Өлең, жыр, ақындар

Жер жәннатым – Бозша

Әр адамға өсіп өнген елі қымбат,
Өз жерінің әрбір гүлі, тасы сымбат,
Ақындардай қолыма қалам алып,
Ауыл жайлы жыр жазбасам жаным сырқат .

Бозша, шіркін, керемет қой қашанда,
Таң қаласың ауасына барғанда,
Кешкі кезде ауласында отырғанда,
Шабытына шабыт қосар жазғанда.

Кіндік қаным тамған ед бұл ауылда,
Суы- тұңық, жері-жазық, ну орманда,
Қарт Ертістің бойында асыр салып,
Талай мәрте ойнағанмын жауында.

Ыстық оның әрбір тасы жарқыраған,
Өзені теңіздейін сарқыраған.
Сағынамын жәннат жер, ауылымды,
Гүлдері жұпар шашып албыраған.

Өзіңнен шалғай кетсем сағынғанмын,
Бойындағы тау шыңына табынғанмын.
Қаланың у-шуынан шаршағанда,
Сендік кезді еске алып басылғанмын.

Балалықтың куәсі ең, ауылым,
Мүмкін емес сендей жерді табуым.
Мен сені өлеңіме арқау еткен,
Жетпейді бір ғана жыр жазуым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз