1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр:
Ілмектер: құл, нақыл, бай, афоризм, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы
— Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, — деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі.
Ата жолын қуса игі.Жаудан бұққан немені,
Өзіне келер ұятын,Ортасынан қуса игі! —
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап:
Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар...
Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Қол боларлық елің бар, Еркек болып туды деп,
Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар?
— Құлдық ұрсаң дұшпанға деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.
Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық қаздырады. Құдық қазылып біткен соң жігіттер байдан ақысын сұрайды. Бай олардың біреуіне — саулық, екіншісіне қозы береді. Екінші жігіт оған наразы болады. Төлеге келіп шағым айтады. Төле байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады. Бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды.
— Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем? — дейді байға.
— Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі де бірдей. Сөзіңізге жығылдым, биеке! Өкпелі жігітке қой берейін, — депті амалы құрыған бай.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі