Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жігіттің жігіті —
Түсінде жылқы көреді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт

Жел мінезді жылқы мал,
Желеді де кетеді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Ат қартайса,
Есекпен достасады.
Адам қартайса,
Төсекпен достасады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, адам, қартаю

Ақсақ атқа — алтын таға.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Жүйрік атқа,
Жел қамшы.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Тұлпар - құлыннан,
Батыр- баладан.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, батыр, бала

Атқа мінгеспе,
Мінгессең, үндеспе!

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Қамшы — қанат,
Құйысқан — қуат.

Ілмектер: қамшы

Екі тартпа жоқ болса,
Ат үстінде ер тұра алмас,
Екі үзеңгі жоқ болса,
Атқа адам міне алмас,
Бәрі бірдей сай болса
Шайтан түгіл жын алмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Екі тізгін жоқ болса,
Ат басын адам бұра алмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, адам

Жаяушылық тартқанда
Жүрмес есек ат болар.
Қарын қатты ашқанда
Қара талқан қант болар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, қарын ашу, талқан, қант

Тұлпардың қадірін
Желгенде білерсің,
Жақсының қадірін
Өлгенде білерсің.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жақсы, қадір

Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.
Түйткіл тартсаң, түйе сау,
Ауру, бәле, жын алмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ауру, бәле, жын

Жорғадан туған жортақ бар,
Батырдан туған қорқақ бар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, батыр, қорқақ

Атты жолдас болмайды
Арбалымен.
Жортақ жолдас болмайды
Жорғалымен.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жолдас

Аттының несібесі — алтау,
Жаяудың несібесі — жалқы.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, несібе

Байтал түгіл,
Бас қайғы.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Алысты жақындататын— ат,
Жақынды алыстататын— жат.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жат, алыстататын

Бір биеден ала да туады,
Құла да туады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Тағасының күмісіне мақтанба,
Атыңның жүрісіне мақтан.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал