Ала жібін ешкімнің аттамадым – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ала жібін ешкімнің аттамадым» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 7744
Ала жібін ешкімнің аттамадым.
Ақты даттап,
Қараны ақтамадым.
Көз салмадым біреудің қалқасына,
Жетіп жатыр өзімнің ақ тамағым.
Бата беріп жас талап,
Көк өрімге,
Қиналмай-ақ өлемін өлерімде.
Қызғанбадым ешкімнің өлең-жырын,
Жетіп жатыр өзімнің өнерім де.
Өтті кетті не қызық,
Не бір ойын.
Көтеріліп басылды қамыр-ойым.
Шаруам қанша біреудің атағында,
Жетіп жатыр өзімнің абыройым.
Айтқаныма, ағайын, сенші бүгін.
Ұнатпаймын ауылдың мен шылығын.
Өзге адамның мініне күле алмаймын,
Жетіп жатыр өзімнің кемшілігім.


Пікірлер (1)

Нурасыл

Супер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ала жібін ешкімнің аттамадым өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ала жібін ешкімнің аттамадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ала жібін ешкімнің аттамадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ала жібін ешкімнің аттамадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері