай
Тап берді бөрі көрген жас қырандай. —
Сен ғой — деп салған бізге соғыс өртін!
«Шыға бергіш екенсің,
Қайда жүрсем алдымнан.
Қалт етсем қашып кетерсің,
Барысша ордан қарғыған.
Атой салған күндікке
Сен екенсің сұм өлім.
Жекпе-жек, қане, жет түпке!
Болмаса сенің өлгенің!
Сұлтанымды жаралап
Өлтірген сен ғой Ешімді.
Лағнет айтар жамағат,
Алмасам сенен өшімді.
Танытайын көкенді,
Мен емес жаны мазақтың,
Сасып қап ем бағана,
Келгеніме аз-ақ күн.
Жылқышы едім далада,
Осыдан біраз ай бұрын.
Сылқитқам талай қасқырды,
Астымда торы айғырым.
Ыза-кек бойда асқынды,
Тіленіп келдім алыстан,
Айтар болсам тап шынды,
Топ қасқырмен бір өзі
Ақ далада алысқан
Майданбек деген жігіт мен!
Құтылып көр енді сен!
Балтай-шалтай білмейтін,
Қазақ ұлы қазақпын.
Жатка басын имейтін,
Әдеті атам қазақтың!»
Тап берді жеке батырдай
Білмесе де жау сырын.
Қасқырша қарсы атылмай
Қашан тапқан жау тыным.
Өзі бір дәу неме екен еңгезердей?
Табаны тасқа қазық енгізердей
Тайсалмай тап берді ол
Майданбекті
Сықпақшы алқымынан сөзге келмей!
Арыстан бір-біріне тап бергендей,
Қырқысар қызыл жалын сәт келгендей.
Бірі өрт,
Өрт сөндірер бірі жаңбыр,
Сөндірем!
Сөндіртпеймін!
Екі тағдыр
Тыну жоқ бірі жеңіп, бірі өлмей.
Жұлқысқан жолбарысша түсті сынға,
Кешірім жасар титтей заң жоқ мұнда.
Өлтірмесең өлгенің —
Сезім құдірет
Бастарын сол бәйгеге тікті тура.
Судия траншейдің қос кемері,
Оған хақ бұл екеудің бірі өлері
Зарезап болған әбден траншейдің
Дегбірсіз дірілдейді еріндері.
Болса да әзір күмән кім жеңері.
Әрине, күрес емес цирктегі, —
Билет ап келер жұрттың еріккені,
Қан майдан қазулы орда алыс-жұлыс,
Жекпе-жек
Қасында жоқ серіктері.
Осал жау емес екен анау-дағы
Қан сиіп қара меңді танаулары
Гүрсілдеп жан ұшырып,
Аста жатып
Үстінен Майданбекті сан аударды.
Жүргенде бірін-бірі жұлқып-жығып
Кең әлем;
ай,
күн,
аспан,
бәрі ұмыт.
Кім үшін, әм не үшін мұнша айқас?
Дәл қазір естерінен кеткен шығып.
Өлтіру!
Тек өлтіру ессіз үміт!
Енді бір айқасқанда тізе бүкпей,
Майданбек мұрша бермей жауға титтей
«Әуп!» деп бір арқалап ап соқты жерге,
Алқымын сығып берді жеме-жемде.
Қышырлап саусақтары тістеуіктей.
Көзінде от па, қан ба, әлде тер ме,
Сүркілеп шала-шарпы дымқыл жеңге.
Майданбек
Алқын басып,
Әлін жиып
Алдағы жатағандау шықты дөңге.
Сөйтіп ол жатағандау шықса дөңге,
Қанды айқас қызу екен алғы белде
Оңтайлап автоматын
Ордан қарғып
Ұмтыла берді шайқас қызу жерге.
Алда айқас өлім-өмір тұр тағы да,
Кім кепіл я соры ма, я бағы ма?
Ұшқыр ой күннің алғаш сәулесіндей
Қарашы сап еткенін әуресінбей.
Тоғындай электрдің қас қағымда:
Өлтірген ауылдасым Ешімімді,
Көп екен жаңағының кесірлігі
Мықты екен, Гитлердің өзі шығар,
Айтпады айт десем де есіміңді.
Иә, сол Гитлердің өзі болар,
Соққы жеп солай өлер кезі болар.
Өлтіре жаздағанда өзімді ол,
«Майданбек жылқышы ең ғой, төзімді бол!»
Дедім де төтеп беріп бақтым мен де,
Дедім де: «елді көрмей өлгенім бе?»
Апыр-ай сол дырауды қалай жеңдім,
Дем берген қуаты ма туған елдің.
Кешірер командирге осыны айтсам,
Десе ол: Қайда жүрдің! Қайдан келдің?
«Адалы, кідірдім бе бостан босқа?
Кездесе кетті емес пе кекті шошқа.
Кетерсің оны қалай «жайғастырмай»,
Ол мені өлтірмей ме қапы соқсам.
Жүргенде қасқыр соғып неше ай бұрын,
Астымда тоқпақ жалды торы айғырым,
Алдыма адам салып көріп пе едім
Соғыстың білдім бе онда мұндайлығын,
Кешіктім - жауды өлтірдім, сол ма айыбым»?
Демекші ед командирге етіп баян,
Қанды айқас баяндауға берді ме аял!
Көтеріп шабуылға
өзі бастап,
Командир емес тіпті жанын аяр.
Болғанмен үміт үстем, канат жаяр,
Болған ба қан төгіспей жеңіс даяр?
Күштіні бұрынғыдан әм күшті етіп,
Әлсізге туды шайқас жүрек шаяр.
Шабуыл мен шегініс алма кезек,
Ажал жүр арасында қағып безек,
Алқынын да баспаған жекпе-жектен,
Майданбек
Түйдегінде қалың коппен
Өзін бір оқ өтпестің бірі сезед.
Айқаста мана үзілген түйме бауды,
Тап қазір сезу қайда омырауы,
Жүйткітіп торы айғырын ақ далада
Қуғандай құлшынулы қасқыр жауды.
Дұшпанға оқ зулатып автоматтан,
Достармен алға ұмтылып келе жатқан
Сәтінде
Он жақ санын кетті ұрып,
Жарықшақ жау зулатқан снарядтан.

ҮШІНШІ ТАРАУ
1
Орманның мүйісінен
Госпитальдан
Бір жаяу шыға сала аттап жардан
Алғы шеп қайдасың?—деп адымдайды
Майдансыз тар келгендей бүкіл жалған.
Аттайды соғыс сойып кеткен ордан, —
Ашулы арыстандай шыққан тордан.
Жағасын шинелінің ашып тастап,
Жалт та жұлт көз алмайды оң мен солдан.
Қыл құйрық кірпіктерін тіктеп тұрып,
Жанарын мол-мол ашып сол бір жігіт
Батыс жақ көкжиекке көз қадайды,
Көрмеген жерлерімен бұрын жүріп.
Басшы, бас! — деп жүрегі аяғына,
Жігіттің риза еместей аяңына.
Даланы дүсірлетіп торы айғырмен,
Қасқырдың, ұмтылғандай саяғына,
Ұмтылар күн қайда оған баяғыдай.
Қолында жоқ болса да компасы да,
Сенеді ол жөнім жоқ деп адасуға!
Шынтақтас оқ атысқан достарына
Қосылып
Шайқасқа енбек қанды асуда.
Түн сырғып,
Тан, атқанда алаң-елең,
Тағы бір ойпаттардан асып белең.
Батысқа сылтып басып бара жатқан
Жансебіл сол жігітті тағы көрем.
Не бары аркасында азық қапшық
Бүл жолда өзіне тек өзі бастық.
Жарылмай орда жатқан гранатты,
Көрді де қапшығына салды қақшып.
Асқанда ойран ботқа бір төбеден
Көзіне елестеді достары өрен.
Өткізген өзі бірге шайқастарды
Келеді хикая етіп жігіт берен.
«Жігіттер, шіркін біздің қандай өрен,
Жеңсең жеңіп,
Өлсең ол соларменен!
Командир Кулагин ше?
Кулагин бе?
Мен оны Чапаевтың өзі дер ем!
Енгенде
Шабуылға ол бастап берген,
Есіңнен шығып кетер елім деген.
Сырбаздар бар екен ғой сырлы терең,
Шайқассыз шайқы өмірде көрінбеген».
Деп ойлап күбірлейді еріндері,
Белбеуін кайта тартып беліндегі,
Орманнан жаңа бұтақ сындырып ап,
Жол менде, жолсызбенде басты ілгері.
Сөйтіп ол
Басқан сайын және ілгері,
Қайда екен өз полкім? — боп бар тілегі
Полкінің қайдасың дәл білмесе де,
Соғады табамын деп ет жүрегі.
Осы бір жүрегінің сырын құптап,
Қос ерні күлімдеді, күбірледі.
Басқа бір шақырса да генералдар
Шайқаста канат қаққан өз ұям бар.
Өлсек те, тірілсек те сертке берік,
Қайдасың қайран достар, жанқиярлар.
Қайдасың сенімді дос, серіктерім,
Сендерсіз шайқас бетін көріп пе едім,
Табамын!
Табанымнан таусылсам да
Сендерсіз тірлігіме сеніп пе едім.
Қайдасың,
Уа, өз полкім,
Өз ротам?
Сендерсің туған үйім, туған Отан!
Алғашқы қанды айқасқа сенде кіргем,
Едім-ау онда бейне тайраң бота!
Туған жер,
Туған ауыл жырақтағы,
Ұмыттың деме бізді бұл жақтағы.
Қарулас, қандастарым, кіндіктесім,
Тағдырлас қылыштай бір қынаптағы.
Достар-ау,
Кіргенше қатарыңа тайраң едім,
Ал сендер, көк құрыштай қайрап едің,
Сондада
Адам қанын көргенде алғаш
Япыр-ай, бұл не бүл? — деп қайран едім
Біреуді өлтіргенше қанын жүктеп,
Өзім-ақ өлейін, — деп байлап едім.
Сөйтсем ол, сонау аңғал дәурен екен,
Өлтірмесең өлтірер жау бар екен.
Өзіңді қанға аунатқың келмесе егер,
Сен емес,
Дұшпан қанға аунар екен.
Өмірі Отан екен Әр солдаттың.
Солдаты екем сол бір ақиқаттың
Құрмет не бұдан артық ер жігітке, -
Күш құйған көкірегіме достар таптым.
Үйреткен маған осы жарқын заңды,
Қайдасың қаһармандар жауға ызбарлы?
Көк тасты жарып шыққан көк емендей,
Көзіме көрсетсеңші бір бұтаңды!
Естуім тұрғандарың «пәлен» биік,
Үйірін іздеген
Мен
Ақсақ киік.
Табамын!
Таппай тыным көре алмаспын,
Табаным таусылғанша өкшем күйіп.
Шыққалы госпитальдан күн-түн бойы,
Алқынтып Майданбекті осынау ойы
Келеді сылти басып керзі етікпен,
Келеді ысып-суып тұлабойы.
Сан шайқас болып өткен «күл» түздерде,
Жолмен де, сүрлеумен де, жолсызбен де,
Жападан-жалғыз езі келе жатып,
Мырс еткен несі мұның бір кездерде.
Сезім-ай, дыз еткізбей қоймайтұғын,
Күйдіріп, сүйдіруге тоймайтұғын.
Адамда сенен алғыр не бар екен,
Кейде от боп, кейде нұр боп ойнайтұғын.
Ақылдан, санадан да ұшқырлығың,
Жаз етер сары аязды қыстың күнін
Өмірде сен сездірген, сен бездірген,
Сырым ғой
Жан күйіне әр ұшқынын.
Ұшқырсың электрдің тоғынан да,
Ұшқырсың нажағайдың оғынан да,
Ұшқырсың күннің тұңғыш сәулесіндей,
Ұшқырсың көз шалдырмас торығанға.
Сен барсың қорқақта да, батырда да,
Бересің
Ескеде азық,
Ақылға да,
Сен барсын, сенсіз тірлік иесі жоқ,
Құдіретісің, құйын мінез ақынға да.
Ұйтқысы ақылдыңда, қиялдың да,
Жеңсең шат,
Жеңілгенде ұялдың да
Екеуі бір өзің де кереметсің,
Ендеше Майданбекке не демексің?!
Арманы
Жету,
Жету өз полкіне,
Кеудесін анда-санда бір желпіне
Жабырқау,
Жаяу
Шаршап келе жатып,
Күлімдеп жіберді ол, бір серпіле!
От беріп ес-тұсына мөлдір сезім,
Шырадай жайнатты оның жүдеу көзін.
— Таяуда госпитальда жатқанында,
Ән салған жаралы ең ғой сеніңде өзің.
— Мен бе?
Жоқ, оныңыз болар жалған!
— Сенсің! Сен!
Ұят болар онан танған.
Есіңе түсір, достым!
— Түсті есіме,
Өзіңсің сол концертке мені апарған.
Осылай мойындасып сезім мен ес,
Келісті кепке бармай зілсіз егес.
Баруға жарағандар сол концертке,
Барғаны рас,
Барған тек бұл ғана емес.
Қайран ел -
Қамқор ана ақ сүт берген,
Ұлдарын
Ән-күй болып іздеп келген,
Жаралы жауынгерлер жанын емдеп
Желпиді көкіректі ыстық деммен.
Жіберген сағынышын, сауығын да,
Солдаттар алғыс айтып ауылына,
Біріне-бірі қарап күлімдейді,
Тербеліп нәзік жырға, дауыл жырға.
«Гәккуді» қайта айтқызып, кайта сұрап,
Біреулер отыр дерсің, әрең шыдап,
Күләш та аққу үнін аямады,
«Гәккулеп» сыңқылдады бұлбұл ырғақ.
Қалибек болған кезде «қыз ұзатып»,
Жүсіпбек «Жай қоңырын» мамырлатып,
Жай бастап,
Жайлы үнмен бір тербеп тастап,
«Ардаққа» басты дерсің аңыратып.
Ескендей бейіш самал бір төтеннен,
Адам жоқ қыбыр еткен, не жөтелген;
Мешітте мүлги қалған сопылардай,
Сәт еді жүрек елтіп, ырғақ жеңген.
Қан майдан басталғалы екі-үш жылда,
Жігіттер соққыласып жатса мұнда,
Қатулы ер қимылын, ел қимылын
Тылда да қосқан екен ән-күй жырға.
Концертте тыңдап сол бір жаңаларды,
Көргендей елдегі іні, ағаларды,
Қунақшып, қуанысып қалды бәрі,
Әкелген ел сәлемін казак әні
Жазғандай сылап-сипап жараларды.
Қараңыз!
Сол бір концерт бітер шақта,
Манадан отырғандай шыдап шаққа
Майданбек от тигендей атып тұрып
— Жүсеке, домбыраңа рұқсат па!?
— Рұқсат!
Деді майда үн әнші аға.
— Майданбек пе, ей?
— Майданбек!
— Әнең қара?!
— Ұят қой...
— Мүмкін бұ да әнші шығар?!
Арқаның жігіті ғой әнге құмар,
Өссе де жылқы бағып айдалада.
Тәрізді қызған темір оттан шыққан,
Жоқ оның ешкімнен де жүзі ыққан
Жалынын шашыратып көз шоғының
Жарқ етті ол жасылындай жай оғының.
Қапсағай қара торы ұзын жігіт,
Жүрісі, тұрысымен бір күлдіріп,
Достарын қашан болсын мәз етуші ед...
Еркін түр олардың сол сырын біліп.
Тек қана жанағы әнші, күйші топтан,
Жүрегі именгендей,
Аз-кем тоқтап,
Көзіне елестеді торы айғыры,
Бәйгеге қосатыны үкі шоқтап.
Есіне ап дереу сәтте ән сал маған,
Аулардай алтын балық
Ой қармағын
Сүңгітіп көкірегіне
Қайта тартып
«Әп!» - деді шығарардай топ жарған үн.
— Қайтып бер домбырасын ірі әншінің!
Қойсаңшы, ұят болар, өй әншілім.
Дегеннің біріне де құлақ аспай,
Майданбек кідірмеді әнге баспай.
Тыңдай ма, Жоқ па,
Жұртпен жұмысы жоқ,
Айтушы,тыңдаушы да бір өзі боп
Елсізде, ен далада шырқағандай
Заулатты ытқытқандай пулемет оқ.
Шырқады «шуу!» дегенде «Қарғамауды»,
Елестеп көк жайлауда қалған аулы.
Әннің де, даусының да нақыштарын
«Әнші» еді ол әдет еткен талғамауды.
Тапқандай басы қатты арғымаққа,
Даусынан ырық кеткен кейбір шақта.
Достары ду күледі, әзілдейді;
«Мынаны жуытпаңдар, қыздар жаққа».
— Ә, сендер ұнатпасаң қыздың жайын,
Айтайын Мұстапаның «Бүркітбайын» -
Деді де, ұзын жігіт «әуп!» деп алып,
— Ал тыңда, «Бүркітбайды» мен салайын.
«Бүркітбай әкем аты, Мұстапа атым,
Солдатпын, жылқышы еді, арғы затым.
Ішінде бір полктың жай атқышпын
Құртпақшы Гитлерді әм жұрағатын.
Бауырында Баянауыл жылқым жатыр,
Астында торы айғыр мен бір батыр,
Қырық қасқыр, отыз бері бірдей соғып,
Боранға той жасаттым ұлан-асыр.
ей-ей, ей!»
— Ә-уу-ей!
— Мынау ерің не дейді!
— Қалай, қалай соғады?!
— Дауысының өзі аумаған
Ақ даланың бораны.
— Батыр-ақ екен, беу - беу - де,
— Оққа да көнбес бұл кеуде.
Снарядқа қоң еті,
Жарапты ғой бір жеуге.
Сезсе де әзілді де, қалжыңды да,
Қырандай канат қаққан карлы шыңға,
Құласам шығады-ау деп күлпаршам бір,
Ойлаған жігіт емес талай сында.
Қысылып, қымсынуды білер емес,
Үйіріп алғандай-ақ жұртты ырқына.
Мені әнші деп пе едіңдер, Жүсіпбектей,
Күлдіңдер әнімді бос тентіретпей.
Рақмет, соларыңның әзіне де,
Үн-түнсіз көжек құсап інге бүкпей.
Жараса күлдіруге сөзім-әнім,
Сақтандар жүрегіңе шашпай-төкпей.
Деп жауап берді де ол мойымады,
Сарқылып бітпесе де ойындағы
— Ендеше сен айта ғой, мә домбыра,
Әніңді үйленетін тойындағы.
Ұсынды домбырасын бір досына,
Жан еді ол әзілшілдің бірі осында.
Көрмеген «әу» деп, ән сап жігіт екен,
Үркек үн топ алдына жоласын ба?
Майданбек келе жатып жалғыз өзі,
Жүгіртсе төңірекке жүрек көзін.
Айнала жау шапқан жер... өрт, күл, көмір
Қор болды-ау дейді ішінен небір өмір.
Сорайып пештерінің мойны қалған,
Үйінді кірпіш, топырақ дуалдардан.
Отқа үйіткен қой жүніндей қоңсық иіс,
Орманнан арылмапты өртке жанған.
Қайран ел
Кеше босқан,
Бүгін қайтып,
Келеді қанды жауға лағнет айтып.
Арыған жүдеу жандар аш-жалаңаш,
Өлімге имегендер сондада бас.
Гүрс етіп әлгінде бір түскен бомба,
Айналтып түскен жерін кетіпті орға.
Тік мүйіз, тарғыл мүйіз сұлап түсіп,
Алады жан тәсілім, демін зорға.
Талықсып бомба-ауадан жатқан сиыр,
Жер,аспан шырқ айналып үйір-үйір
Ғайып боп көз ұшынан сөне берді,
Жас қатып кірпігінде бірер түйір.
Төрт емшек
Мал болса да
Ене емшегі,
Ақ сүтін бұзау қана мол емсе еді!
Тірлігін қимай жатқан сорлыны аяп,
Денесін ақтық рет жер теңседі.
Жер ана тербеткенде сол денені,
Дегендей енді мені кім емеді?
Төрт емшек кемсең қағып, сүт ағызып,
Ақ шимай көлкіп берді жер бедері.
Майданбек жігіт-ақ ед қажырлы жас,
Ақ боран, сары аязбен болған сырлас.
Сұмдыққа мына көрген шыдай алмай,
Көзінен шығып кетті бір тамшы жас.
Ақ сүтті
Әм жалағалы төрт емшекті,
Сап етіп әлдеқайдан аш ит кепті,
Майданбек пилоткасын сүтке тосып,
Жаңағы келген итті басқа тепті.
Бұл сәтте ол айырмастай жерден көкті,
Бұлдырап нелер қилы сәттер өтті,
Ақ сүтке пилоткасын толтырып ап,
Жанағы қайтқан елді қуып кетті.
Қуып кетті,
Ұзамай барып жетті.
Барып жетті
Ілбиген соңғы шеткі
Төрт жетім
Жаяу тартқан арбада екен,
Тамшы нәр жүрек жалғар арманы екен,
Соларға ішкізді де жүріп кетті.
Бұдан сын тыным қайда солдат жанға?
Асығыс аяңынан жатыр таңба,
Тез жету алғы шепке арман бұлты,
Ұқсайды дауыл бұлтпен жалғасқанға.
Секірте сілтеп басып тал аяғын,
Бар ғой деп екеу түгіл «үш» аяғым.
Аптығып басады алға кекті солдат,
Бірде-бір бәсеңдетпей бар аяңын.
Шыққалы тізе бүгіп кідірместен,
Асты ол сылтып басып кей белестен.
Кешегі кешкі шаттық ән-күй үн сап,
Келеді шығара алмай концертті естен.
Ия, ол қызық еді-ау, түс пен өңдей
Мүмкін бұл өтер ме әлде енді көрмей?
Сондағы жауынгер бір ақын сөзі,
Келеді жүрегіне маза бермей.
Ол сонда не деп еді?
Не деп еді?
Есінде қапты мына бір өлеңі.
«Кім шыдар
Жер анаға қан тұнғанда,
Кім шыдар
Бұл кеудеде жан тұрғанда,
Фашизм қарғыс атқан қап-қара түн,
Жасау жоқ оған алтын таң тұрғанда.
Сене бер Отан ана,
Жан қияр ұл
Жарақты жау жолында мен тұрғанда:
Біз жеңбей бұл майданда кім жеңбекші,
Мұхиттай құдірет күш сен тұрғанда,
Доңызша өкірткеннен басқа не бар,
Мың сауап таптағанға жауды ұлтанға.
Жер ана,
Атам туған, анам туған
Мен сенің жалыныңмын өр тұлғаңда.
Айқаста арыстанның қайратын бер,
Жолбарыс жүрегіндей арлы ұлдарға.
Ақ жаным алмас қылыш болып сілтен,
Мейлі күн,
Мейлі кекте ай тұтылғанда,
Қойылсын аты «Жеңіс»
Біздің елде
Жеткенде жеңіс айы ұл туғанда,
Жебеушім әділеттің құдіреті бол,
Қас жауды қанға бояп ұмтыларда.
Тұрса егер кеудемде жан
Жаныштармын
Қас жауға қалтқы бермей құтыларға.
Мен кіммін?
Қаза тапсам басқалар бар...
Хақым жоқ парызымды ұмытарға.
Тоғындай электрдің қайнаған кек,
Хақым жоқ жалыныңды суытарға;
Ақ жеңіс, адал жеңіс сен біздіксің,
Ертең-ақ кездесеміз нұрлы таңда!
Осылай болмақтығы әлемге аян,
Байтақ ел,бақытты
Отан сен тұрғанда».
Деп еді-ау кеше кеште ақын жігіт,
Ақ соз ғой алаулаған серт пен үміт!
Осынау серт пен сенім жан үйіріп,
Келеді ол қиялмен жауды жеңіп,
Күрбеңдеп зат қапшығы аркасында,
Күн бата бір селенге жетті-ау келіп...
Жалғыз үй,
Селен дейміз бұрынғыша,
(Кім оны селен демес, сап-сау тұрса.)
Күл-көмір қирап қалған үйлер анау...
Мынау үй берік еді неткен мұнша?
Осы үй ғой селен атын сақтап тұрған,
Көзіңе шалынады сонау қырдан,
Қоңыржай қоныстағы, үйдің бірі ед...
Шұңқыр ор,
Төңірегі бомба ұрған.
Үй ме екен «жаббар ием» өзі салған,
Әйтпесе жалғыз қалай аман қалған?
Бір өзі бүкіл селен тұлғасындай,
Көзге ыстық,
Көңілге күш жаралы арман.
Осы үйді көрген бетте анадайдан
Шөліркеп келе жатқан шаршау
Майдан Іркілмей тартты соған сылти басып,
Ынтығы бір жұтым су (барлық байлам).
Селен ед
Сергелдең жау лаулап ұрған,
Майданбек беттеді үйге сонау тұрған,
Кезі еді батар күннің шапағының,
Жүзіндей ұстараның аударылған.
Бір жұтым!
Бір жұтым су жұтса егер,
Түнімен тарта бермек жүріс өнер.
Қапшығын кезек асып қос иыққа,
Таяғын тық-тық сілтеп
Жанға әл берер,
Су жұтса-ақ шаршаулыққа емес көнер.
— Кім бар ей?!
Бұл үйде адам жоқ па?
Бар ма?
Сеңсең шаш, семіп қатқан жадау бала
Қорқақтап, есік ашты ептеп қана.
Орманнан отын жиып әкелгелі
Анасы кеткен екен мұның мана.
Қоянның көжегіндей үрейленіп,
Келген жас
Қызыл жұлдыз мұны көріп
Құртымдай қуанышты жүрегімен
«Дядя» лап кұшағына кетті еніп.
— Ағасы, солдатпысыз?!
— Ия, бауырым,
Алыста жатса да өз туған ауылым;
Байтақ ел, Байтақ Отан туған жерім...
Отаймыз қан тырнағын озбыр жаудың.
Лып етпе қандай алғыр бала сезім,
Ұғысып кездерінен шындық сөзін,
Жас ұлан жас мөлдіреп көздерінде,
Солдатқа іні санап тұрды өзін.
Бұлардың сол бір ыстық минуттарын,
Қашаннан арман еді жыр етпегім...
Қарасып бір-біріне мейіріммен,
Ұғысты ауыр жылдың зейінімен.
Ақында,
Құдіретте
Ол сезімді
О тағдыр сенен басқа кімге енгізді.
Сен ғана куәгері сол минуттың,
Тіркеп қой книгаңа,сен,тез мұны.
Көзіне жас іркіліп бүртік-бүртік.
Тұрғанда ол сауыс жеңмен кезек сүртіп,
Кеп қалды үстеріне екеуінің,
Ойлы ана, ызбарлы жүз, жүдеу кірпік.
Майданбек:
«Бір кружка суық су,
Рұқсат болса бер ана».
Анада жоқ түс жылу...
Қатқыл үнмен деді «мә!»
Мұнша неге қатулы
Неткен адам, бүл ана!
«Болса суың сатулы
Қапшығымды ал мына» —
Демек боп солдат сезімі,
Күкіртіндей шырпының
«Дір» еткізіп төзімін...
Қалпын тапты өзінің.
Тіктесе қалса көздері,
Жаралы екі жолбарыс
От тұтатып көздері
Орғиды ортақ бір намыс.
Бір-бірің жүзінен
Солдат сыр тінтсе:
«Жауды жайпап
Құмардан
Шыққанша тірлік тірлік пе?
Не бітіріп жүрсіңдер
Тездетпей бізге сол күнді?»
Деген жазу ананың
Көзінде тұр соғұрлы!
Жігіт көзін тайсалтып,
Кружка суды жұтты да;
Рақметін тез айтып,
«Қош!» деді тысқа шықты да.
— Түнде қайда барасың, —
Деді де ана түйіліп,
Тәрізді туған баласы.
«Қон»деп берді бұйрық.
Ойлана қалған әскерге
Қатал жүзбен тақала,
Шинеліңді іл бұл жерге,
«Кетемін»ді атама!
Сүрт етігің табанын,
Жаның бар ма, өлік пе ең?
Қатулы үні ананың
Сөзі емес жанның еріккен.
Екі еттірмей әмірін,
Шығып кетті далаға.
Майданбекте жоқ әлі үн,
Аң-таң жұмбақ анаға.
Кәрі де емес, жас та емес,
Тозыңқы кескін кексе ана,
Өзінен басқа Жалаңтөс,
Сеңсең шаш әлгі жас бала.
Қолдан қолға көп көшкен,
Селен ғой бүл қан көбік.
Не ғажап? «кімсің?» деместен,
«Қон!» деді неге зілденіп.
Басқа жан жоқ, өздері
Неткен жандар екі-ақ бас,
Қалай-қалай сөздері
Қанжар сынды майырылмас?
«Дейсің бе керек ақ алмас!»
Суырып ап бала төсектен
Жүгіріп келді жалаң бас,
Мұның да мүлде сөзі өктем.
Суық қанжар жүзіне,
Сұқтана бұл бір қарап;
Балаға емес, Өзіне;
Айтам ба... сыр бар бір«ғажап!»
Солайша-ақ болсын... солай – ақ
Бір әйел не тындырар?
Жау етіп бізге кетпесе
«Хенди-хох»таған құрғырлар!
Дос деуге, қас деуге де келмей жуық,
Солдатты отырғанда қилы ой буып
Зілді ана тасып болып отын-суын,
Сол қалпы әлі де сол түсі суық.
Картошка тазалады қолын жуып,
Қапсағай қара таба сабы сынық,
Қайқайған темір қасық сабы мүжік,
Түбінен шатынаған қос тарелка,
Ас-сулық бұл үйдегі бар қалған мүлік.
Бірін де осылардың олқы көрмей,
Ана жүр ас дайындап түк сыр бермей.
Мүлік не?
Қанша қыршын қырғын болды...
Қанша арман опат болды түгелденбей.
Кешегі сән-сәулетті селен қайда?
Кештерде гармоньдатқан өлең қайда?
Ақылгөй қариялар, сырлас достар,
Жатырсың топырақ боп қандай сайда?
Ұшқыр ой, ұтқыр әзіл, күлкі қайда?
Селеннің шалқар байлық мүлкі қайда?!
Әйнектері күнменен шағылысқан,
Қаз-қатар үйлер қайда, жылқы қайда?
Теңіздей толқын атқан егін қайда,
Тау қырман астық үйген белім қайда?
Неке той, шілдехана,cayық қайда?!
Әншіпаз, алтын айдар тауық қайда?
Зұлмат осылардың бәрін жойған,
Ордалар op боп жатыр бомба ойған.
Ышқынып жіберді іштен ана жаны,
Өзегі тілкемделіп улы ойдан.
Әр талы бейне найза оқты кірпік,
Көз жасын көлеңкелеп тұрғанда іркіп,
Солдатқа білдірмеске қайран ана,
Сырт қарап,
Сыр берместен қойды сүртіп.
Құйылған мүсіндей боп көк құрыштан,
Адам да болады екен осынша ұстам!
Неткен кең көкірегінің кек жиегі,
Шегіне жете алмастай ұшқан күс та.
Құртымдай жүрегіне бәрі сыйған,
Ана ғой бәрін туған, бәрін жиған,
Айналып күл, кемірге жатқанда ел,
Айырылған тәрізді бой ақыл-мидан.
Бұрынғы әңгімешіл қалпын тиған!
Салғандай жүрегіне қара құлып,
Бұл күйде құдіреті жоқ тастар жұлып,
Бомбасы қасіретінің жатыр іште,
Үн-түнсіз қоймасына қойған тығып.
— Кімсің деп те, Қалайша жүрсің деп те,
Бір ауыз тіл қатпастан Майданбекке,
Әзірлеп барлы-жоқты кешкі асын,
Білдірді ішіп-же деп ықыласын.
Қанады ұйқың ұзақ түн
Асықпай же!
Қорынба!
Мезгіліңді айт кететін,
Шығарып салам жолыңа.
Жауап берді жігіт тез,
Кетем деп таң біліне.
Өз ұлыңдай сыр мінез,
Ертіп кеп төргі үйіне.
Жат деп мына төр тұсқа,
Қатал үнмен бұйырды.
Сөйтті де өзі бұрышта
Сүгіретке сиынды.
Төргі есікті жапты да,
Ана кетті тез шығып,
Жігіт ойға батты да,
«Уһ» деді, ауыр күрсініп.
Ауылдас құрбы-құрдасы,
Ойына от жақты да;
Елестей берді күллісі,
Естелік шамын жақты да.
Жайылып жатыр жылқысы,
Көк бұйра қырқа астында.
Торы айғырлы жылқышы,
Ұмтылды топ қасқырға.
Төсі мен жыртып ауаны,
Төсімен жыртып желді де,
Осы деп сенің зауалың
Бір қасқырды перді де.
Ұмтыла берді ілгері,
Тағы бірін көрді де.
Басқасын қуа жөнелді.
Әлгіні санап өлдіге.
Құртып сол топ қасқырды,
Құлпыртқан еді-ау даланы,
Мұндашы?
Айқас асқынды...
Боп қалды өзі жаралы.
Ер өлімі, еркегі,
Күйреген селен, күйікті ел,
Тірлік не бір мендегі...
Күрсініп жатыр туған жер.
Мен кім?
Жалқы шарана.
Тобымсыз кіммін?
Бір нөлмін.
Жылқышы болсам далада,
Бүгін ше?
Бүгін майдангермін.
Жаралы боппын азды-кем,
Жан бар ғой бірақ кеудемде.
Пәлсапаны аз білем,
Бар білерім ендігі,
Хақым жоқ Отан тірлігі
Жауынды сенің жеңбеуге!
Жаңағы ана неткен жан?
Зіл жатыр қандай үнінде?
Тезірек атса екен таң,
Жүрер ме жетіп түбіме?
Селен ғой неміс жайлаған,
Кім білсін, сеніп бола ма?
Тықыр не, анау о тоба,
Үйде ме әлде қорада?
Қондым ба әлде осында,
Басымды байлап өлімге.
Қасым ба, әлде досым ба,
Түсім бе, осым, өңім бе?
Балта даусы-ау қайраған,
Түн ішінде не етпек?
Қондырды ма екен айламен?
Төсегінен түсті ептеп.
Тықырсыз басып мысық па,
Есіктен барып қараса;
Қайрайды ана ақ балта
Қайрайды жанталаса.
Дір ете қалды жүрегі,
Жамандық кеп ойына,
Граната болды тірегі,
Бар қаруы бойында.
«Ете алмас жәукем бір өзі,
Болмаса басқа топтары».
Жыпылық атып көздері,
«Тәуекел!» болды тоқтамы.
Қайтадан барып төсекке,
Жатып қалды тағы да.
Ермеді ойы өсекке,
Сорына әлде бағына.
Ұйқы қайда
Ол ояу,
Келсе де жаяу қалжырап,
Естіледі үн баяу,
Есесі зілді, есті ырғақ.
Тарыла бермес жан-тыныс,
Бітер әлі-ақ қан майдан.
Кімге лайық бос жүріс,
Жатқанда ағып қан сайдан.
Жайлы ұйықта жас жігіт,
Күш тілер майдан ертеңгі,
Торғындай көріп, жатты нық,
Оқ жыртқан жамау көрпемді.
Қатулы болса қабағым,
Қаһары ол жауға ананың
Мен бір қаққан қазықпын,
Қазық боп солай қаламын.
Жауды жеңіп келсеңдер,
Жайраңдап қарсы аламын.
Жауға намыс берсеңдер
Мынау қара пышақты
Сендерге де саламын.
Өзіме де саламын.
Қатулысың қабағым,
Осылай түсін ананың!
Қатулысы қабағым
Қатулы жүрек жараның!
Дейді ана зілді үн,
Кір шайқап кетік легенге.
Таң қайда, таң!
Әлі түн
Мәңгіге кірпік ілген бе?
Іле алмас мәңгі кірпігін,
Шығады шырқап алтын күн.
Оянып кетіп бүлдіршін
«Мама!» деп қалды бір дүркін.
Ұйықта! –деді анасы,
Былай деді баласы:
«Білесің бе мама, сен,
Оның аты Майданбек.
Сен жоқта мана сұрап ем,
Келесің, дядя, қайдан?» - деп.
«Болып ауыр жаралы
Госпитальда жатып ем.
Полкымды іздеп барамын
Майданда маған ақырғы ем».
Деді маған, шын айтам,
Нанбайсың ба? —
Нанамын.
Болды енді жат та ұйықта.
Мен де дамыл аламын.
Қажып жүрген қатал жан –
Қор етті ана жатысымен,
Ояу жатқан манадан
Майданбек тартты ащы дем.
Ащы дем тартып ішіне,
Аунап түсіп қырынан
«Осыным не, түсім бе?
Көжекпін бе, бұғынған?
Ұқтың ба ана жүрегін,
Көрдің бе жүзін ызбарлы?
Ұқтын ба үнсіз тілегін,
Жеңістен күткен тірегін».
Ендеше, ей, Майданбек,
Бұл жатуың қай жату?
Жүзін көріп ананың
Өлім ғой енді тіл қату.
Майданбек ана сырын жанмен ұғып,
Мысықша майда басып кетті шығып...
Сол үйге тастап кетті таяғын да,
Ар оты күш құйғандай аяғына.
Барады ол полкын іздеп жан ұшырып!

ТӨРТІНШІ ТАРАУ
1
Елемей отты оқты иық қаққан,
Кездесіп бір штабқа, бір штабтан;
Өзеуреп өз бөлімін сұрай-сұрай,
Көздері-ай оның сылтып келе жатқан.
Ойылып май табаны, өкше жара,
Сұп-сұр боп отыра қап бір араға;
Су жұтып қапшығынан нан үзіп жеп,
Ілгері ұмтылады іле-шала.
Ілгері ұмтылады аз дәрменмен,
Не құдірет сонда оған сонша әл берген?
Айқасқа алғаш тұсау кескен белім
Болғанда бұл көгершін, сол дән берген.
Ұмытар оны қалай казак жігіт!?
Өтелер ме екен мұнша азапты үміт!
Алыстан жаулар атқан снарядтар,
Келеді солдат жанын ыза қылып.
Дейміз-ау, ыза қылып,
Кім біледі,
Жалқы оқ,
Я жарқыншақ өлтіреді.
Қатерді үмітпенен жеңген көңіл,
Алдыңа түрлі сурет келтіреді.
Қызық-ау кей адамда мінез деген,
Несі екен таптырмасты мұнша іздеген?
Мұндай да болады екен бір бет адам,
Үмітін құс жолындай бір үзбеген?
— Ей солдат,
Әуре болма,
Осында қал!
Қайда да шайқас жайы бір ахуал.
— Рақмет!
Қала алмаймын,
Кешіріңіз!
Шайқассыз жоғын білем «кәсібіміз»
Жан емен достарымды таппай тынар...
Оларсыз көзім жалғыз, қолым сыңар.
— Командир болмақпысың бөлімінде?
Сіздерге мен сондай жан көріндім бе?!
Ақ дала, ақ боранда жылқы баққам...
Мансапқа жоқ жігітпін өмірімде!
Болмаған бабам казак баққа құмар,
Мен соның ұрпағымын сертте тұрар?
Сертім бар анты бірге жолдастарға,
Соларды таппай жаным қалай шыдар!
Қимаймын командирім
Кулагинді,
Дәл ондай
Ұлы ел ғана туар ұлды!
Аумайды ол Чапаев пен Панфиловтан,
Шайқаста жауға ұттырмас мұратыңды!
Мен соның қатардағы жауынгері,
Бізде қал деулеріңіз ауыр! деді.
Соны айтып жүріп беріп отырды ол,
Ісі жоқ күн жауын ба, дауыл ма еді?
Жібегін іздеп жүрген Төлегендей,
Кездескен бөлімдерге бір бөгелмей,
Азапқа салып сонша өз өмірін,
Ақыры тапты-ау, қайран өз бөлімін,
Кемерсіз тоқтау білмес ақ кемедей.

2
Шаршауы,
Шалдығуы
Шығып естен
Майданбек басқа ешкімге тілдеспестен
Штабқа
Кулагиннің барды өзіне,
Кіндіктес ағасындай бауырында өскен.
Үн-түнсіз тұра қалды ол кінәлідай,
— Жараланбас бол, бауырым, бұдан былай! –
Деп Кулагин әзілдеп қарсы алды оны,
Карсы алмас «кінәліні» әке мұндай.
Тез шолып өңі-түсін, үсті-басын
Жіберді
— Жуын! Іш! — деп түскі асын.
Киімін жаңарттырып жауынгерлік
Жасады әкелік жан ықыласын.
Емшінің ең емшісі көңілде екен,
Көңіл күй сен сыйлайтын өңірде екен
Сылтымай нық-нық басып шыға келді ол,
Кулагин алды сондай өмір екен.
Тәрізді көңілі енді көкке өрлеген,
Күніндей
Жай жорытып
Тау бөктерлеген
Майданбек
Жайсаң басып келді взводқа
Жандай-ақ түк қиындық өткермеген.
Майданбек!
Майданбек! — деп қуанысқан.
Қарулас достар даусы,
Ду жарысқан
Бәйгенің бестілері дүбіріндей,
Естілді кейі жақын, кейі алыстан.
Өмірде нағыз достың — майдан жолдас,
Еш достық, ол достыққа теңеу болмас.
Қанмен бірге қайнасқан сол бір достық
«Опат» болса өмірі орны толмас,
Ар ортақ,
Арман ортақ,
Жеңіс ортақ
Достыққа
Опасыздық етсе қорқақ
Лағнет!
Атта таста!
Қалсын малғұн
Тәрізді арам өлген бұзау-торпақ.
Жолына
Адал достық жанын қияр,
Семсердей сертке берік бар ғой ұлдар!
Сен қуансаң қуанып құлыншақтай,
Ренжісең ренжіп күлкі тияр.
Майданбек жігіт еді мінезі өктем
Адал дос екеніне көзі жеткен
Қарулас достары оны бағалайтын,
Қайтпайтын ақ семсердей асыл серттен.
Шайқаста қан боянған жауынгерді,
Достары, енді міне, тірі көрді.
Сүйіп те, жауырыннан қаққандар да:
— Ей, шын, өзіңбісің - ей, ей! — дей берді.
Майданбек бұл құрметке татыр жігіт,
Мәймөңке жаның емес,
Батыр жігіт!
Қилы-қилы айқаста арыстандай,
Жайда да жарқын мінез, батыр жігіт.
Ол келді
Достар көңілі ұшан-думан.
Сезінді ол өзін,
Бейне,
Қайта туған!
— Беу шіркін, өз ротам, өз взводым
Лағнет жау оғына сенен «қуған».
Дейді оның жүрегінің үнсіз сыры
— Сезді қой!
Қайта оралдың қалып тірі.
Жылқыңды қайта бағып шәуіттейсің,
Қайтқансың жауды жеңіп келер жылы.
Қиялмен
Қамшы ұстап бүлдіргелі,
Майданбек
Отырған жоқ бүлдіргелі.
«Қайтамыз
Жауды жеңіп бүрсігүні», -
Деді ол достарын бір күлдіргелі.
— Көрерміз олай болса өнеріңді!
Достары дуылдасып өре күлді.
Бұлардың сол күлкісін сәтте қоштап,
От күлді,
Орман күлді,
Төбе күлді!!!

БЕСІНШІ ТАРАУ
1
Майданбек госпитальда жатқан тұста
Болыпты сан шайқастар, қанды ұрыстар.
Сотқар жау сойқанды оқпен атқылауда,
Қанға аунап домалапты ұшқан құс та.
Орыстың қарт қаласы Невель үшін,
Ызалы ердің күші, елдің күші
Орасан орғыласқан қырғын бопты...
Күйрепті жаудың сонда күрек тісі.
Сол шайқас түскен жоқ-ты бізге де оңай
Куәгер,
Қала,
Селен,
Орман,тоғай.
Куәгер
Қарабай қол,
Күрсінеді ол,
Көк құрақ қамысынан болған жұрдай.
Мен дағы бастан кештім соғыс жайын,
Кімге де болмақ емес жеңіс дайын.
Қымбатқа түсті сонда аттам жерлер,
Қалайша ұмытармыз, оны ағайын.
Сондағы
Әр квартал,
Әрбір үйлер —
Қан майдан я түйрелер, яки түйрер.
Я өлу, я өлтіру соғыс заңы,
Солдаттың сол заң ғана жанын билер.
Боласың онда өзіңді ұмытқандай,
Түйрейсің «мені өлтір» деп тұрып қалмай,
Сөнбейді қарсыластың жан жалыны
Қастасқан қарсыласын қырып салмай.
Жан мұрынның үстінде соғыс бопты,
Жатыпты жайратысып оқтар оқты
Нажағайлар шатырлап шайқасқандай,
Бомбалар тал қандапты дотты, дзотты.
Қымбатқа түсті сонда сол бір жеңіс,
Ойсырар осал жау ма сойқан неміс?
Бізден де адам шығын аз болған жоқ,
Дән күл боп,
Қала қирап,
Сынды рельс.
Атыңнан айналайын Қазақстан!
Батыр ұл өсіріп ең баба тұстан.
Семсердей сертке берік ер туып ең,
Өлсе де келтірмейтін арға нұқсан.
Москва түбінде де Әм мұнда да
Сүйсінттің жауды қырған ер тұлғаңа!
Есімің ерлік болып «қазақ» деген,
Гитлер жүрегіне түсті жара.
Келеді көз алдыңа мың-мың жылдар,
Куәгер сол жылдарға мың-мың шың бар.
Казак қазақ болғалы
Аспандай кең
Жеріндей ұлан-байтақ жатқан сыр бар.
Шың түгіл төмпешіктер соны айтады,
Кер жайлау, керуен өмір соны айтады
Батыстың барлық жері кеңдігіндей
Кең өлкем айтпағанда кім айтады?!
Бұл жерге сұқты көздер қадалғанда
Бабалар басын тігіп ар-арманға,
Ант беріп бір тізерлеп қонысына,
Қасқая қарсы шапқан арландарға!
Намыскер,
Батыр туған
Қайран бабам,
Алғандай құдірет күш кең даладан
«Аттам жер аламанға алдырғанша,
Күн көзін көру бізге болсын адам.
Туған жер,
Ақ сүтке антым берік
Сенде өстім
Сенде туып, өмір көріп
Ақ тәнім төмпешігің бірі болсын,
Сен үшін жау қолынан кетсем өліп».
Депті де
Батыр бабам Олжабайлар
Ат үсті садақ тартып, сілтеп найза
Қол бастап,
Қонысына қорған бопты...
Ант беріп, тауларда шың, көктегі айға!
Қазақтың кең даласы сондай дала,
Шытырман шежірелі кәрі дана,
Қайтсе де жау тұмсығын сұқтырмаған
Ұрпағы бабалардың ез бола ма?!
Невельге неміс бекем жайғасыпты,
Оқтап топ қылыштарын қайрасыпты.
Айқаста қарсы атысқан снарядтар
Соқтығып найзағайдай шайнасыпты.
Сондағы соғыс деген ерен бопты,
Атылған
жұлдыздан көп
Сол күнгі оқты,
Бомбаны
Снарядты есептерлік
Есеп-шот ол күнгіше туған жоқ-ты.
Бүл тарих, жасар болса елді-күнді
Достар-ау ұмытар ма ерлігіңді
Батыр қыз Мәншүк пен Ыбырайымды,
Сақтайды жұлдыз етіп ел тірлігі!
Қарулас достар кешкі от басында,
Сөзге сөз өрт отындай жалғастыра,
Хикая етті өткен соғыс жайын,
Кек алмай ақ алмасты салмас қынға!
Майданбек осы жайдың тыңдап бәрін,
Бірде мұз, көкірегі бірде жалын.
Қуаныш пен күйініш қарпысқандай,
Дел-сал боп қалды отырып кеңілі жарым.
Қуанышы —
Жау бұлтын түргендері.
Невельге қызыл туды ілгендері,
Өзеуреп оз бөлімін іздеп тауып,
Штабқа Кулагинге кіргендегі
Ыстық сәт, ыстық бақыт кайта оралған
Жүзінің басылмастай күлімдеуі!
Ал енді күйініші шайқаста сол,
Өзінің бола алмауы бак па, я сор,
Қарулас достарына жаутаңдайды,
Солдаттай кешірімсіз кінәсі мол.
Жігіттер «қой, оны» деп жұбатады,
Ертең де таң атады, күн батады.
Ертең де ер қимылдар шайқастар бар,
Жауды сен, не жау сені сұлатады.
Көрерміз әуселеңді сонда сенің?
От басы батырсыма, Майданбегім!
Деп күліп әзілдейді шыны аралас,
Кептіріп от лебіне майдан терін.
Майданбек аға көріп Ыбырайды,
Таныған Ыбырай деп бір «құдайды»
Жайратқан үш жүз жауды мерген еді ол...
Айырылу сондай ерден неткен қайғы?
Мәншүк ше?
Қарақат көз сый қарындас,
Дембелше шымыр дене, келтелеу шаш,
Үстіңгі ерні ұшында мәңгі күлкі,
Өмірге ризалығын ететін паш.
Ағалап туыстарын, қаруласын,
Тұратын
Қайда енді сол қарындасым!?
Өлімге қимай жаны Майданбектің
Білдіртпей сүртті көзден тамшы жасын.
Бір жауынгер:
Деп білсең жылқыңда емес, ұрыстамын,
Емес ол сенің ғана туысқаның!
Қарулас досымыз ол бәріміздің,
Кегі үш ін ойла онан да ұрыс қамын!
Екінші жауынгер:
Деп жүрсек сені достым қайраты ірі,
Күйрек қой, жылауық қой мына түрің?
Майданбек:
Жоқ, достар, олай деме мен де адаммын,
Сезімсіз жан болған ба жаны сірі?!
Қимаймын екеуін де өлді деуге,
Қос шырақ мәңгілікке сөнді деуге?
Кегі үшін екеуінің ертеңгі оғым,
Атылмақ қарысқанша екі қолым.

2
Шайқаста қалмаса да түгел күйреп,
Бөлімнің шыққан еді тобы сиреп,
Команда «демалысқа» бұйрық беріп,
Қатарын толықтырып жатыр түйдек.
Майданбек жеткен еді сондай кезде,
Сараңы-ай Кулагиннің сөйлер сөзге.
Бар ойы, бар арманы алдағы айқас
Мейлің сез, жауынгерлер мейлің сезбе!
Білеміз жауынгер де есті халық...
Ол сырын командирдің іштей танып,
Сонысының өзіне сүйсінеді,
Әр жүрек көкірегіне алау жағып.
Жігерлі,
Әрі ойлы
Әрі ыс пар
Командир —
Жүрегің ғой әрбір тұста!
Сенің де,
Ұрыстың да
Бар тағдырын
Шешетін сол ғой небір қысылыста!
Тәрізді әрі әкең, әрі шешең,
Ойлайды ол ұйқыңды да керек десең
Киімің мен күтімің көңіл күйі,
Сен үшін о да оққа кеуде төсер.
« — Мен түгіл әскері әлсіз генерал кім?»
Құдірет көкірегінде жүреді әр күн.
Сыр ұғып қабағынан жауынгердің
Барлайды тағдыр шешер шайқас алдын.
Майданбек осылай деп бағалайды,
Басқаша ой ол туралы таба алмайды,
Жойқын күш жолдағысын бұзбай қоймас,
Кулагин Ертіс пе деп шамалайды.
Бөлімі мұның әлі демалыста
Шешуші шайқас болмақ осы қыста.
Күзден соң
Қар жауғалы айдан асты,
Дұшпанда сайлануда қанды ұрысқа.
Бұралап саусағымен маңдай шашын,
Кулагин тәрізді бір бапты лашын
Ойлы отыр...
Бүл білетін мағлұматша
Жау күші бүл бағытта жатыр басым.
Жау неге жанталаспай жатыр қиқар,
Біз шөп пе, ол шалғымен бір-ақ сипар,
Гитлер темірлерін қайта топтап,
Дәмесі болар бізді бір-ақ «ұйпар!»
Шолғынға жіберген ед екі жігіт,
Келіп тұр бір дырауды айдап кіріп.
— Рұқсат па?
— Рұқсат!
Тұтқын Фриц
Сірескен мұз адамдай тұрды сұлық.
Кулагин бек қуанып бүл қимылға,
Кезінің күлімсіреп қиығы да
Фрицке сары ала иық тік-тік қадап,
Өр мысқыл күлкі ойнады миығында.
Сол күлкі
Күлкі еткендей бар фашисті
Қырмақ боп шайқасқан ең бізді «атүсті»
Күніңнің қаран болған масқарасы,
Москваның түбінде бастамасы.
Әділет зұлматты солай жеңбек,
Құтылмақ қайда қашып қасқыр жендет?
Көкіген «хенди хох»тап көргенсіз жау,
Тауыса алар өлігіңді кім түгендеп?
Айт шапшаң жайларыңды түк жасырмай,
Әуелде жарқылдасаң сен жасындай,
Енді сен табанымда сөнер көмір
Өліксің көрдің ғана мұрасындай.
Қан бұлтын қабағына алған түйіп,
Офицер жауап бермей сары-ала иық.
Сілейіп,
М үз адамша тұрып алды,
Жолына фашизмнің басын қиып.
Кулагин сезім күшін тез үйіріп,
Қарамай оған енді кабак түйіп,
Армия штабына айдап бар деп,
Жаңағы жауынгерге тұр бұйырып.
Жауынгер Майданбек ед,
— Құп! — деді де,
Одан соң айтар сөзді күтпеді де,
Жөнелді айдап алып офицерді,
Терлеген маңдай терін сүртпеді де.
Сенде жоқ,
Енді менде
«Хенди хохың».
«Хенди хох» деп көтертіп екі қолын
Былай шыға берді де,
Офицерге
Майданбек шығын етті бір-ақ оғын.
Содан соң ол Кулагинге кайта кірді,
«Күн-пая күн» еткенін айта кірді.
Кулагин кешірмеді
Қатты кетті,
Қаматып тастады тез Майданбекті.

3
Кінә өзімнен
Дейді де іштен ерте-кеш
Сұрау да ұят
«Бұл кінәмді бір жол кеш!»
Айдап бармай
Ол бұйырған штабқа,
Неге аттым аспай жатып бір белес?
Алайда да, қалайда да
Көргенсіздік болды-ау, солай еткенім,
Атсамшы? Атсам
Жаудан алған емес пе, өш кектерім!
Мәншүк қайда?
Таня,Зоя ол қайда?
Кім ұмытар солар қанын төккенін.
Алайда да, қалайда да
Кінә өзімнен, Кулагинді сөккенмен
Қалай өтем
Өзім бұзған өткелден?
Мүмкін олай
Етпес те едім, егерде
Кулагиндей болсам майдан өткерген.
Мен деген кім?
Қарапайым қатардағы солдатпын,
Кулагин ше?
Ол білгір де зерделі адам жан-жақты.
Тастамады сонда да ол аттырып,
Сөз бе тәйірі тірі адамға абақты.
Ұят болды-ау
Соғысқа кеп
Отыруым түрмеде.
Өліммен тең
тірлік атты пендеге!
Осы бір ой,
Дұрыс та ғой
Майданбекті дедектетті есікке де, төрге де.
Бұл ұяттан
Өлген артық мың есе.
Болсам егер
Отан сатқан
Неге атпайды,
неге атпайды ендеше?
Өлім болды-ау,
бұл бетіммен жұрт көрмек.
Сандал қағып
Бір аттайды,
бір тоқтайды Майданбек.
Ақыл-есін
Ызалы ой — у кернеп,
Өзін өзі буындырып болды өлмек.
Тоқта! — деді
Оған сонда
Дүрс-дүрс соғып жүрегі.
Токта! –деді
Кінәңді жу,
Бол сан майдан түлегі. —
Қалай жуам,
Қамаудамын?
Өз қаныммен жумасам,
Қамау сөз бе?
Кінәңа шын мойындасаң, туласаң.
Түн ортасы
Ақ кар, аяз, шытынап,
«Әп!» - деді ол,
Жынданғандай атып тұрып бұрқырап.
Әлде есік,
Әлде әйнек жақтаулы.
Қала берді
«Аһ» деді де сықырлап.
Кілт сылдырлап...
Бір жауынгер сол-ақ еді келгені,
Майданбек жоқ.
Солдат аң-таң «бұл қалай?»
— Қылжақты қой,
Өзіңнен көр, өзіңнен көр, кел бері!
Жоқ Майданбек
Қайдан оған тіл қатсын!
Сол сәттен соң
Аталды енді, аталды енді ол «қашқын».
Мынаң қара,
Енді,
О тоба,
Майданбек
Ісін істеп кеп тұр нанар-нанбастың!
Алып кеп тұр немістің бір дырауын,
Қабағының сүртпестен мұз қырауын.
Кулагиннің тура өзіне кеп кірді.
— Командир жолдас! –
Деп үзілді сұраулы үн.
Екі тәулік аш адамда не сиық?
Күлген болды дүрдік ерні ырсиып.
Анадағы өз кінәсін жазғырып
Жіберді ол ащы деммен күрсініп.
Сабырлы еді-ау, сабырлы еді-ау Кулагин!
Өзгермейді ол әуелде бір ұнадың.
«Осы екен ғой, — деді, — сенің «қашқаның»
Келе бермес қолынан бүл басқаның.
Кел, кінәлі, кел бері енді, именбе
Ұятыңды қорғасын мен түй белге» —
Деп алдына шақырғанда Кулагин
Аттай беріп құлап түсті ол еденге.

4
Біреулер болады ғой ала мінез.
Майданбек әлі сол бір дала мінез.
Қан майдан қақтаса да оқ түтінге,
Баяғы бейғам, аңғал бала мінез.
Сенгенін артық көріп тілегінен,
Серттесіп егіз көріп жүрегімен,
Достары аман болса бәрі түгел,
Қар түгіл қан жауса да бұзбайды рең.
Сүймейді күрсінуді, уайымды
Кейде оған ән тәрізді қурай үні.
Мәз болып «пах! пах!»таған қуанышпен,
Қалтқысыз
Жан түкпірін қулайды үні!
Оның сол ақ көңілін, адалдығын,
Қалтқысыз білсе кеше дала бұрын
Қарулас достары да түсінді оны,
Мейлі шат, мейлі жаудан жаралы күн.
Жетер ақын...
Коп бөсу жарамас та
Осындай жігіт аз ба одан басқа?
Шындықсыз шырын бар ма шығармада,
Бөлейтін жұртты адал ықыласқа.
Мен-дағы сөз еткем жоқ аңырмасқа,
Туғам жоқ артық кетсем Жаңылмасқа!
Ақын да адам... ғапу ет, ал тоқтадым...
Кеп қалған екен Шолпан қарындас та.
Мұрнының ұшы тершіп келді Шолпан.
Шолпан келді блиндаж толды ортаң!
Шолпан келді! Жігіттер жымың қақты,
Тым қадала қарауға мен де қорқам.
Қорқатын да жөнім бар, Түсін достым.
Жастық сезім аусары тасқын-босқын.
Қыз қылығы қыздырмас жан болған ба;
Мойныңды мейлі дозақ жыланы оссын.
Кешкі сол блиндажда От басында
Отырғандар ым қақпай шыдасын ба
Әрқайсының сезімі өзімсініп,
Махаббат тілейді-міс өз басына.
Шолпанжан, жайдары жүз, қыз Шолпаны,
Жүрген жоқ бүгін көріп бүл ортаны
Амандығы көпке ортақ бұл жолы да
Тәрізді еркін жүзген көл шортаны.
Басқадан Майданбекті көріп жақын,
Атамай Майданбек деп және атын,
Аға, — деп,
Ақ жүрекпен мөлдірейді,
Аялап туыс сезім рахатын!
Жадырап сала берді Майданбек те,
Шолпанды балағандай жас бөбекке,
Аға емес,
Әкесіндей мейіріммен
Мәз-мәре солдат аға тесік өкпе.
Көрмеген еді оны ай жарымдай,
Жүзіне қарай берді көз айырмай.
Құрықшы саусағымен
Маңдайынан
Бір сипап әлденені ойлады енді: -
Япыр-ай, түн ішінде қалай келді?
Медсанбат рас, бұдан қашық жерде,
Жат хабар боп қалды ма екен елде!
Өзі айтар Шолпан жанның,
Мен төзейін.. Шыдайын,
Абыржуым келмес жөнге.
Тежеді өзін өзін тентек аңғал,
Өзінше ер толғамы ер бұл ахуал.
Білетін оның ожар мінездерін,
Тиыла қалды қызшыл қызба жандар.
Алғашқы Шолпан кіріп келген шақта,
Әр сезім лыпып еді боз ойнақта
Лапырған алау көңіл тез тиылып,
Әрқайсы алды «салқын» қан үйіріп.
Мінезін Майданбектің білетіндер,
Байсалды бола қапты, болып ділгер,
Иықтан, не білектен, не жауырыннан,
Ымдасып, ұрғыштасып қалды бірер.
Бұлары өздеріне түсінікті
«Үзбендер — дегендері — қыздан күдер!»
— Тс-с-с! — дейді бір-біріне,
Тізгін тежеп!
— Тс-сс-с! — дейді
Майданбекке қарап кезек.
Жазусыз ешбір қандай ережеде,
Дәстүр-ай құдіретсің-ау сен бір мезет,
Шолпанға Майданбекті аға көріп,
— Тс-с-с! — деді бір-біріне ыммен безеп!
Шолпанды балап туған ауылына,
Келгендей бәрі түгел ауыл мұнда:
Майданбек сағынышпен қарай берді
Қуанып оның есен-саулығына.
Бір сыр бар Майданбекте жүрген көптен:
«Әйелге неме керек ойнау оқпен?»
Мәншүкті есіне алып бір күрсінді,
Тәрізді көкірегінде оқ дүрс еткен.
Қорқатын да жөнім бар,
Түсін достым.
Жастық сезім аусары тасқын-босқын.
Қыз қылығы қыздырмас жан болған ба;
Мойныңды мейлі дозақ жыланы оссын.
Кешкі сол блиндажда
Отбасында
Отырғандар ым қақпай шыдасын ба
Әрқайсының сезімі өзімсініп,
Махаббат тілейді-міс ез басына.
Шолпанжан, жайдары жүз, қыз Шолпаны,
Жүрген жоқ бүгін көріп бүл ортаны
Амандығы көпке ортақ бүл жолы да
Тәрізді еркін жүзген көл шортаны.
— Қарағым - деді бір кез жас Шолпанға,
Бақыт қой қорған болу бұл Отанға.
Аузында емшек табы, Уаз жассың,
Қауызың ашылмаған гүл атарға.
Қалқам-ай...
Сені өлімге қияр ма өмір! Кім білсін?
Кімді аяйды ажал-темір.
Жас гүлсің жаңа ғана бүршік атқан,
Сен жазым болсаң маған болмас жеңіл!
Жалындап,
Жаралыға жан ұшырған
Бейнеңе әм сүйсінем, әм қысылам,
Аман жүрсең жарар-ау... кім біледі?
Оқ сарт етіп
Жүре ме жау ұшырған?
Деген ой тілмен емес
Сөйлеп көзде,
Шолпанға ұғынықты болды лезде.
Шолпан да жанарымен тіл қатты оған;
Ағажан, таңдауым жоқ, бұдан өзге.
Жан күйттеу кімге лайық мына кезде,
Сіздер болат, ал қыздар тозған без бе?
Заман өткен мүсіркеу әйел затты,
Айтарың бар ма ағасы бұдан өзге! ?
Қан кешіп жүрсін неге өзің де, аға?
Қайсар күш қарсыласқыш біздің дала.
Сізді туса мені де тумап па еді,
Мен сізге көріндім бе сонша бала?
Ағасы-ау,
Болмасам да Зоя, Мәншүк,
Келгем жоқ қан майданды көріп таңсық.
Өкінген жас шағыма майдандағы
Өкінбен кетсе-дағы танк жаншып!
Міне сол,
Аяй көрме, беу ағажан!
Қайтпасам қан майданнан есен-аман.
Шығынсыз жауды жеңу болмақ емес,
Деп өткен дейді ғой жұрт ата-бабам.
Болайық сіздер де аман, мен де аман,
Айдын көл, ақ тілеулі байтақ далам
Қайтар деп жауды жеңіп күтуде ғой,
Естіріп кешкі самал тау сағадан.
Жоқ дейді армансызы жаралғанның,
Азды-көп мен де соны аңғарғанмын,
Егерде қаза болсам мен де бірі,
Біліп өттім
Ұл-қызды көп перзентті ұлы арманның.
Мен кіммін?
Аяй көрме, беу ағажан!
Қайтпаспыз я кайтармыз есен-аман.
Азамат азды-көпті аман қалса,
Қалпына келер біздің еркін заман!
Мен кіммін?
Ақ халатты — сестрамын!
Жаралы да жан қалса ес жиямын...
Мені қойшы,ағасы,
Ал сіздің ше?..
Тікелей қанды айқаста ықтиярың.
— Қалқам-ау мен ғой солдат азаматпын,
Шайқаста бүкіл өзім бар қазақпын!
«Бар қазақпын» деуім де бөскендігім
Әйтеуір, келмеуі хақ жайрап жатқым.
Қалқам-ау,
Мен болсам мен азаматпын,
Жар сүйдім,
Балаларым бар... инабатпын
Артымда шаңырағым, үй ішім бар,..
Сен болсаң —
Періштесі махаббаттың.
Қалқам-ай,
Шайқалмаған жұмыртқасың!
Қу соғыс ажал оғын жуытпасын!
Жер мен көк екеуі де
Жар қызығын
Бір саған,
Әм сендейге суытпасын!
Осындай ойлар шерткен көздерінде,
Жазулы хаттар оқып, Көздерінде
Солай-солай деп іштей мойындасып,
Майданбек содан әрі төзбеді де
Жүрегі кнопкасын қалды басып.
— Шолпанжан, келген жоқсың жайдан жайға
Ашық айт!
Қысылмай да, жасырмай да!
Құпияны сүймейтін боран мінез,
Бүркетті бірер минут асырмай да.
Ал сөйле, — деді ол Шолпан қалқашына,
Қос бұрым жоқ болса да арқасында
Шолпан қыз
Зура жұлдыз
Жымың етті...
Аспанды аунатардай жамбасына.
Сөйтті де ол
Тез тиып сол жымиуын.
«Өкпесін» шертті ағаға буын-буын,
Айтты ол ұялтқанын бір солдаттың...
— Ағасы, сонша ұятқа неге баттың?
Лайық па еді сізге каталашка?
Лайық солдат егер қаталасса?
— Бұзып шығу ?
Қашқындық со да жөн
Тіл әкеп беру үшін Кулагинге...
Тағы солай етемін тағдыр жазса...
— Бұзықтық етпексіз бе сонда тағы?
— Дұрыс боп шықса тағы арғы жағы
Командир де риза, жаным да риза,
Соз емес, біреулердін қан қулары.
— Отым шықты бетімнен,
Ағажан сізден өтінем,
Ондайыңды қойыңыз,
Өзім де соған бекігем.
Отырып сәл үнсіз,
Майданбек ширықты,
Шолпанжан «құп!» дедім
Сен берген бұйрықты.
Деп қызды күлдіріп,
Бір күлді өзі де.
Алған жоқ бүлдіріп
Өзі де,сөзі де.
Әм аңғал, әм тентек,
Мінезін білетін
Шолпанжан еркелеп,
Сүйді оның күс бетін.
— Мені де сүй!
— Мені сүй, — деп
Тұра қап
Бетін тосты жігіттер өшіретке.
Шолпан қыз Майданбектен рұқсат ап,
Беттерінен сүйгелі барды көпке...
Ыстық ерін беттерін бір өпкенде,
Жас жалын құйылғандай жүректерге
Жігіттер мәз!
— Жеңіскер бол бәрің де! —
Деді Шолпан...
Ойы бар тым әрі де..
Жігіттер мәз күлімдеп іштерінен,
Тәрізді қыз махаббат түске кірген
«Шолпан десе, Шолпан!» деп еріндері,
Сол түні ұйқыда да күбірледі.
Майданбек жазған хатын Жәмішіне,
Шолпанға оқы, деді күллісін де;
— Жоқ, аға, ретсіз ғой...
— Рет, мірет??
Оқып шық тастамастан бірісің де!
Жазыпты ол шүу дегенде амандығын,
Хатты жиі жазуға шабандығын.
Отанға
От басындай,
Сүйген жардай,
Аңға адалдықтай адалдығын.
Содан соң..,
Торы айғыры сөздің басы.
Шәуттеп жылқы баққан ақ даласы.
Айналдым,ризамын,Жәміш! - депті.
Жүр екен жылқы бағып Жәмиласы.
Ол жылда келіншектер болған мұндай
Жарының торы айғырын жанға қимай,
Жамаулы жарғақ киіп Жәмиласы,
Бағып жүр қыста жылқы үйде отырмай.
Айналып кетсең не етер мұндай жардан,
Сыр бермес сын сағатта күшке айналған,
Ақ боран сары аязбен арпалысып,
Бет домбып,
Қырау кірпік
Түнді айқарған.
Ағамыз жеңгемізді жөн түсінген,
Жеңгеміз кем түспепті ер кісіден.
Қайран ел қатулы екен жауар бұлттай,
Деп Шолпан масаттанып тұрды іштен
Қалды да келер сәтте шайқап басын,
(Сезімтал еді ғой бүл қарындасым)
Майданбек бүлдіріпті хатында да
Айтам деп түк қалдырмай бар расын.
Тынбапты ол жазуменен амандығын,
Айтам деп өзінің бар адалдығын.
Командир әмірінсіз пленді атып,
Жазыпты каталашкаға қамалды кім?
Сәттерін әйнек бұзып шығып кеткен,
Сәттерін бір немісті алып жеткен
Жазыпты мінезіңдей өрескелдеу,
Немісті жалғыз оқпен шығын еткен.
Ағасы! - деді Шолпан шытынап сәл, -
Мұныңды хатқа жазу оғат болар,
Сызыңыз, немесе ал мен сызайын.
— Дегенім ғой шындықты білсін олар.
— Шындықтың айтары бар, айтпасы бар,
Шындық тыңда
Қарымы қайтпасы бар.
Шынайылық таппайтын шындықты айту,
Альпинистер тәрізді тайқып кайту.
Майданбек
Қарсыласпай
Изеп басын,
Шолпанның сипап қойды маңдай шашын.
— Айналдым! Айналдым, — деп, — ақылыңнан.
Шолпанға аударды бар ықыласын.
Оқыды хатты Шолпан және ілгері,
Токтай қалды
Кездесіп қызық жері.
— Майдан аға өлең де шығарыпты.
Жігіттер,
Тында бәрің де келіп бері.
— Не дейсің?
— Рас па?
— Рас!
— Рас болса,
Майданбекке ақындық рас қонса,
Ал тыңдайық...
— Қане оқы!
— Оқы, Шолпан!
Жасырып жүрген несі бізден сонша?
— Ал, тыңдайық, сөзді қой дабырламай!
Шолпан:
— Былай деп жазған екен Майдан аға,
Екі өлеңі жеңгейге «Жәмилаға»...
Дауыстар:
— Оқы, Шолпан...Тыңдаймыз...
— Оқы давай!
Шолпан:
«Біткенше бұл зор майдан
Айлар да өтер, жылдар да өтер,
..................................................
Сонда менен хабар-ошар
Болмай кетіп... жетпесе елге...
Үзсін күдер, үзсе өзге,
Күдеріңді бір сен үзбе!
Дауыстар:
— Рас-ақ-ау!
— Рас-ақ!
— Біз де ортақпыз бұл сөзге.
— Дұрыс екен, рас-ау,
Жүректегі сөзім ғой,
Аман қайту екен-сау...
Арманым ғой, өзім ғой!
«Күдер үзсе басқалар
Үзе берсін мейлі де.
Күдеріңді сен үзбе».
Қорғасын жатыр зейінде!
Дуылдасып осылай
Жігіттер гулеп тұрғанда.
Шолпан:
— Оқиын ба оны да,
Тағы бір өлең бар мұнда?
«Жүрмісің сау-сәлемет,
Сүйіктім менің сүйген жар,
Жіберіпсің жазып хат,
Хатпен бірге орамал.
Орамалын колға ұстап
Сүйгенің бір күн оралар.
Хатымды көріп өзімдей,
Жүрегіңе орап ал.
Жабыққан көңіл жайраңдап,
Май гүліндей ашылар.
Сарғая күткен сәулешім,
Сағынышың басылар».
— Рас-ақ-ау!
— Рас-ақ!
Біз де ортақпыз бұл сөзге,
Жауды жеңіп сау қайту,
Мақсат не басқа бұл кезде!
Шолпан:
— Тағы бір өлең бар мұнда,
Оқиын ба оны да?
Шолпанның хат оқыған ерніне,
Жігіттер ашқарақ көз тым еміне,
— Оқы, Шолпан, оқы! Оқы! - дей берісті,
Қыз Шолпан қыз періште көрінді де.
Хатты оқып,
Бүлк етсе оның ақ бұғағы,
Мен үшін деп әрбірі жатқа ұғады,
Жұлдыздай айсыз түнде жалғыз туған,
Шолпанның
Тек хатты оқу пәк мұраты.
— Оқимын ал тыңдаңдар, — деді ол тағы, —
Бүл хаттың былай екен түп ырғағы.
Дауыстар:
— Оқы, Шолпан, оқи бер, тағы-тағы.
Жігіттер тағат таппай дуылдады.
Шолпан:
— Кімге қымбат демейсіз ата-ана...
Жан сөзі баласының майдандағы.
Бұл өлең әкесіне ауылдағы.
— Мұнысын да оқып бер, оқып жібер,
Жанымыз ғой біздің де әке жаны!
Шолпан оқи жөнелді және ілгері...
Тулайды Майданбектің «жыр жүрегі».
Кім білсін аңғал тентек мінезіндей
Ақиқат
Күлдіріп не бүлдіреді...
Шолпан оқи жөнелді және ілгері:
«Есен-сау жүрмін, ағажан,
Алыста сізден, ұрыста.
Көптен бері хат саған,
Жаза алмай келдім ұрыспа.
Майдан қызу,
Майдан от
Кім қарайды ай-түйге.
Өлім бүркіп ұшқан оқ,
Салады жанды әр күйге.
Тоғай,
Окоп,
Блиндаж
Өзіміздің үй есеп,
Сары аяз бейне шуақ жаз,
К үрте кар көрпе, құс төсек.
Ел намысы,
Ел кегі
Балаңның тиді арына,
Шегінбе! — деп бір елі,
Жүргендейсің жанымда.
Мен қайтқанша, ағажан,
Қартайып қалма, қолың бер,
Қорғайтыным Ұлы Отан,
Өзің мен өзім туған жер!
Дауыстар:
Е-е, мынау, көмекей әулие ғой,
Әулиең не, керемет ақын екен!
Тентек қана шығар деп жүрсек біз...
Арманыңды айшықтар ақыл екен!
Жылқышы ғой деп жүрсек жылқы баққан,
Солдат қана деп жүрсек оқ боратқан,
Қарай гөр, аусар жаны сезім де екен,
Сөздері жүректегі өзім екен!
Maнадан жай отырған ақсұр жігіт,
Орнынан осы тұста атып тұрып,
Лақпаңдар, достар, босқа
Менікі емес...
Ашулы үнді ұрған доптай лақтырып,
Орнында қақпашыша қалды тұрып.
— Не дейді?
— Не дейді? — деп жалт қарасты,
Майданбек сөйтіп тағы қаталасты.
Көбісі көнбей оған мансұқ етті,
— Сөйлеме! — деген үндер қандай ащы.
Майданбек
Шыдамады, атып тұрды:
— Кім берсін маған жазу өлең жырды,
Бір ақынның өлеңі екені рас,
Газеттен жазып алғам әнеукүні.
Анада,
Госпитальда жатқанымда,
Жазып ап қонышыма бек сақтадым да,
Әкеме, әйеліме мен де жаздым,
Сендер де жазып ал, мә... хаттан мына!
Ақсұр жігіт:
— Мұндайды әдебиет ұрлық дейді.
Майданбек:
— Қой ма екен, қоныш пе екен ұрлық дейтін,
Менің де, әм сенің де, бәріміздің
Бұл өлең жүрегі ғой әніміздің,
Бұл өлең тамшысы ғой қанымыздың.
Бұл өлең —
Солдат жүрек сезім екен,
Сол ақын, — деп ойладым, — өзім екен.
Мендегі ыстық сырды шерте білген
Сезімі менің дағы сөзім екен.
Несі ұрлық?
Жазды ол оны кімдер үшін?
Ей, достым, алдымен сен соны түсін.
Не бары жай сөзімді ол өлең қыпты,
Ендеше, жазылған сөз менің үшін!
Ұрлық дейді,
Ұры етпек мені әп-сәтте.
Құранды да үлкендер алып жатқа
Өзінікі тәрізді заулатады.
Солдат ақын — пайғамбар бар солдатқа.
Тасқа басып газетке жазғаннан соң,
Жазып, жаттап алуға хақым жоқ па?
Қызғанар болса жұрттан мұндай жырын,
Газетке бастырмасын күні бұрын.
Төбемнен тас бұршақтап, тау құласын,
Айттым ғой осы өлеңдер менің сырым...
Менің жырым!
Достары кейі қарсы, кейіс үйіп,
Тыңдасып отырғанда сырлар түйіп,
Сез соңы аяқталмай қала берді,
Саңқ етті: — Шабуылға!
Шапшаң бұйрық.

5
Жыны ғой фашистердің ол қашанғы,
Алдымен атқылайтын қара орманды.
Бүгін де таңсәріден омыраулап
Орманның тыныштығын бұзып-жарды.
Анадай ақ шәлілі
Ақ кар қысқы
Ақ орман
Тағы да бір түтін құсты,
Көрді де жараланған ұрпақтарын,
Қарт емен ақ қабағын түйе түсті.
Көрмеген сойқан бар ма бұл соғыстан?
Кім бізді айыратын ту қоныстан?
Қашанда иілмейтін
Қас батырдай
Қарсы ап тұр жау оқтарын әрбір тұстан.
Айқасшыл генералдың біріндей боп,
Алабын жапса да өрт,
Жауса да оқ —
Карт емен
Ұрпақтарын
Бұтағымен
Қымтайды
Өз басымен жұмысы жоқ.
Ананың жүрегіндей күйік сорған,
Жаралы перзенттерін қорғап орман
Ашуын ақ шашынан борандатып,
Қатерді қарсы алып түр оңнан-солдан.
Қан ерні қалшыл қағып тым ашулы,
Орман тұр, білер емес жасуыңды,
Бәрібір тастасаң да қанша бомба,
Құрта алмайсың Орманбыз мың ғасырлы.
Мызғымас тамырымыз тың тереңде,
Соққанда дүлей толқын тас кемерге,
Ұрылып тұмсығынан күл-парша боп
Өкіріп жататұғын ол керең де.
Тамырымыз тереңде,
Аты шулы
Бәрібір құрта алмайсың біздей қуды.
Тамырымыз тереңде
Кұрта алмайсың,
Кұрта алмайсың төксең де нелер уды...
Құтырып аламан жау,
Жерден, көктен,
Құртпақ боп зұлым оқтар сендер төккен
Қаншама жарақатты етсең дағы,
Орманмын ертең есер қайта көктеп.
Мен!
Орыстың ежелгі карт орманы,
Жасап келген көкте күн, ай болғалы,
Мен!
Советтің сәулетті жас орманы
Жайқалғам жоқ сен жайпап күл болғалы.
Саспай түр, селкектеген фашист сұмдар,
Сазанды тарттырады біздің ұлдар.
Бүгінгі бір бұтағым сен сындырған,
Ұмытпас сойқаныңды жүз-жүз жылдар! –
Дейді орман томсарумен өз тілінде,
Қаһар бұрқау, қатулы мінезі де,
Тірлік!
Тірлік! — дейді оның бар арманы...
Бар тірлік тәрізді тек бір өзінде.
Гүрс етті бомба көктен ажал төккен,
Бұл сойқан Кулагинге тез-ақ жеткен.
Команда:
— Қорғанысқа, шабуылға!
Бір елі шегінбеңдер жатқан шептен!
Соғыстың көрдік талай
Ай,
Күн,
Жылын,
Жасарын жау шабуыл дәл тап бүгін
Кулагин күтпеген ед сай тұрса да,
Тұтқиылдан бастады жау шабуылын.
Саспады ол кейісе де өзіне өзі,
Қанталап аясы кең көкшіл көзі,
Қолында биноклі...
Қолбасшыдай
Шешті ол қажеттігін қимыл тезі.
Қажет деп қорғаныс та, шабуыл да,
Жалт қарап дөңде тұрған қызыл туға,
Наганын қорабынан суырып ап,
Ұмтылды жауға қарсы бастап тура.
Соңынан
Самсаған қол Кулагиннің
Тап берді ұйтқытқандай дауыл құйын.
Жалақтап
Жан алғыш боп шапқан жауды
Тойтару нажағайдай болды киын.
Қарсы ұшып соққыласып оқтар оққа,
Айналып кетті дала шарпынды отқа.
Бір рет жаудың бетін қайырғанмен,
Қайыра ұмтылды олар «полный ходқа».
«Полный ходта» дейтінім
Темірлерін
Қаптатты азынатып, мөңіретіп,
Бір
Екі,
Үш,
Әм төртінші жаралыны
Жас Шолпан бара жатыр алып кетіп.
Ұшына томпақ мұрны қатып тері
Қазақтың қарақат көз жауынгері
Ентігін ішке тартып, жан ұшырып,
Ұйтқып жүр дауылға ұқсап әрлі-бері.
Секунд қымбат,
Бұл тұста тыныс қайда?
Екі жақ бірін құртпай тыныстай ма?
Сәт қайда біліп жатар қызыл отта
Майдандас досың қайда, туыс қайда?
Әр солдат оққа байлап өз қимылын,
Болаттың шоғындай боп түйін-түйін,
Қолдары қарысса да қою қайда,
Оқтармен ойып түспей жау бүйірін.
Тағы да
Бір,
Екі,
Үш,
Төрт тойтарып,
Немістің жасаса да «той тарқарын»,
Құйылтып үсті-үстіне ол құйын күшін,
Тықсыра бастағанын әм байқадым.
Сол сәтке арттан келер біздің бөлім
Үлгірмей...
Айқас тағдыр әлім-берім.
Ах! — деді Кулагиннің көзі шалып,
Жау танкі тасбақаша өрбігенін.
Қайту керек?
Сирепті қатарлары.
Қайту керек батпақ па атар таңы?
Кесу керек жау танкі сапарларын.
Тез шешті
Командирлік сезімін.
Шепті бұзып,
Көк темір шулап кірсе
Апаттың ең бір зоры сол болмақ қой,
Өткізбеу керек мейлі жерге сіңсін.
Қараса оң менен сол атырапты,
Жауынгерлер қатары сиреп қапты,
Орман жақ сол канатта жолсызбенен,
Жау танкі бетке ұстапты селен жақты.
— Майданбек,
Таубай,
Игорь
Және бесің
Барыңдар, қарсы алуға «танк көшін».
Еденге қаққан болат шегесіңдер,
Бұл жолы
Жоқ сендерге басқаша есім.
Командирі бұйрығын ұққан жүрек
Тұрса да оқ зіркілдеп, жер тітіреп,
Бұқпалап траншейлер ішіменен
Жетті де күтті окопқа кеуде тіреп.
Шешуші минут жақын тағдырларын,
Ой тұман, өмір бұлдыр, көзде жалын.
Сегіз ер сепсіместен сайлы жатыр
Серт етіп аттатпасқа танкті адым.
Майданбек
Окопта емес,
Ақ далада
Қасқыр көрген тәрізді
Тұра сала
Торы айғырын жүйіткітіп
Қуып жетіп,
Қасқыр соғып алардай сол арада
Окоптан атып тұрды, әне қара!
— Жат деймін, жат!
— Бүк деймін!.. Қылт етпестен
Қылт етсең-ақ боласың жермен-жексен.
— Жақындасын...
— Жасырын! Қыбыр етпе!
— Бұқпаймын, сескенсеңдер, сендер сескен.
Сол сәті емес болды бақыт оған,
Жанталас жау атқан оқ бейне боран,
Көздеп атқан немесе шәлкем оқ бір
Сарт етті Кулагинге дөңде тұрған.
Кеудесін оң қолымен басты ол әнтек,
Өрмекшінің ауындай бар төңірек
Шырмап кетті көз нұрын Кулагиннің,
Айналып кетті оған жер менен көк,
Құлап түсті (ылаж не) бір тізерлеп.
Майданбек соны көріп анадайдан,
Сұңқардай анасы үшін канат жайған
Қауіпті жер-көктегі мүлде ұмытып
Ұмтылды.. өзі жатқан окоп жайдан.
— Тоқта!
— Қайда барасың?
— Қашқаның ба?
Жігіт пе ең жасап жүрген бас қамыңды?
— Көрмейсің бе, Кулагин құлап түсті...
— Танк!
— Танк Кеп қалды...
Бүк!
Дайындал!
Гранатың дайында, сөйтіп кек ал.
Сонда да ол көз жүгіртсе Кулагинге,
Жараланған тәрізді оз жүрегі де
Ақ тонды томпаңдаған қызды көріп,
Білмеді не жыларын, күлерін де.
— Шолпан ғой, ия, Шолпан, беу, қарағым,
Осал қыз тумапты ғой бүл қазағым!
Санбатқа тез жеткізіп Кулагинді,
Сақтап қалсаң, қарағым, бек жарадың!
Тез жеткіз,
Шолпан қалқам,
Тез қимылда...
Бергісіз бір бала едің талай ұлға,
Қалыңдар тірі сақтап Кулагинді,
Кулагин керек бізге талай сында.
Күбірлеп еріндері кебірсіген,
Маңдайы қошқылданып тер сіңірген.
Адамдай Кулагинмен жаны бірге,
Майданбек жан еді шын өзімсінген.
Бұдан басқа ойға да, сезімге де,
Мұрша жоқ еді оның өзінде де.
Жау танкі келе жатыр ажал тиеп,
Қас қағым қапты мұны езуге де.
«Солай ма?
Өтпексің ғой мені таптап!»
Майданбек гранатын алған топтап
Айырып бір-бірінен жіліншіктеп,
Кезеңін күтіп жатты дәлдеп соқпақ.
«Өлген күн, немесе өліп тірілген күн!»
Мүмкін одан шыққан сөз — шыққан соңғы үн,
Аттам жер сені аттатып үстімізден
Тірлік не?
Тірі қалып сонда мен кім?
Жақында,
Жақындай түс, малғұн темір!
Болмақ па маған өлім,
Саған өмір?
Көк төбет ырсылдаған көкіп келсең...
Мә, саған майлы жілік, ал сен кемір!
Атты ол қос гранат бір-бірлемей,
От түтін құсып жатты темір көмей.
Білмеді одан әрі не болғанын...
Әйтеуір...
Тәңір сақтап қалыпты өлмей...
«Кулагин аман болса, болды, — дейді,
— Мен кіммін?» Майданбектің аусар зейіні.
Санбатта аз күн жатып есін жиып,
Айқасар жау мен тағы күн тілейді.
Есіне ап Кулагиннің нысанасын,
«Берлинде біздің ақтық жеңіс!» — дейді.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ
1
Қыс өткен,
Көктемде өткен,
Жазда өткен,
Мезгіл ед қоңырқай бұлт күздің жеткен,
Сұрқайып созалаң жел сүзек жандай,
Созымдап тартқылайды түп етектен.
Майданда жауынгерге бәрі бір бас,
Жауса да мейлі жаңбыр кар аралас.
Білмейді именуді автоматы
Сом білек солдат қолда кары талмас.
Білмесе автоматы түк имену,
Соз емес жауынгерге майданға ену.
Кек оты бұрқақтаған көкіректің
Арманы:
Жауды жеңу!
Жауды жеңу!
Бар арман жауды жеңу өз жерінде
Сол арман бой берер ме күз желіне!
Жолында сол арманның, ұлы арманның
«Жан пида» жазулыдай көздерінде.
Шайқастың сан сойқанын бастан кешкен,
Жігіттер нажағайдай бұлтта өскен
Барады жауды қуып тілерсектеп...
Тықсырып бір белеске бір белестен.
Майданбек
Төртінші рет жараланған,
Сонда да қатарынан емес қалған
Ажалдан жоқпын әзір хабар алған», —
Достарын күлдіреді,ширатады,
Ұзақ өмір сүрмек деп жаралы адам.
Жігіт қой айқастарда қарымы ірі,
Ол қазір бір взводтың командирі.
Сыйлайды бұрынғыша достар мұны,
Жауынгерлік өмірден басқа тұста
Қарапайым, қайғысыз, ожар күйі.
Кулагин сауығысымен жарақаттан,
Қырандай қанаттасын қайта тапқан,
Өзінің бөліміне келген шағы,
Бөлімнің күндері еді тыныстаған.
Болмақ деп шабуылдың сәті тағы,
Сыралғы жауынгерлер жымыңдады,
Қырқылып тілерсектен жатса да жау,
Өліспей беріспестей одан әрі.
Кулагин коп жайларды түйіп ішке,
Таңғы ойын
Тармақтайды түсте әм кешке:
«Берлинде Рейхстагта ту тіккенше,
Жеңдім деу ерте, — дейді ол, - біздің күшке».
Шайқастың сырларына сырбаз ұста
Кулагин керек-ақ жан қысылыста.
Майданбек
Кулагинді
Балайтын-ды
Ауытқу білмес аршыл ақ қылышқа.
Таныған Майданбектің қандайлығы,
Кулагин ойында да барлаулы ұғым
Сеніскен командир мен
Жай жауынгер
«Жасасын, — дейді Отан, - айбарлы ұлың!»
Емес қой майдан алаң гүлжазира,
Бір полк немесе бір дивизия
Толассыз шайқаспайды айлап, жылдап,
Шығады майдан тылға тынығуға.
Бөлімі Кулагиннің осындайда
Толастап жатыр еді бірер айға,
«Майданбек аға қайда? Осында ма?»
Бір солдат келе жатыр үні майда.
— Даусы ғой мынау біздің Шолпанжанның,
Сауығып шыққан екен беу қарағым! –
Майданбек атып шықса блиндаждан...
Жігіттер
Жараланған жас маралдың
Анталап қоршап апты артын-алдын.
Кейбірі төзімдерін тауысқандай,
Кейбірі -
Әрең шыдап дауыс салмай,
Кейбірі - ойлы жүзбен күрсінеді,
Кейбірі — үнсіз жағы қарысқандай.
Сұлық тұр, абдырауы іштерінде,
Сұлық тұр үрейленген түстері де.
Үйірген жас шыбықты көп толқындай
Өңі ме?
Осылары түстері ме?
«Япырай, бүл не өзі, бұл не өзі?» —
Дей берді Майданбек кеп үстеріне.
Майданды көре сала қайран Шолпан,
Аяғын
Басып қап ед
Етті шолтаң.
— Ағалар, — деді Шолпан жыламсырап, —
Қайтейін өздерің ең қимас ортам.
Булығып
Соны айтты да
Тартып демін,
Кемсендеп кетті ақ иек, алма ерін.
Майданбек киіп-жарып жақын барып
Шолпанның сүртті жасын, маңдай терін.
Сұмдық-ай,
Қолтығында сүйеу таяқ,
Жас қыршын болып қапты сыңар аяқ.
Жер өксіп,
Бұлақ өксіп,
Орман өксіп
Теңселді бар табиғат жас қызды аяп.
Ботасын қасқыр тартқан қасқа нардай,
Майданбек
Төзім таппай басқалардай
Шолпанды құшағына ап көтергенде,
Өзі де биіктеді асқарлардай.
Бірақ ол
Көрініс қой, сырты ғана.
Қан саулап тұрған сынды ішкі жара.
Көзіне іркілген жас, ағалық жас,
Дей берді ол:
— Не масқара, не масқара?!
От канат, өжет жүрек бала тұйғын,
Шолпанды,
Оқ,
Кемтарлыққа қайтіп қидың?
Деп тұр ол күйінгенсің
Әйтпесе ше?
Жау оғы кімді аяйды қанды құйын.
Шіркін-ай, сонда дағы... сонда дағы
Кемдікке көз қияр ма қыз баланы?
Майданбек жүрегінде алау толқын
Бірде от боп, бірде мұз боп сыздатады.
— Қарағым, айналайын Шолпанжан-ай,
Бүл сұмдық кездесті екен саған қалай!
Орлардан
Оқ астында
Орғып жетіп,
Жүруші ең
Жаралыны алып шығып кетіп.
Мен сені
Сау қайтса екен деп тілеуші ем,
Саудырап қалар болды-ау енді еңсем.
Ер болып, емен болып көрінуші ең,
«Шолпан бар,
Жаралансам», —
Деуші ем, сенсең!
Жеңіспен жауды жеңіп кайтқан шақта,
Мінгізіп сені ақжал арғымаққа
Қазақтың даласында тойлы топты
Қақ жарып өткізермін болашақта,
Жаныңның жазирасын соған сақта!
Қамықпа,
Тағдырыңа көн, қарағым!
Ашамыз қара бұлттан күн қабағын
Қамықпа,
Өр едің ғой жас та болсаң,
Тарих бар «Ер қызым дер бұл қарағым».
Қалқам-ай,
Сұмдық еді бұл не деген?
Рахым күтпесін жау енді менен!
Бұрынғы кек үстіне кектің өрті
Арылмас дем сөнгенше бұл кеудемнен.
Кемтар боп қалғаның ба шынында,
Балаушы ек жауынгерлер сені ұлға.
Ылаж не?
Оқ астында ор киіктей
Ойнақтап жүре алмайтын бопсың мұнда.
Қамықпа,
Бар еді ғой өр мінезің!
Кен дала мінезіңдей болсын төзім.
Құйындай зулай жетіп жаралыға,
Өмірі үміт болмас жүрген кезін,
Қырандай жараланған сол канаты,
Майданбек
Іштей
Солай толғанады.
Мұздаған еменге ұқсап қалды қатып,
Үйіріп сезім күйін ой бораны...
Шолпан ше?
Енді қайтып жасымады,
Шешіп ап пилоткасын басындағы
Келтелеу қара шашын сілкіп тастап,
— Сүймеймін аянышты болсам да ақсақ!
Деп салды,
Үні де өте өткір шықты,
Солдаттар күтпеген ед бұл қылықты.
Сап етті:
— Дұрыс айтты! — деген дауыс,
Сол дауыс күйзелістің туын жықты.
Жігіттер жалт қарасып үлгіргенше
Кулагин келіп қапты,
Деп-дембелше Қалпымен
Топты жарып, Шолпанға кеп,
Сүйді оның маңдайынан әкесінше.
Аялай берді және бүкіл еліне,
Аялай берді ол,
Шолпан көтерді еңсе.
Кулагинге
Әм барша досқа хастап
Жас Шолпан өp көңілін ұстады асқақ,
Көзіне жас алмады
Тағы да айтып:
— Сүймеймін аянышты болсам да ақсақ!
Деп салды бет-жүздерге қарамастан,
Қарысып қасіретке осы бастан, —
Неге де болса мұнда көніп келгем,
Шығынсыз ел болып па майдандасқан!
Сонша не,
Азар болса жаралымын,
Демеймін мұны маған қаралы күн.
Кулагин Захар аға, сізге рақмет,
Кешірдің болса кейде балалығым.
Жаңдарың
Бұл халіме ауырғанын
Сеземін аға, құрбы, бауырларым.
Тарих деген өздерің!Еске ала жүр,
Ақсақ қыз кім екенін ауылдағы.
Ағалар!
Адресім: көк шың Баян,
Тау жоғы Баян таудай өзіме аян,
Шолпан боп қалам
Ақсақ болсам дағы,
Жеңіс күн туың етіп жаным жаям.
Карсы алам, осы жалғыз аяғыммен, —
Деп Шолпан өжет жүзді баяғы рең, —
Ағалар, қош тұрындар! —
Сау күніндей
Жалт етті, бір аяқ, бір таяғымен.
Болса да жауынгерлер темір мінез,
Қалмады босаңсымай тап осы кез,
Қайран Шолпан! Күрсінді көкіректер,
Булығып алқымында айтылар сөз.
Майданбек тұра ұмтылып қыз соңынан,
Қолтықтап бара жатты оң қолынан.
Тәрізді ақсақ құлан қайран Шолпан,
Қайрылу қайда енді бұл жолынан?
Бітті оған,
Ол от кешер майдан түзі.
Бұйырсын Баян таудың дәмі-тұзы;
Сау қайтсақ, Шолпанды іздеп амандаса
Таппай қоймау мейлі қыс, жазы, күзі.
Деп соққан жүректердің дүрсілімен,
Мендағы
Қоштасып ем, күрсініп ем.
Кулагин
Машинаны шақырып ап,
Шолпанды кетті жолға шығарып сап.

2
Сұм фашист—
Қу соғыс,
Сорлатпаған жаның бар ма?
Адамға тура қарар арың бар ма?
Тұнығын дүниенің түнде лайлап,
Ұры иттей ұрттамаған қаның бар ма?
Сұм фашист -
Қу соғыс,
Ашылмаған сырың бар ма?
Жұлмаған, қуартпаған гүлің бар ма?
Қырусыз, қиратусыз, қиғылықсыз,
Өткерген күнің бар ма, түнің бар ма?
Сұм фашист -
Қу соғыс,
Шайқалтпаған көлің бар ма?
Қазбаған орың бар ма, көрің бар ма?
Шулатып көк орманның шашын жұлып,
Танкіңмен таптамаған жерің бар ма?
Талқандап сұлулығын табиғаттың,
Қиратып қаламды аттың, даламды аттың,
Ағызып қанды көбік езуіңнен,
Тонадың ақыл-ойын адамзаттың.
Салдың сен көкірегіме тырнағыңды,
Жұттың сен не аяулы ұлдарымды.
Оқ атып алтын күмбез мұнараға,
Бұздың сен өлең-жырда ырғағымды.
Қорладың сен солайша адам атын,
От шашып, оқпен ұрдың ар канатын,
У құйдың өзегіне сұлулардың,
Жұлып ап жүрегінен махаббатын.
Бомбаңмен төсін турап қайран жердің,
Түтінге күннің де алтын көзін көмдің.
Өлетін күні жақын
Қасиетсіз
Сұм фашист сен сияқты кезептердің.
Рұқсат сұрамаймын «кезек бергін!»
Жазаңды тарттыратын мына менмін!
Сыры еді көкіректе көп ширыққан
Өрт кешкен, қан төккен әр жауынгердің.
Бөлімі Кулагиннің бұл тыныста
Бұйрық күтуде еді алғы ұрысқа! —
Тып-тыныш неге осынша жатырмыз? — деп,
Тықыршып жүрген де көп жатса, тұрса.

3
Командир қашан шешім тапқанша өзі,
Жасырын іш қаныңдай сыры, сөзі,
Сөз деген; бұйрық, айқас, атылар оқ,
Соғыстың сондай қатал бар мінезі.
Кулагин
Жаны қанша кең болғанмен,
Кешкен жан сан шайқасты өрт жолдармен
Ашпайды айқас жайын ерте бастан,
Қашанда ол сыры тең түнгі орманмен.
Жауынгер арасында жай шақтарда
Шертілген шебер күйдей ырғақтарға
Жауынгер әнін тыңдап, өзі де ән сап беріп,
Жүреді көңілділік сыйлап қана.
Кейде ол қызық-қызық әңгімені,
Окопта, блиндажда шертер еді,
Ел-жұртын, сүйген жарын солдаттардың
Сұраумен жан күйлерін тербетеді.
Сыр ұғып, кірпігінен, қасынан да,
Көнбеуші ед оны бүгіп жасырғанға.
Күтімі,
Үсті-басы,
Жау жарағы
Тарих деп танушы еді ғасырларға.
Үзілсе біреуінің бір түймесі,
Күйрердей жәннатының дүниесі. —
Бері кел! - деп шақырып ап бұйыратын:
Түйме екеш түймеде, - деп, - әл-қуатың.
Қолбасшы болмаса да бар майданға,
От кешкен жылдан бастап көп айларда
Өз ісін, өз бөлімін басқаруы
Ұнайтын бізге дағы көп жайларда.
«Жер тарпып, кер айғырым, кісінеме,
Кулагин болу кірмес түсіме де,
Бірі боп миллиондардың жеңбей қайтсам,
Үстіңе ер салғызба, кісі деме».
Серті осы Майданбектің ант қып ішкен,
Қанындай қара ешкінің ұйып түскен.
Екі жыл Кулагиннің қарауында,
Келеді ол осы сенім, осы күшпен.
Толықты қатарымыз әм дем алдық,
Боп қалар шабуылға бізге жарлық
Тағдыры қанша жанның мойнында,
Жатпаған болар дұшпан қамсыз қалғып.
Тәрізді жылан салған темір сандық,
Жатыр-ау дайындалып біздерді андып,
Артық па, жаудың сырын біліп қою,
Болғанша шабуылға бізге жарлық.
Шешімі командирдің берік шешім,
Сағаттың сөз демейді ол ерте-кешін.
Шақыртып Майданбекті алды өзіне,
— Тіл керек, - деді басшы,
Ол не десін?
— Құп! — деді ойын ұғып Майданбек те,
Шақыра қоймайтынын біліп текке.
Тіл әкелу тілейді өжеттілік,
Ыспар қайрат, сындарлы «тесік өкпе».
— Құп! –деді ол,
— Тапсырам, — деді басшы саған сеніп, —
Қасыңа қос жігіт ал осы жерден,
Кімді аласың?
— Игорь мен Берікболды.
— Жолың болсын! -
Ақ жолға атасындай бата берген.
Майданбек сезді айқас жақындығын,
Менің де жалын орап атылды үнім.
Майданбек тартып берді жау шебіне,
Болмағай ол туралы акырғы үнім!

4
Штабтан Майданбектер шыққан тұста
Немістер сайланулы ед қанды ұрысқа.
Алды мен темірлерін азынатып,
Д үрлікті душар етпек қысылысқа!
Күркіреп зеңбіректер ауық-ауық,
Жер бетін темір жаңқа жатыр жауып.
Сайыста сай ішінен сая таппай,
Шырылдап шегірткелер жүрді шауып.
Түскенде снарядтар үстін қырқып,
Тас біткен шыңғырынды аспанға ыршып.
Бауырдай отқа күйген жер бырысып,
Өксиді өзен суы долы сыңсып.
Дүрбелеңге кездескен дүниенің
Иінінен ышқына алған демін.
Санағысы келмеген сабырлы күн,
Көтеріп түр күрсінген көк жиегін.
Жерден құйын соққылап, кектен жасын
Ойшыл қара орманның жұлып шашын,
Шынжыр балақ шұбар төс дүниенің
Оқ тепкенде дұғалы дулығасын –
Жүрегінен аждаһа қыршығандай,
Жер аунақшып «аһ» ұрды тыншыға алмай.
Кектен бомба гүрс етіп құлағанда
Жер ышқынды дүние тұншығардай.
Түбіне жүрегінің улар төккен,
Бұл сұмдық Майданбекке таныс көптен,
Жасырын
Жаудың сонау шебін көріп,
Шомды ойға кейде баяу, кейде өктем.
Жан емес жанын жүрген тастай алмай,
Орынсыз ұрмауы жөн тасқа маңдай.
Жау шебі жан жуытар сүреңі жоқ
Адымың — ажал оғын тастанардай.
«Япыр-ай, кайту керек, кайту керек?
Достарға мұны қалай айту керек?
Ажалға
Не көріне қарсы ұмтылып,
Немесе бұл жерден тез тайқу керек.
Майданбек, Майданбек деп бүкіл полк
Не үшін құрметтейді жақсы көріп,
Бірақта шабуылдың тағдыры үшін
Не пайда түк тындырмай кетсем өліп?»

5
Жоқ, достым,
Тұрғанымен ажал төніп,
Жауапты тапсырманы кетсем де өліп
Қайтуға орындамай правом жоқ,
Арбама, катер бұлты, басқа төніп!
Қош бол, қош, Жәмилам мен Гүләйімім,
Бір мен ем қуанышың, уайымың.
Майданбек осылайша іштей толқып,
Қос досқа сездірмеді бүл айыбын.
Сөйтті де
Өтер кезде жау шебіне
— Жолдастар! — деді
серік екеуіне, —
Артымнан қара үзбендер қалайда да,
Шегінбе командамсыз бір елі де.

6
Қырғидай желді күні түскен көктен,
Бетегедей аласа болып шөптен,
Бөденедей бауырлап басты ілгері,
Жамылып жапырақтан жасыл шекпен.
Ағызын самайынан маңдай терін,
Алқынған ішке тартып ащы демін;
Қарағанға, тастарға төс жыртқызып,
Қанымен сызып барад іштің кегін.
Төңірегін отпенен қоршап сызып,
«Індерінен» жыбырлап кіріп-шығып;
Ұрттарынан уларын шашып-төгіп,
Қиқулайды қырғыншы фашист бұзық.

7
Сай ішіне саялап,
Салқын жүзбен
Шыға келсе үшеуі салғырт ізбен
Жау жарығы жортып жүр жолбарысша
Ажалдай өлім тілеп жерді сүзген.
Жасыл егін жабырқау тұрған сұлық,
Жұлдызды үш жігітке «құлдық ұрып»
Алтын сабақ Жан баспас аралға ұқсап,
Үшеуінде койнына қойды тығып.
Елестеп көз алдына «жаназасы»
Бір сәтте кетті дерсің жау мазасы,
Аттан! Аттан! — дауыстар дүрліккенде
Ішусіз қала берді қазан асы.
Қанды ауыз қарулардан өлім бүркіп,
Даланы пұшайман қып қағып сілкіп,
Иегіне қадалған инені іздеп,
«Жау» кірген айналаны жүрді тінтіп.
Жеңіске Отан қосқан өмірдей боп,
Үш жігіт тарының үш дәніндей боп
Жатса да...
Жау бүйірін солқылдатты,
Бүйрегін ойып алар тәңірдей боп.
Болмаймыз жан тіріде жауға пенде,
Ант етеміз адым жер шегінбеуге.
Бұйрығын Отанымның бұзатын кім,
Оққа деген орын жоқ өр кеудемде.
Деп соқты жүрегі бұл үш жігіттің,
Үшеуі елшісі боп ұлы үміттің,
Көргенде жауды төніп келе жатқан,
Ылажсыз оқ шығарды автоматтан
Тіріде болмаймыз, — деп, — жауға тұтқын!

8
Паналап кейде егінді, кейде орды,
Бұлар да оқ атқытып онды-солды,
Шыға алмай жатыр жаудың қоршауынан
Япырым-ай, мұның өзі қалай болды.
Ауғанда түн ортасы Үркер өрлеп,
Оқ даусы тына қалды желдеп-желдеп.
Жаралы үш жігітті ағаш үйде
Кетік тіс бір офицер отыр тергеп.
Офицер:
— Айт деймін полктегі күштеріңді,
Жасырсаң сындырамын тістеріңді!
Майданбек:
— Беремін бұл сұраққа кейін жауап,
Әуелі тыңда менің іш кегімді.
Офицер:
— Не дейсің, сорлы тұтқын, денің сау ма?
Ұлтың кім?
Майданбек:
— Ұлтым совет.
Офицер:
— Қиқар жауға
Қашан да бұйырар азап, өлім
Майданбек:
— Өзім де күткен емен сенен сауға.
Жауына Майданбектің қайсар жаны,
Ғаріпсіп жасымады, тайсалмады.
— Ендеше өзіңнен көр, — деді неміс, —
Көнбедің құшағымды жайсам дағы.
Айтпайтын неме екенсің күштеріңді, —
Деді де жақтан ұрды, тістен ұрды,
Ол — ол ма, әкесінің кұны бардай,
Тепкілеп іштен теуіп ышқындырды.
Ышқынып... есін жиып Майданбегім,
«Қап залым! Қап-қап! Ызаң өтті-ау сенің,
Өлмесем кегіңді ертең қайтарармын!» —
Деді де тереңіне тартты демін.

9
Арада бір ме, екі ме, күндер өтті,
Тағы да тергегелі Майданбекті
Тырнағы кебесіне ине түйреп,
Алдына офицердің алып кепті.
Офицер бұл жолы оны алдап көрді,
Алдағы бағыттарын талдап берді.
Сүйікті сенімдіміз боласың деп,
Жазылған өздерінше мандат берді.
Алқынып ащы демі кеудесіне,
Майданбек туған елді алды есіне.
Мандатын лақтырып, сақ-сақ күлді,
Құдірет күштер ұйтқып зердесінде.
— Мен емес, сен тұтқынсың, сен жауап бер,
Мен емес, бүл соғысқа сен жауапкер.
Мен емес, ел тонаған сендерсіңдер,
Соныңа тізеңді бүк, сен жауап бер!
Қаракөз қасарысқан жаман қазақ,
Қайтеді-ей, жасамақшы кімді мазақ?
Деген сөз кетік тістен ысыл қағып,
Көзіне шыға келді қан мен азап.
«Ап!» деді ол ажал болып ерге теңді,
Майдан тұр өлімге де буып белді.
Сол кезде үй төбесі сықыр етіп,
Біз айтқан снарядтар соқты төрді.
Қаһарын бойға жиып жер мен көктің,
Қатулы ұшқан оғы зеңбіректің
Шығарды күлпаршасын штаб үйдің,
Бағына, сорына ма Майданбектің?
Бұрқырап алай-түлей от бораны,
Қан бояп көкжиекті өрт жолағы
Барқырап неміс біткен «құдайсынған»,
Мандайын жұдырықпен соққылады.
Түскенсің төбесінен көктен жасын
Жерге ұрып жатты фашист қан құлашын.
Майданбек қайда, достар, айтсаңдаршы,
Қосылды полкке кеп екі лашын.

10
Кулагин блиндажда, штабыңда,
Сөз деген әрқашанда қысқа мұнда
Серігі Майданбектің екі солдат,
Айтқанын айтты тағы тысқарыда.
«Майданбек жігіт екен ер жүректі,
Тайсалмай жау жендетін тілдеп өтті,
Командир, тізе бүгіп еске алайық,
Қайран ер қайсарлықпен өліп кетті».
Сол кезде сықыр етіп ашылды есік,
Гильза шам кайта жанды қалған өшіп,
Кетік тіс фашистке өзін арқалатып,
Майданбек кіріп кеп тұр от-су кешіп.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ
1
Бұл полк бүл күндері «еру» еді,
Бабына шайқас алды келуде еді.
Тағдыры тайталастың шешілмекші,
Шеп бұзып шекелесер шеру еді.
Өзеннің оңтүстік құм жағасына
Жастары ұқсас іні, ағасына.
Екі әскер әлгі әзірде келген еді,
Ол тұстың қалың еді ағашы да.
Шайқастан шыққан солдат есен-аман
Тәрізді бір өзіндік бүкіл ғалам,
Қондырып бақыт құсын кеудесіне,
Нұр жайлар тұман ойлар бұлдыраған.
Шайқаста қайран ес-түс шайқатылған,
Тербеліп жер бесіктей алда тұрған
Ақ кұстай жан қанатын желпінеді,
Тәрізді гүлжазира жайда тұрған.
Өмір-ай,
Әм мейірбан, әм қатыгез
Кезің бар
Үлгіре алмас көмейде сөз
Қас қағым:
Өлім тірлік несібең боп
Нұр жайнар, не жұмылар мәңгіге көз.
Майданда жауынгердің білер заты, -
Шайқастың тек осы бір ақиқаты.
Соларды біле тұра,
Ел-жұртына
Адал боп өту солдат мінажаты.
Білгенде солдат білсін өмір құнын,
Әр жүрек гимн етіп жеңіс жырын,
Өлмеймін,
Өлтіремін,
Жеңемін! — деп,
Жолбарыс дерсің жауға ұмтылуын.
Көрдік қой,
Өзіміз де болдық солай.
Жан беру дейсің сонда кімге оңай?
Достар-ау,
Өлтірмесең, өзің өлдің,
Сондықтан қимылдайсың соған орай.
Адамның өзі құйған оқ-қорғасын,
Сұмдық-ай,
Жояды сол адам басын,
Ми жетпес мылқаулықтан мәңгіресің
Соғыстың көріп сондай сұрқиясын.
Жасаған сонша қырғын қанды ұрыс,
Фашистер жүрген жері оқ, өрт қылыш.
Қирату, қыру,жою,
Сол жыртқышты
Жайпамай жаның қайтіп табар тыныш!
Семсердей сертімізден майырылмайтын,
Берік қол қызыл тудан айырылмайтын,
Советтік жауынгерлер майдандастық,
Болсын деп,
Ғасыр
Ұрпақ
Қайғырмайтын.
Сойдағы бірі болып миллионный,
От кешкен Майданбекпен бірге болдым,
Оған да,
Өзіме де
Сан шайқаста
Кездескен куәгермін бақ пен сордың.
Деп едім:
Өзеннің құм жағасына
Жастары ұқсас іні, ағасына
Екі әскер келген деп ем әлгі әзірде,
Ол тұстың қалың деп ем ағашы да.
Біреуі қараторы ұзын бойлы,
Болғансың
Кім екенін сезе қойдым,
— Майданбек, Майданбек! — деп дауыстап ем,
«Әу!» демеді отырған болар ойлы.
Ой деген солдаттың жан рахаты,
Адамды көтереді ой канаты.
Кейде ол канат емес, қорғасын боп,
Солдаттың көңіл күйін сорлатады.
Майданбек дала мінез жаны сергек,
Келген жоқ бұл жағаға іздеп ермек.
Қасында тығыршықтай жуан қара,
Сөйлейді арғы бетке қолын сермеп.
Шешінген екеуі де киімдерін,
Түртеді толқын лебі бүйірлерін,
— Бошеке, — дейді Майдан, — сізге қалай?
Блиндаж, окоп, өзен — үйім менің.
Не пайда ойлағанмен Сарыарқаны,
Осы жер маған Баян, Қарқаралы,
Көкшенің биігіндей ыстық маған,
Төмпешік қорғап қалған біздерді аман.
— Бәлі! — деп Бошан ұртын үріп іштен,
Қолымен аузын басты, жағын тістеп,
Шыдамай келер сәтте сөйлеп кетті,
— Сөйлесу қиын екен сен «білгішпен».
Жыл ғой бұл бізді бүкіл дала ұмытқан,
Әке-шеше, әм қатын, бала ұмытқан.
Айтшы сен, білгіш болсаң, ей, Майданбек,
Құтылар күн жақын ба, бүл сұмдықтан?
Майданбек:
— Бошеке, жасың үлкен өмір көрген,
Сізбенен мен ғана ма майдан келген,
Үлкендер айтпаушы ма ед,
Қанды айқассыз
Қара бұлт арылмас деп басқа төнген.
Бошан:
Сөзді қой, жігітім сен, «жеңген-меңген»,
Әдемі сөзді мұндай естіп көргем.
Келеді жасай бергім талай өмір,
Білемін қайтпайтынын соғысқа енген.
Майданбек сақ-сақ күлді мұны естіп,
— Дейміз-ау, сіз бен біз де туып өстік,
Елде де тірілмеген өлген адам,
Солдатпыз,
Көлеңкесі емес көштің.
Жіңішке мың-мыңдаған қан тамырлар
Біздегі жауға деген кек пен өштің.
Құрмет қой елде жатып ез болғанша,
Жарқ етіп нажағай боп айқаста өлсек.
— Білгірім, философым, соқ-соқтағы, —
Деп Бошан кекеткенсіп қорсаңдады.
Майданбек:
— Бошеке, философың ол не нәрсе,
Түсіндір мен жылқышы болсам-дағы.
Бошан:
— Рас-ау, білуші ем бірталай коп,
Не пайда көрдім одан майданға кеп?
Көптің бірі... көк мылтық, сірі етікпін,
Бұрынғы ақылым да, айламда жоқ.
Дәлдеп айтсам, қарағым, Майданбегім,
Жөн бе еді бүл соғысқа мен келмегім?
Ендігі
Облыстық бір басшы боп,
Шіреніп кабинетке кірмес пе едім?
Майданның хабар-ошар дегендерін,
Жайымен төрде отырып білмес пе едім?
Әлеумет! Бәрі майдан үшін деп дулатып,
Зырлатып машинамен жүрмес пе едім?
Ойхой, мен жайшылықта қандай едім,
Бір елдің демесем де маңдайы едім,
Ауданда бір бөлімде іс басқарып,
Кәдімгі әкім едім, жайраң едім.
«Бошан» ат жоқ, тек қана «Бошекелеп»
Сүт үстінде қаймақ едім,
Бет қағусыз — ендіркелеп,
Көк жайлаудай жайнап едім.
Көзде очки, қолда таяқ,
Баста қалпақ, тоқпақтай мұрт
Майданбекке бетін бұрып
Енді міне бәрі ұмыт.
Саулығым да кетті кеміп,
Түс көремін түні бойға
Көрмегенді жүрмін көріп.
Майданбек:
— Келдім деп пе ең мұнда тойға,
Мұның ұят, жалғыз сен бе,
Сенен де зор қызметте адам
Майданда жүр қан мен терде,
Отанға бұлт төнген заман.
Қал маған да майданға енді,
Өлең-жыры сауылдаған.
Малайсары майданда өлді,
Домбырасы дауылдаған.
Агроном Ырысбекті,
Сүюші еді бүкіл аудан,
Көсем өзі дұрыс депті,
Жерді арылту әуел жаудан.
Қыз мінезді бір жан еді,
Бар ниеті егінге ауған
Қызметіне ел таң еді,
Егіні өсіп омыраудан.
Кеше көрсем майданда жүр,
Біздің колхоз мал дәрігер,
Замком бопты маңғаз Мәнсүр,
Бір бастық ед ол да елдегі.
Ел-жұрт қызыл қанға батса
Кім болмақсың жалғыз қалып,
Коппен бірге қабырым жатса,
Көрдің өзін көрем жарық.
Мен—
Жылқышы —
Сауатым аз.
Сен болсаң, сен - аудан әкім.
Жүрек ауру бұл сырқатың,
Қырсық екен, тез емдеп жаз.
Шыда, шыңдал, қиынды жең,
Бола бермес соғыс жылда,
Өлсең егер ерлікпен ол,
Қадірлі боп ұлдан ұлға.
Майданбек тағы кайта сөйлеп кетті –
Десең де
Оларым
Сол даналықтан.
Еншіңді бөле алмаспын балалықтан.
Мұныңды мен естиін, ей, Бошекем...
Құрмет не, бүкпесі жоқ адалдықтан,
Ішінде ұры ит барма ед, үнсіз жатқан?
Бошан:
— Айтасың-ау!
Айтуға оңай,
Қандай еді қызмет бабым.
Әрине, ол саған солай
Жылқы ғой бар аруағың.
Үйім қандай мынау деген,
Ішуші ем тек дәмді асты,
Майданбек:
— Не деп тұр-ей, мына албасты,
Неден мұнша қара басты.
Кім екенім біледі «Алға»,
Жылқышымын жылқы баққан.
Өліп кетсем алда-жалда,
Жалғыз мен бе ажал тапқан?
Ақтылы қой, сиыр, түйе,
Колхозымда дала толған —
Майдан үшін күллісі де,
Біріне де қапа болман.
Дәулет түгіл, мінекей бас,
Аяр не бар осы жолдан,
Шығарғанша көзіңнен жас,
Соқ дұшпанды оңнан-солдан.
Кімге қажет кеңсең сенің?
Кімге қажет үй, айлығың?
Кеңсеңнен сенің кем бе ед менің
Ақ құрығым, торы айғырым?
Бошан:
— Көрген бе ед үсті-басым
Кіршең басып, тозаң жолап?
Майданбек:
— Жақсы соғыс, киім, асың,
Кеңсең, шенің тағы болад.
Бошан:
— Ей,білмеймін...
Майданбек:
— Қысқарт, Бошан!
Шеш көйлегің үстіндегі,
Жу кірінді болмай босаң,
Бұл сиқыңа құс күледі.
Шеш үстінді, саған айтам,
Жуар деп пе ең әйелің кеп?
Бошан:
— Кеш боп кетті, қойшы, кайтам,
Ауырармын болып безгек.
Майданбек:
— Не деп тұрсың, қорқақ сайтан,
Жуасың ба, жоқ па кірін?
Шешін деймін, шеш!
Тағы да айтам,
Білесің ғой менің жыным!
Ол томсарып жауап қатпай,
Майданбекке зілді қарап
Тыжырынды түк ұнатпай,
Өзін әлі әкім санап.
Көтеріп ап аш белінен,
Майданбек, ал, өзенге атты.
О несі екен сонша ерінген
Жаның рахат жана тапты.
Судан шыққан тышқандай боп,
Бір кездерде Бошан шықты,
Майданбекке жолаған жоқ,
Тоғай жаққа аңша зытты.
Киімінің суын сығып,
Отырғанда ол тал түбінде,
Екі иісшіл тұрған бұғып
Ым қағысты бір-біріне.
«Болды міне жолымыз», - деп,
Күбірлесті, күлімдеді.
«Бола қоймас оныңыз!» - деп,
Майданбек тез басты ілгері.
Отыр еді Бошан бейғам,
Қос фашист кеп бассалды оны,
Қарсылассын Бошан қайдан,
Қайрылды артқа екі қолы.
Алып жүре берген шақта,
Мұрттай ұшты бірі жаудың,
Айдап бара жатты штабқа,
Жылқышысы Баян таудың.

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
1
Алғашқы кезі жаздың бір,
Блиндажда отырмыз.
Аспаннан маржан кұйып тұр,
Ортада кешкі отымыз.
Өзің өлмей,
Өлтіріп,
Айқастан аман қалғанда;
Қуанбау деген өтірік,
Қуаныш болса жалғанда!
Ойында ол кез болмайды,
Алдағы шәлкем тағдырын...
Не керек ойлап ондайды,
Қалғасың аман жан бүгін.
Сөз емес тіпті солдатқа,
Денеде аз-маз жарақат,
От басы мынау бейуақта
Курорттай керім рахат.
Қиялың кезіп тарапқа,
Саяхат жасап шарлайды,
Әзілсіз күн жоқ қазақта,
Әзілсіз оты жанбайды.
— Тәтті екен мынау консерва,
Балығы ғой Балқаштың.
— Макоронды қой алға,
Арпаны кім жер, неге астың?
— Тастап жібер комбинжир,
Бүгінгі тамақ тамақ - ақ!
— Отқа ағаш сал, күлін ысыр,
— Қасықты бері жағалат!
— Әйелден артық бұл Ғабдір,
Біледі екен ас бабын,
Блиндажда бас повар,
Таласы бар ма басқаның.
— Жоқ!
— Дұрыс-ақ, сайладық.
— Сайлау емес, бұйрық!
— Ия, осыған байладық.
— Тапқаның мен бе жиылып?
— Тасбақа торы Сақтаған,
Ылайықты-ақ поварға
Помком взвод мақтаған...
— Әй, сенбеймін онына.
Концентрат бере алман,
Сақ ағаңның қолына,
Берсем қайта көре алман!
— Сендерше мен обыр ма?
— Ашуланба, қызарып,
Арамдыққа жорыма!
— Өздерің ғой ыза қып,
— Кектенемісің соны да?
— Бұларың сонда қай мазақ?
Замкомге берем рапорт!
— Мұныңның өзі босқа азап,
Қалжыңды ұқ, қыңыр мұрт!
— Правомды қорғамай,
Аскорвит бола алман,
Есінде ме, Оңалбай,
Қарындашың жоғалған,
Осылар алмай, кім алған?
Ұмытсаңдар мен кіммін,
Танытайын көкенді,
Бір зиянкес өткен түн,
Ұйқымды бұзып жөтелді.
— Жөтелген Ғабдір, соны жаз,
Деді де бәрі ду күлді.
Әзілшілдер болды мәз,
Сақтаған іштей бүлінді.
Шығып кетті Сақтаған...
Арызқой еді «білікті».
Майданбек, Ғабдір, Игорь да,
Қаламына оның ілікті.
Арыз жазды өртеніп,
Политотдел басшыға.
Қалды ма деп кұс көріп,
Тыға қойды астына.
Шығысымен Сақтаған,
Ұзын сирақ Төленді,
Өлеңіңдей жаттаған,
Бір жайды шерте жөнелді.
— Ақылдаспай болмайтын сендерменен,
Бір іс бар, - деп бастады сөзін Төлен.
— Е, қойшы, — деді бірі солдаттардың,
Таусылмас сендегі бос мылжың деген.
Төленнің рас еді мылжыңы да,
Достары әбден қанық ол сырына.
— Жоқ, — деді ол, — бос сөз емес бүл айтарым,
Тыңдамай жатып неге бас шайқадың?
Өйтіп сен тие берме ол жыныма.
— Жарайды, бастап көрші айтарыңды,
Қағамыз мылжың болса сайтаныңды!
— Ендеше... соларыңа мен де тұрдым...
Тыңдаңдар, теңіз қалай шайқатылды?
— Уау деген...
Аяқ алыс кетті қайда?
Тауысып әңгімені жерлік жайда,
Теңізге, көкке тартты Төлен батыр.
— Тыңдайық серттестік қой...
— Алайта ғой...
Төленнің әңгімесі шұбыртпалы,
Үзілмей тартылатын суыртпағы.
Бұл жолы
Достарына серт берген соң,
Сөзіне қиқым-сиқым жуытпады.
Кулагин
Әр шайқастың өз тағдырын,
Шешуді ойлаушы ед күні бұрын.
Ол үшін жау шебіне шолғын жасар,
Жақсылап білу үшін жаудың сырын.
Дейді ол:
— Жау жасағын шолу деген
Келер күн, келер сәтті көру деген.
Тәуекел тағдыр шеше бере алмайды,
Батылдық, батырлыққа сенуменен.
Жасағын,
Бекінісін,
Қаруларын,
Жер жәйін
Білу қажет әммәларын,
Үйреткен бізге соғыс ғылымы бүл,
Солайша ауыздантқан от пен жалын.
Бұларсыз
Тұра ұмтылу — босқа арандау.
Жау болса емес аян анау-мынау.
Шайқаста жауға соққы берерліктей,
Айқасар арыстанша күш дайындау.
Міне осы Кулагинде берік байлам,
Солдатсыз қашан жеңіс тапқан майдан.
Арманы шығындатпау жауынгерін,
Қан қырғын біткенінше канат жайған.
Айқасқа бұйрық күтіп алдағы апта,
Қажет деп разведка, бар разведка,
Ысылған Төлен, Игорь қос жігітті,
Кулагин жіберіпті дұшпан жаққа.
Төленді сөйлеуші еді сәндеп-мәндеп,
Жігіттер: «Сөздерінің өзі ән» деп
Әзілдеп, көтермелеп күлісетін,
Нақыштап сөйлегесін үнін дәмдеп.
Жүйріктей ұзақ шабар, Жайлап бастап,
Шертетін әңгімесін шебер наштап.
Шолып ап тыңдаушысын қоштау тапса,
Жүйткіген құлан дерсің түзге ойнақтап.
Бұл жолы мүлде өзгеше күйінгендей,
Ішіне тас түскен қол тиірмендей
Сөздері күтірлей ме, қайтеді өзі,
Ішегі өзегін де түйілгендей.
Не сыр бар жанын мұнша үйіргендей,
Қабағы жауар бұлтша түйілгендей?
Есен-сау қайтты емес пе жауды шолып,
Кулагин болған жоқ па ед сүйінгендей.
Кулагин сүйінгені ақиқат-ты,
Сонда оған айта алмаған бір сыр қапты,
Жігіттің жанын жейтін қасірет сол,
Сапары болғанымен сонша сәтті.
Төлен:
— Айтпай-ақ қояйыншы ол бір жәйді.
Жігіттер:
— Мұның не?
— Айтпауыңа еш болмайды,
Солдаттан солдат сырын бүгер болса,
Іш мерез дейміз онда біз ондайды.
Емендей иілдіріп көп тілегі,
Желді күн жанар оттай үргіледі.
— Жау шебін шолып кайтып келе жатып..
Деді де Төлен үні күбірледі.
Оқиға сонда былай болған екен,
Жау шебі өзен екен, орман екен,
Дәу өңеш зеңбіректер құрып тастап,
Бергі бір селенге жау толған екен.
Өтті де Төлен, Игорь соны жанап,
Бұқпалап бұта ішінен жатса қарап,
Көкшолақ қасқырлардай кекіген жау,
Шулатып, қырып-жойып жатыр талап.
Шықырлатып тістерін,
Тереңнен тартып іш демін,
— Игорь-ау, — деді Төлен, — неткен мазақ,
Мұндайға шыдамайды біздің қазақ,
Атамын
Жайратамын бірнешеуін,
Көргенше өлген артық мұнша азап.
— Жоқ, Төлен, рұқсат жоқ оқ атуға! —
Деп Игорь тыйым салды жолдасына,
Жау сырын жеткізе алмай өліп кетсек,
Мақсатты мерт етеміз жол ашуға.
Сөз бітті,
«Аман қайту!»
Бұйрық солай...
Өзен жақ болар «жансыз» жатқан тоғай
Дұшпанның шеңберінде
Бұл арадан
Болмайды бас көтеріп түн орамай.
Сонымен... күн батуын күтіп жатқан
Екеуі көз алмайды селен жақтан.
Қан тулап, от тигендей қайнайды кек,
Сәбидің дауысын естіп шырылдатқан.
Ұмытпа, дүлей дұшпан, осыларың,
Қылышқа мойындарың тосыларын!
Бір ғана белес асты тұр ғой әне,
Қаныңның тия алмассың жосығанын! —
Деп жатыр екеуі де тынып іштен,
Тәрізді кек отынан жалын ішкен.
Күн баба алтын көзі күреңітіп,
Арайын құшар кезі ед жай жүріспен.
Жиекке тақау үйдің әйнегінен,
Бір адам қашып шықты әйел рең,
Іш ертін көк толқынмен сөндірмектей,
Құйындай сол бетімен зыр жүгіріп
Өзенге лақтырды өзін бірден.
Айрылған «жемтігінен» кәрі арландай
Офицер сары ала иық, тарғыл маңдай,
Бұрқылдай аш бурадай қуа шығып
Бірін сап, түймесінің бірін салмай,
Оқ атты әкесінің құны бардай.
Жас әйел денесіне оқ дарытпай,
Тік жардан суға атылды ақ балықтай,
Содан соң енді кайтып көрінбеді,
Қызыл қан бірге кетті ерніңдегі.
Қорлатпай дұшпанына ар-намысын
Орыс қыз, орыс ана жолбарысым
Махаббат тазалығын алау етті.
Тереңге сол пәктігін ала кетті.
Тік жардан секіргенде әйел суға
Көк өзен жоқтау айтып басты шуға.
Бір нәрсе су бетіне шыға келді,
Сандық па, орамал ма, әлде ту ма?
Толқыннан жұла қашып, толқын қағып,
Өзеннің арнасымен төмен ағып
Тұсына екеуінің келген кезде,
Төленді дәу бұтақпен іліп алып,
Отыра кетті орнына бұғып барып.
Ол езі емес екен жай орамал,
Ақ жібек екен жазда шашқа оранар,
Жазыпты төрт бұрышына аты-жөнін,
«Жоқ, — депті, — махаббатқа ешбір өлім!»
— Кім екен аты-жөні?
— Өзі қайда?
— Өзің кім?
— Топассың-ай осындайда,
Орамалды айтам да, орамалды? —
Деді де Төлен кенет үнсіз қалды.
— Әу! — деді, — фамилиясы кестедегі:
«Басшыңа түйінімді шешпе» деді.
— Не дейді?
— Не деп отыр мынау өзі?
— Мылжың деп жүрсек нағыз бөспе ме еді?
Әңгімешіл Төлен де сезім де алғыр,
Шайқаста бастан кешкен талай тағдыр
Орамал сырын кейін тартпақтайды,
Мейлің сөк, мейлің ұрыс, мейлің жазғыр.
Жүрегін командирдің жаралауға,
Жан күйі Төлендінің бара алмауда.
Жантая кетті сұлық бір күрсініп,
Ар жағын тілі бармай тарамдауға.
Төленнің құлыптаулы сезімінде,
Аян сыр болғанымен бір өзіне,
Болар-ау түп тамыры ортамызда,
Болайық біз де ортақ бүл төзімге.
Шыныққан шайқастарды басқарумен,
Мұз төсеп қыста ақ қар жастанумен,
Біріндей қатардағы жауынгердің,
Келеді Кулагинге тағзым бергің.
Қу соғыс басталардан ілкі күнде
Әйелі кеткен екен төркініне,
Бақыт қой кіндік кескен жерде болу,
Өмірге бөбек сынды ерке күнде.
Селені төркінінің түкпірде екен,
Адамға қандай ыстық туған мекен.
Ай жатып төркінінен кайтар күндер,
Оқ жауды бомба бұрқап, жер сілкінткен.
Біздің күш қарсы шапты ел жауына,
Ол селен қап қойды жау қоршауында.
Захар болса әскери бір командир,
Москваны қорғасқан өрт дауылда.
Хабарсыз жан жарынан содан бері,
Үш жылдай болса да ол күйінгелі
Сездірген емес бір де жауынгерге,
Жатса да жалын атып іште шері.
Болушы ед Майданбекке ықыласты,
Бірде ол соған ғана сырын ашты.
— Жан жарың жаудың қалса қоршауында
Қасірет бар ма ерге бұдан ащы?
Тамарам, қайран менің махаббатым,
Не күйге түсірді екен жау албасты? —
Деді де ауыр ойға шомып Захар,
Қиялы кезіп кетті қилы сапар...
Мұншама неткен төзім деп ойлайсың,
Біз түгіл тарихты да таңырқатар.
Тез сергіп ауыр ойдан қорғасындай,
Солдатты жабырқатпас қолбасыңдай
Басқа бір жайларды айтып көңіл ашар,
Отырды шыңға шабар лашындай.
Майданбек:
— Ол сондай күн еді-ау бір,
Мынау не енді?
Қысқарт, Төлен, қырсықты әңгімеңді
Сүзек ауру тәрізді созбаламай,
Қайда деймін орамал, әпкел бері!
— Қысқартсақ, ал ендеше қысқартайық,
Бірақта Кулагиннен сыр сақтайық,
Командир болғанымен ол да адам ғой,
Жөн болмас, оның жанын жылатпайық!
Майданбек те осылай сезінгенмен,
Жетпеді онда енді төзім деген,
— Жасырып Кулагиннен кім болғаным,
Онан да он есе артық өзім өлген.
Әйелі сушыл шығар, сендей емес,
Сушыл жан су дүлейге ырық бермес,
Қалқытып орамалын су бетіне,
Дұшпанға берген болар «өлген елес».
Деді де ол ойын түйді екі түрлі
Әйелді тірі санау соның бірі.
Екінші — командирден сыр жасырмау,
Солдатқа қасиет жоқ одан ірі.
Сөйтіп ол көнбей Төлен бұлтаңына,
— Тықсаң да шығар, — деді, — ұлтаныңа.
Майданбек бір беттесе қайтарып көр,
Сәт бермей Төлендіге бұлтаруға.
Бассалып тінтіп оның қойны-қоншын,
— Сөзді қой, айтқаныма көн де бой ұсын,
Солдаттың жаны қылыш жүзіне тең...
Бола бер соғыстан соң үйінде ойшыл, —
Деді де өрт шоғындай орамалды
Майданбек тінтіп тауып қолына алды.
Қолына ап от сәулеге жақын ұстап,
Кестесін оқып... сұлық тұрып қалды.
Аралап взводтарды бір-бір шеттен
Кулагин ойда жоқта мұнда жеткен,
Кезі еді
Орамалда кесте жазу
Әуелі тәрізденді бетін өпкен.
Содан соң қасірет болды еңіреткен, —
Тамарам! Тамарам ғой мынау менің, -
Деді де кемсендеді қатқыл ерін.
— Бұл қайдан, шыныңды айт, тегін емес?
Сұмдық сыр көз алдына берді елес.
Төрт-ақ сөз кестеленген торт бұрышта
Пәк таза махаббаттың сөзі қысқа,
«Захар Кулагин, Тамара Кулагина»
Сайрап тұр, мен қоршауда, сен ұрыста.
Майданбек ойлағандай рас шығар
Тамара сушыл талмас құлаш шығар.
Әлде ол Төлен, Игорь көргеніндей,
Тереңнен енді қайтып тұрмас шығар?
Жеткенше қашан егжей-тегжейіне,
Жан жарын өлді деуге сенбей мүлде,
Кулагин үмітінің қанатымен,
Қайтадан көтерілді өз деңгейіне.

