Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз(ілмек) жазып, "іздеу" батырмасын басыңыз, сол сөзге байланысты мәліметтер шығады, мысалы: ана


Мақалалар (70) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (13) Әзіл, анекдоттар (2)

Іздеген кілт сөзіңізге(ілмек) байланысты мәліметтер:


Бұқаралық әміріне елші болып бір жас жігіт барыпты. Әмір жас жігіттің келгеніне қатты ренжіп:
— Ақ патшаның адалы жоқ па? Елші қылып маған сақалсыз адам жібергені несі?! — депті.
— Егер ақылдың бәрі сақалда болса, онда патша мені емес, ешкіні жіберер еді ғой, — деген екен сонда елші.

Ілмектер: елші, сақал, патша

Төсек тартып жатқан төреші өлер алдында патшаны шақырып:
- Мен енді өлейін деп жатырмын. Төрешілікті саған тастап кетіп барамын.
- Мен қалайша дауларды шеше аламын?
- Еш уайымдама. Егер алдыңа ақылды адам мен тентек келсе, әуелі ақылдыны тыңда, сосын шешімін соған қарап бер. Егер екі тентек келсе, мәселесін сот төрағалары-ақ шешіп тастайды.
- Жарайды. Егер екі ақылды келсе ше?
- Өй, болмайтын әңгіме ғой. Қырық жылдан бері төреші болып, екі ақылдының келгенін көрмеппін.

Ілмектер: патша, тентек, ақылды