2
Қаһары қақ тілердей қара тасты,
Қайсар жау қасарыса қарсыласты.
Қалжырап қалғып кеткен қалың орман
Бүгін де оразасын оқпен ашты.
Екінші,
Үшінші жыл,
Төртінші жыл,
Қан соқта бітер емес соғыс құрғыр,
Қапыда қасқыр жарған қара нардай,
Қансырап қайран дала жатыр дал-дүл.
Жер-ана
Алып жүрек құдіретпен
Жазар ғой жарақатын жапа шеккен,
Адамдарды айтсаңшы,
Қанды айқаста
Қағынған жау оғынан өліп кеткен.
Арманда кетті-ау, дүние-ай, талай қыршын,
Ақ маңғаз,
Сақа сарбаз,
Жас бүлдіршін.
Арманын дастаныма жүрек еттім,
Құрбандар бір тірілсін, мың тірілсін!
Сендердің, ойхой, сол бір қимылдарың,
Шалқыған шалғайларға өшпес жалын.
Қойынын Жер-ананың суытпайды,
Ақ жолда ақ тәніңнен тамған қаның.
Қоштасам деп пе ем, достар, сендерменен
Майданға аттанғанда туған елден,
Есен-сау жауды жеңіп,
Қайтамыз деп
Серттескен семсер едік таң сәріден.
Мен несін тірі қалдым, сендер өліп,
Жан шіркін мұны сезіп, мұны көріп,
Торғайдай өрт ішінде шырылдаған,
Тебірен жыр перзент от жасың төгіп.
Жайлы жат, ыстық достар!
Ыстықсыңдар,
Ұрпаққа қалдырдыңдар ыстық сырлар!
Жалын боп жанып түсіп сендер енген
Қойыны Жер-ананың болмас мұздар.
Білеміз тарих баба биіктігін,
От кешіп опат болған сүйікті ұлын
Көтеріп шың басына жалау етіп,
Шертерін хикая етіп көріп тұрмын.
Алайда...
Бір күн тірлік — мың жылғы жұмбақ,
Мәңгіге арамыздан кеткен ұзап
Жайлы жат, жанқияр дос, қаруластар,
Сілтенді жау мойнына өлім тұзақ
Сеніңдер,
Өзің түгіл өлімдерің
Күйретіп жатыр жаудың темірлерін,
Тұрсындар биіктерден қарап, көріп,
Қас жаудың қабырғасы сөгілгенін.
Жайлы жат, бауырларым, туыстарым,
Бұдан коп аялдауға ұрыстамын.
Оқтаулы автоматым «бол, бол» қақты,
Кім кешер арсыз жауға туыс қанын!
Москваның түбінде
Тұмсығынан
Соғылған жау
Әліде құтырудан
Танбағансып, қаптатып темірлерін,
Бекініп ап бетпе-бет ұмтылуда.
Қаһары қақ тілердей қара тасты,
Есірік ескі әніне қайта басты,
Қалжырап қалғып кеткен қалың орман,
Тағы да таңғы ұйқысын оқпен ашты.
Қаптатып жіберді жау темірлерін,
Қайсарлық бізде де аз ба, шегінбедім,
Снаряд, бомба, ажал қорғасындар,
Білеміз жынданарын, желігерін.
Достар-ау, білесіңдер бүл сондай жау,
Өзінен өзгелерді кұрту, жалмау,
Жүрсе де тілерсектен қаны саулап,
Сойқаны әлі дырау, қапы қалмау.
Қасқырдай қайта-қайта жараланған,
Шулатып зеңбірегін ала таңнан,
Лап берді ызалы жау
Биік жардан
Теңізге қарғығандай өңшең арлан.
Лап берді аждаһасы ысқырған ғой,
Арттарына мүсәтір қыстырған ғой,
Лап берді жаяуы да, темірі де,
Іштегі жыландарын күш қылған ғой.
Бүйтерін білген біздің майдан басшы,
Бұйырды,
Біздер қарсы майдан аштық.
Шабуылға шабуыл шартпа-шұртта,
Оқ борап отқа толды аспан асты.
Бөлімі Кулагиннің маңдайда еді,
Әскерін өзі бастап майданға енді,
Көтерді шабуылға Майданбек те,
Сай тұрған бір рота майдангерді.
Жылқышы
Қасқырларға қарсы шапқан,
Дауылды дала мінез, бала жастан
Майданбек
Жүрек шайлы жігітің бе?
Сол жайлы сондықтан да осы дастан.
Ал қазір мүлде басқа мұндағы екпін,
Саналы санаулысы жау жүректің,
Қазіргі сезім оты мүлде басқа,
Арманы, ар-намысы ыза–кектің -
— Сұм фашист, — дейді оның сезімдері,
Дәуренің қайда алғаш кезіндегі,
Мен болсам әділеттің семсерімін,
Сен болсаң қарақшысың теңіздегі.
Салдың сен көкірегіме тырнағыңды,
Жұттың сен не аяулы мұрадымды.
Оқ аттың алтын күмбез мұнараға,
Бұздың сен ойын-күлкі ырғағымды.
Қорладың,
Қарақшы жау,
адам атын,
От шашып, оқпен ұрып ар канатын,
У құйдың өзегіне бикештердің,
Жұлып ап жүрегінен махаббатын.
Ұмытпас сойқаныңды
Ұрпақ,
Тарих,
Әділ іс зұлматты жеңбегі анық
Қасқырдай көк жұлын боп жатсаң дағы.
Өлмексің өлсең дағы бұзып-жарып.
Құпталық Майданбектің шындық сырын,
Күтпеген едім мұндай толғам бұрын,
Төрт жылғы қанды майдан толғантқан ғой
Төрт жылғы толғантқан ғой ауыр шығын.
Бүл күнгі шабуылы қайсар жаудың,
Тәрізді гүрс еткені өртті таудың.
Бұдан соң күтер сәті таусылғандай
Жау шапты жер мен көкті қаусырардай.
Астына ап тамам темір омыраудың.
Біздің күш нажағайлы қалың бұлттай,
Тынбасқа бел байлаған жауды кұртпай.
Тұмсықтан қайта-қайта соғылса да,
Жау бүгін табар емес тыным кұрттай.
Көк долы ақтық деммен ышқынады,
Көк темір көмейлері ысқырады.
«Өлтірем!
Жеңем! — деген сойқан үнмен,
Ми жетпес мылқаулықпен күш қылады.
Біздің де сөйлеп берді оқ қарулар,
Не өліп, не өлтірмей емес тынар.
Атыңнан айналайын «катюшамыз»
Атқылап құйып берді оқ жаңбырлар.
Қорқары фашистердің, немістердің,
От құйын Катюшаның «жемістері».
Оқтары оның барып түскен жерлер,
Ойпатты жау тәнімен тегістеді.
Отының ұшығына көз жетпейді,
Оғының ұшы мына көз жетпейді,
Ауыр жыл
Соңғы айқастар соққыласта
Катюша құдіретіне сөз жетпейді.
Әділ іс үшін туған бұл бір әзіз,
Көп қой көп сен туралы майданда аңыз,
Көтеріп еңсемізді тастаушы еді,
Дегізіп: «Міне біздің қару нағыз!»
Мың алғыс тағы да айтып қолбасшыға,
Алғандай Катюшаны жолбасшыға
Жердегі жаяу әскер құдіреттенеміз,
Сезсек те өткен шығын толмасына.
Көргені осы еді оның Майданбектің,
Тұтасқан дауылындай жер мен көктің.
Қылыш жүз қызыл оттар тұтас шалқып,
Жау шебін тастайды да бір-ақ тарпып.
Ал өзі
Қас қағымда
Сағым бейне
Ғайып боп кетті дерсің қайда тартып?
Бергелі кеткен болар жауға «тарпып».
Содан соң
Екі жақта
Қарсыласын
Қырмақ боп бір-бірінен күшпен басым.
«Ойнатты» оқ тілінің музыкасын,
Айғыздап ауаны отпен қызыл-жасыл.
Атқылап бір-бірінің тылын, алдын,
Жүйткіп жүр арс-ұрс етіп ажал малғұн.
Адамды қан шелпек қып жатқаны анау,
Адам өзі жасаған қарулардың!
Алайда...
Біздің оқтар әділет оқ,
Жазықсыз жанға өлім тілеген жоқ,
Көкітіп көк темірлі шапқыншыны,
Несіне жасамақпыз біз тірі боп?
Ендеше
Жауға ешқандай жоқ рахым!
Қаққандай періштелер ақ канатын
Аққу төс, қаз кеуделі сұңқарларым,
Айқасқа шықты ту ғып Отан атын.
Аспанда боп жатқанда алуан айқас,
Далада тіл жетпестей қызды шайқас,
Бомбадан,
Зеңбіректер тепкісінен
Шыңғырып күлпарша боп жатты қойтас.
Соққылап екі жақтан оқтан жаңбыр,
Сай-сала адыр-алқап болды дал-дұл,
Құрбан боп жатыр шайқас даласында,
Өлімге адам қимас небір балғын.
Өртеніп жатқан орман мүлік қанша,
Қызды ұрыс жаңбырлы бұлт тұтанарша
Күміс көл кернейді өзен толқындары,
Қан құсар халге жетті парша-парша.
Атқыштар
Зеңбіректе оқ тауысқан,
— Снаряд!
— Снаряд!
— Тез! — деп дауыстап...
Пулемет,
Минометтер атып-атып,
Кезі еді орындарын сан ауысқан.
Қыруар қилы-қилы снарядты,
Үсті-үсті машиналар беріп жатты.
Көбісі-ақ аман қайтып, кейі күйреп,
Бұлар да бастан кешті сан азапты.
Қасында ойнақтаған құлыншағы,
Тентегі, еркетайы, ұрыншағы,
Жүгіне оқ тиелген қасқа бие
Оқ асты құлынына болмақ ие,
Кісінеп аузы түгіл, тар құрсағы,
«Қатар жүр! Алыс кетпе!» — деп ұрсады.
Құлыны үшін жан-тәнімен бәйек бие,
Жүк тартып келе жатқан сол күйінде,
Сұлап түсіп жатса да кісінейді,
Қайран ана көкірек сорлы дүние.
Тез тыйып жас құлыншақ еркелігін,
Аттантып оралмасқа «ерке күнін»
Тұмсығын енесінің иіскелейді
Биеде хал жоқ тұяқ серпетұғын,
Тасбауыр боп ер жетпек ерке құлын.
Көкқұтан дейтін еді мына құсты,
Сирағы ұзын болғанмен емес сұсты.
Ағашты
Ақ отаудай ұясы бар
Омырып қақ қасынан бомба түсті.
Көкқұтан ұясымен құлап түсіп,
Бауырына балапанын жатыр қысып,
Оқ зуыл, өрт дуылы қаптаса да,
Кетпеді балапанын тастап ұшып
Жаралған перзенті үшін қу тіршілік.
Не сұмдық түсініксіз мүлде оған,
Не сұмдық?
Оқ зулаған, от бораған!
Ғасырлар қастық етпей, қастық көрмей,
Ұшырған сан балапан осы арадан.
Енді не?
Мекені еткен емен сынды
Көрем деп ойлап па еді ол мұндай күнді?
Кұстардың қасиетті тәңіріне,
Көзінен жас бүршіктеп көп сиынды.
Сөйтті де бір күрсінді, бір сілкінді,
«Тез арылт!» дегені ғой бұл «сиқырды».
Темірлер бір-біріне өлім төгіп,
Шарт та шұрт бірін-бірі жатыр көміп.
Дүрліккен толасы жоқ дүлей оққа,
Доп келген ажалына
Жатыр өліп.
Ажал жүр жалаң қағып, күліп сақ-сақ!
Жұтудан басқа онда бар ма мақсат?
Қаталмын, еш рахым күтпесін ол,
Тірлік жоқ оны қалар оқтан жасқап.
Айқастық осы сертпен ажал жауға,
Мейлі орда, мейлі орманда, мейлі тауда,
Қолыммен жұлып тастап алға ұмтылдық,
Қадалған қорғасынды омырауға.
Ол бізді,
Біздер оны
Оққа көміп,
Шегіндік,
Қайта шаптық соққы беріп.
Коп тілді перзенттерің,
Отан ана,
Сен үшін көндік сонда кетуге өліп,
Жоқ, достар, өлуге емес, тек жеңуге,
От сезім әкеткен ед бізден ерік.
Туған жер, туған Отан!
Сонда біздер
От кештік, қан сапырып, саған сеніп.
Өзіңнің қасиетің алып тұлға
Үміткер ұлдарыңды салды сынға.
Туған жер, атамекен, құрбаныңбыз,
Ұлы Отан — Отан болсын ұлдан ұлға!
Сонда біз бар тірлікті жер бетінде
Ұқсаттық майданның өрт келбетіне.
Ұқтық біз —
Қайтсек те біз жеңу керек,
Бар халық бақытты боп ер жетуге!
Сайыстық сай-саламыз көктесін деп,
Қара бұлт тауларыма шөкпесін деп,
Жер Ана адам қанын өппесін деп,
Алтын дән алқаптарда көктесін деп,
Бұдан соң адамдар қан төкпесін деп!
Жас бөбек еркін ойнап ер жетсін деп,
Жетімдер көкірегінен шер кетсін деп,
Ұрпақтар ұлан-асыр тарих жасап,
Әрбір үй тыныштықты төрлетсін деп...
Ғ алымдар адам өмірін ұзартсын деп,
Өнерді жеті қатқа өрлетсін деп,
Қайдағы меңіреу бетпақ далаларға,
Тынық су көк толқынды көлдетсін деп.
Осынау асыл арман, алыс арман,
Әр солдат көкірегінде жасыл орман.
Оққа оқ, теміріне темір соққы
Беріп-ақ жаттық жауға оңнан-солдан.
Емес қой майдан дала Иран бағы,
Шығындар көп болды ол күн бізден дағы,
Шайнасып өлім-өмір жұтқыншақтан,
Басылар емес ұрыс қызған шағы.
Кулагин сүймейтін жан жасығанды,
Сүйетін арыстанша ашынғанды.
Шайқас жер Отанның жан жүрегіндей,
Өліспей білмейді ол бас ұрғанды.
Әнеу күн
Бұйрықпенен
Шабуылда
Босатып бір селенді алуында
Жарқ етті жүрегінде сөнген жұлдыз
Жоғалтқан —
Мүмкін емес табуына?!
Ол жұлдыз
Тамарасы ед суға кеткен,
(Төленді орамалмен хабар еткен).
«Сушыл қыз» жас күнінен атанған ол,
Аржаққа су астымен өткен екен.
Өмірге тағдыр жомарт еді неткен!
Сау екен, аман екен Тамарасы,
— Расқа өзіңбісің, бері қарашы? –
Дей берді екеуі де бір-біріне,
Жаспенен нұрға толып көз шарасы.
Содан соң... арада аз-маз күндер өтті,
Жауменен тағы шайқас мезгіл жетті
Ол шайқас осы шайқас еді, достар,
Ант еткен алу үшін жаудан кекті.
Бүгінгі таң сәріде шабуылын,
Немістер бастаған ед тым адуын.
Тұмсықтан қан жалата біз де шаптық,
Ызалы ол төгіп берді бар қаруын.
Бөлімі Кулагиннің маңдайда еді,
Әскерін өзі бастап майданға енді.
Көтерді шабуылға Майданбек те,
Сай тұрған бір рота майдангерді.
Кулагин сүймейтін жан жасығанды,
Сүйетін арыстанша ашынғанды
Шайқас жер оған Отан жүрегіндей,
Өліспей білмейді ол бас ұрғанды.
Десек те күн төбеден мана ауды,
Толассыз екі жақтан оқтар жауды,
Жер мен көк зілзала боп сорлап жатыр,
Тұтасқан сындыра алмай от құрсауды.
Майданбек
Кулагиннен тәлім алған,
«Ертеңге бар ма, жоқ па, тірлік жалған»
— Онымен санасарға мұршасыздай,
Айқасқа енген беті алатаңнан;
Қалайда жауды аттатпау ондағы арман.
— Жата қал!
— Бекініңдер!
— Ал тұрындар!
Кезек енді біздікі... дәл ұрыңдар!
Аямаңдар жігіттер, лағнетті! —
Деді де ол қалың жауға қарсы шапты.
Дамыл жоқ
Дауысыңда да,
Қимылында...
Сиреген ротасы қиырына
Атой сап оқ жаңбыры астыменен,
Зулайды ұқсап дала құйынына.
Қайран дос,
Сенімді дос, Игорь Яков
Дұшпанды жатып та атып, тұрып та атып,
«Мә, саған қонақасы! — дейді жауға, —
Шошқалар еніп кеткен бақша-бауға».
Майданбек
Ол бар жерде құдіретті,
Алыстау, одан арғы жатқан шеткі
Қоңырқай, деп - дембелше бір жауынгер,
Көзіне елестетті әбілетті.
Сол сұмырай
Жау қыспаққа алған шақта,
Құтылып алдыменен автоматтан,
Еңбектеп
Ұры итше
Жермен жер боп,
Жөнеле бергені ғой жаулар жаққа.
Шыдайтын бұл сұмдыққа
Майданбек пе?
— Қайт кейін!
Қайтпады ол.
— Өй, шикі өкпе!
Өз обалың өзіңе!
Бошансың ғой,
Ит өлімі керек сен сүмелекке...
Жау шебіне жақындап өтер жерде,
Жан ұшырып қос қолын көтергенде
Қуа ұмтылған Майданбек дәлдеп атты,
Қуарған Бошан солай топырақ қапты.
Иван да, Төленді де, Микола да,
Көз салып окоптардан от далада
Риза боп Майданбекке:
— Ура! Ура!
Рақмет тигеніне оғың тура!
Толастар мұрша қайда шайқас жерде,
Арманы қарсыластан жеңілмеуде.
Қашаннан соғыс шарты —
Жауды қырып,
Бекіну өздері сол алған жерге.
Ол солай! —
Бас шайқатпас
Соғыс заңы,
Жұмбақ күш, нендей тағдыр түр алдағы?
Шайқаста селен байтақ қалаға тең,
Мұнда да көк сауытты жау ордалы...
Сол селен үшін мейлің бір бүршік жер,
Сені де бүкіл Отан деп біледі ел,
Жауынгер жатқан окоп төмпешікті
Сен үшін кескілесті не бір ерлер.
Жасқауым!
Көз алдыңа келтір сендер,
Сондағы біздің төккен қан мен терлер,
Алтын дән алдарында тұрған бүгін,
Құнымыз тірлігі үшін миллион жанның.
Жау шықты міне тағы шабуылға,
Ызақор болып алған шайқас жылда,
Біздерден қызыл тірсек болған сұмның
Соққысы
Құтырынған сондай қызба.
Толассыз темірлерін шулатқаны,
Тұрам дап жер жүрегін тулатқаны,
Жаңалық емес мұнда біздер үшін,
Жанды өртеп жас гүлдерді құр атқаны...
Аттатпай адамдарын қарсыластың
Екі жақ «еһелесе» майдандасты,
Жүргендер от жалынын суша жұтып,
Аяйды қызыл крест қарындасты...
Қарындас! Медсестра Тамарамыз!
Біз де, о да қанды майдан даладамыз.
Жан кегі жалын құдірет көкірегінде
Жас қауым, құрмет етер бүл анаңыз.
Атжақты, ақсары жүз сол Тамара
Айқастың ішінде жүр от далада.
Майданбек:
— Қайт,Тамара! Қайт! —десе де
Қатерді кекті жүрек еске ала ма?
Дейді ол:
— Қайт! — деп неге зекіреді?
Жігіттер бекінсе, о да бекінеді,
Жігіттер атой салып жауға шапса,
Бұ да алға ордан, жардан секіреді.
Шаң басқан кірпіктерін сілкіп көкке,
Ұзыншақ көкшіл көзі төңіректі
Шолады прожектор сәулесіндей,
Әне, бір жаралыны көрді шеткі.
Ұмтылды соған қарай жанын қиып...
Бар шайқас алда тұрған «атсыз» биік.
Зырлап та,
Жата қап та,
Еңбектеп те
Арманы — жаралыға тез жетпекте.
Періштедей тәңірінен алған бұйрық
Сол сәттер
Сол қызының ақша бетін
Жер-ана қалып жатыр сипап сүйіп.
Оқ зу-зу, снарядтар сатыр-күтір
Ішінде Тамара жүр от құйынып.
Тірліктің соқтырғандай
Ой
Бүйірін
Тәңір де тоқтата алмас ой құйынын.
Сезімнің электрден шапшаңдығын
Соғыста болсаң, достым, қайта шүйгін.
Сол ғой, сол Тамараны зыр жүгірткен,
Осы ма ед жас бақыты оның күткен?
Қайнаулы көкірегінде жатқан болат
Жеңіс күні, арылар күн бұл бүліктен.
Кек,
Намыс,
Шапқыншылық елді үркіткен
Сәті бар адым сайын алдан күткен,
Сәті бар жас бақытын қайта бастар,
Шат думан, шалқар Отан қалың жұртпен.
Отан - құдірет!
Отан ел,
Отан ана!
Тамара санайды өзін төл балаға.
Жаралы жауынгерді тірі ап қалу,
Қайнаған әр тамшы қан Тамарада.
Ойылып табанынан кетсе де мұз,
Ойыспас Тамарамыз нақ орыс қыз.
Жаралы жауынгердің талайларын,
Ап шыққан сәттеріне куә ұрыс - түз.
Малшынып жаралымен қанға бірге,
Арқалап алып шығып,
Келмей тілге
Оны бір жөнелтіп сап санбат жаққа,
Тағы бір жаралыға жүгіргенде
Нанғайсың «өлген кайта тірілерге».
Болса да лауазымы кішкене адам,
Сын сәтте ажалға ара түскен адам,
Қанынды жаныңды да сақтап қалған,
Соғыста жаныңа ең ішкері адам.
Хақым жоқ бұларын мен ұмытарға
Қан майдан ол сезімді суытар ма?
Шолпандар, Тамаралар, мәңгі барсың,
Пәк тарих сендерге шаң жуытар ма?
Мінекей сол Тамара от далада,
Бөкендей бүк түссе де кей арада,
Жалын боп жан ұшырып, қайта ұмтылып
Ұқсайды зырлап жүрген қол балаға.
Селеннің алдындағы атыз биік,
Оқ сойған, бомба сойған қара күйік.
Қалайда соны алу, селенді алу,
Бүгінгі шайқастағы түпкі бұйрық -
Кейде жау,
Кейде біздер шегінсек те,
Шабуыл... қарсы айқас жекпе-жекке.
Маңдайдан соққылауға бұйрық алған
Өзінің ротасымен Майданбек те.
Даланың дауыл мінез намыскері
Жанталас шабуылды сан үстеді,
Зеңбіректер зіркілі жер сілкінтіп,
Жалақтап жайнап жатыр оқ күштері.
Тіл бар ма атқан оққа, тоқтау бар ма,
Тірлікке шат, опатты жоқтау бар ма?
Атты,
Түтін бұрқ етті,
Ұшты кетті
Жандар өшті...
Оқтардың несі кетті?
Сақ-сақ күлді арада ажал сайтан
Мазақ етіп қан құсқан жер мен кекті.
Құйғандай құдірет күш құдай бүгін,
Далада жүйткігендей құла айғырын,
Майданбек
Чапаевша шапқында еді,
Дегендей «қимылыңа шыдайды кім?»
Бүкпестен оттан, октан ұзын бойын,
Атылар зеңбірекше созып мойын.
Айқасқа ротасын өзі бастап,
Биікті ап, жасамақшы жеңіс тойын.
Жанталас жүргенінде Жаулар атқан
Снаряд жарқыншақтан яки оқтан,
Маңдайы Майданбектің ысып кетті,
Ажал сұм болғаны ма дәлдеп соққан?
Ет қызу, елеместен тән жарасын,
Қимылын тек жеңуге арнағасын,
Алға! — деп ротасы ерлеріне,
Баяғы баса берді ер көңілге.
Тінтпейтін түкпірі жоқ ескен желдей.
Тамара маза көрмей, дамыл көрмей
Жүргенде
Майданбекке тап кеп қалып:
— Жүр мұнда, босатпаймын, — деді, — өлмей.
— Шығыңыз! Жаралысыз... баспа ілгері,
Санбатқа жеткіземін дереу сені!
Қан саулап Майданбектің самайынан
Алға енді басуы да қатер еді.
— Жоқ! — деді ол... — Жөніңе бар! Жоқ,Тамара,
Болмайды тізе бүгу бүл арада.
Дегенше ол
Жау шабуыл жасап берді.
Аялдау қайда енді от далада!
Қан торлап маңдайынан көз кірпігін
Даланың сұлатпақшы жылқышы ұлын.
Өр жүрек өрекпиді сонда дағы
Етпекке не жауды, не өзін шығын.
— Атыңдар! Зулат оқты! Сілте найза!
Ұшпаған оқ адыра осындайда! —
Қарлыға шыққан дауысы Майданбектің,
Әлі тұр орман-тауда, орлы сайда.
Ұмтылды ол ротасын бастап алға,
Қан жапқан көз нұрында: орақ-балға.
Жарқырап жарық жұлдыз, жанып-сөніп,
Ымдайды көкжиекке, атар таңға.
Сап етті иығынан бір жас білек,
— Болмайды саған енді, кайту керек! —
Мейірбан әрі қатал Тамара үні,
Майданбек қайту керек енді мұны?
— Жоқ! — деді ол, — жоқ, Тамара, өзің тез кайт!
— Майданбек, оныңды сен басқаға айт!
Тілдесер мұрша қайда бұдан бөтен,
Тағы да шайқас қызып кетті төтен.
— Қайт дей ме, жап аузыңды, Тамара сен,
Мені қой өзің шегін аман-есен,
Соншама ауыр жарам жоқ қой менің,
Сорың ба жауды жеңсек, жауды жеңсем.
Соны айтып қолын сілкіп Тамараның,
Деместен қан саулаған жарадармын
Майданбек
Долы ызамен ұмтылды алға,..
Тамара босатпады кесіп алдын.
— Босат мені, Тамара, нең бар менде,
Жауым ба едің, түскенде от шеңгелге,
— Өлу деген немене, өлмеу керек...
Ер жүрек болсаң дағы сен де пенде.
Тілерсегі қырқылған жауды жойып,
Жеңіс күнін көрелік сен де, мен де!
Тәрізді құлағы түк естімеген,
Тәрізді көк жартасқа тос тіреген
Майданбек
Ессіз-түссіз жан секілді,
Кірпігін бүркесе де самай қаны,
Айқаспақ жан ұшырып тағы-тағы.
Біздің күш
Қырғын қимыл
Биікті алып,
Селенге қалған кезі жақын барып,
Майданбек ротасын көтерді алға,
Қанымен маңдайының киіп-жарып.
— Жансебіл бұл неткен жан?
Бұл неткен жан?
Тамара әр сәт сайын оған аң-таң.
Риза боп, әм ыза боп мұнысына,
Өзі ұқсап, зауыттың бір құрышына,
Қолында жоқ болса да қылышы да.
Сол сәткі қанды майдан ұрысында
От кешті солдат тірлік ырысына.
Жау жатқан
Аттам жерде
Селен жақын,
Бомба етіп жүрегіңді атсаңшы, ақын!
Қаныңдай қызыл туды желбіретіп,
Биікке көтеретін бар той қақың.
Дейміз-ау ауызбенен айтуға оңай,..
От құйын алдымызды жатыр орай.
Аттатпасқа ант еткен дүлей күштер,
Сол антынан айнытпас уын ішкен,
Секунд жоқ кірпік қағар оқ борамай,
Ажал сұм бүгін тіпті тыс қомағай.
Жалыны жанын өртеп ыза-кектің,
Көрсе де қарсы атылған оқтан тепкін,
Селенді азат ету қимыл үсті,
Кескінін тану қиын Майданбектің.
Самайдан аққан қаны торлап кірпік,
Бурадай борандағы басын сілкіп,
Ұмтылтты ротасын, өзі алда
Бара ма кім біледі ажал түртіп?
Селен
Азат ет! — деп,
Жерде аттам.
Оққа оқ шарт-шұрт етіп екі жақтан,
Қайтсе де жаудың шебін бұзу керек,
Селенді босатуға жаулар жатқан.
Кетсе де көндіре алмай Майданбекті,
Тамара зыр жүгіріп қайта кепті,
«Шық жылдам! Алып барам санбатқа! — деп,
Әмірін жүрегінің айта кепті.
Үлгірер мұрша қайда жауап тасып,
Қан көзі Майданбектің жалын шашып
Ұмтыла берді алға...
— Алға! Алға!
Төңірек түгел шықты шабуылға
Оқ даусы, адам даусы кетті ұласып
Селенге кірер сәтте біздің күштер,
Уа, тағдыр Майданбекке атом күш бер!
— Тамара, жау жалауын нұсқа! — деді ол,
Басталар сәтте уралап жүгірістер.
— Нұсқашы! Атайын сол жау жалауын,
Түшкіріп шаң шалдыққан қос танауын,
Бүре ұстап Тамараның иығынан
Майданбек шала-пұла есі ауып
— Нұсқап бер, — деді тағы, — жау жалауын
— Әне тұр жау жалауы төрт тармақты, —
Дауысы Тамараның шықты қатты,
Майданбек жатқа оқитын өлең сынды,
Басарда саусақты да басбармақты;
— Тамара көріп тұрсың жайымды өзің,
Ал көзде... менің қолым сенің көзің.
Сарт етті оқ, қара жалау болды парша
Рахат тапты дерсің қайран сезім.
Ұмтыла басқанда алға және ілгері
Уралай жөнелгенде серіктері.
Дәкеден жалау жасап, ту көтеріп,
Бізге аян оның құлап түскен жері.
Қазақтың жылқышы бұл өрен ұлын
Генерал көрмесе де бұдан бұрын,
Биіктен бинокльмен шолған екен,
Көтерді оз қолымен басын мұның.
Тағдыр-ай, қанды айқаста ес шығарған,
Айырған туған елден, сүйген жардан,
Қалдың ба яки тірі, я өлдің-дүр,
Майданбек! Әзірінше қош бола тұр,
Сенемін, өлмек емес сендегі арман!

Повестің соңы.

15. VII.1979 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өздеріңе бердім сөз

  • 0
  • 0

Толғадым заман жайын,
Елдің жайын.
Сарыарқа өңіріне
Өмір жайып,

Толық

Ұлы Мұхтар Әуезов

  • 0
  • 0

Мың жылдар өшпес өрнек,
Айғақ тұлға,
Кең мінез, кең даламдай
Байтақ тұлға

Толық

Қазақстан – Республикам менің

  • 0
  • 3

Әйнегі – күн,
Шатыры – аспан,
Кең далам асқақ.
Төсі толған егін,

Толық

Қарап көріңіз