Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (28) Өлеңдер (3) Әзіл, анекдоттар (1)

Ертеде бір еріккен хан «Кім де кім есекті сөйлетсе соған екі қап алтын беремін, ал сөйлете алмаса басын шабамын» деп жаханға жар салыпты. Еcекті кім сөйлете алсын. Көпке дейін ешкім келмепті. Бір күні Алдар көсе ханның алдына барыпты. Өзінің есегін көрсетіп, "Мына есегімді сөйлете аламын. Ол үшін сіз маған 20 жыл уақыт және алтындарыңызды алдымен беріңіз." - депті. Ешекті сөйлетемін дегенге таң қалған хан шартына көніп екі қапты алтынды есегіне артқызып егер сөйлете алмасаң басыңды аламын деп Алдарды жіберіпті. Алдарды көрген адамдар оны аяп, О ақымақ ешекті қалай сөйлетесің, ертең басыңды алады ғой. –депті.
Сонда Алдар,
— Мен емес сендер ақымақсыңдар. 20 жылға дейін не хан өледі, не мен өлемін, не есек өледі ғой. – деген екен.

Ілмектер: Алдар, хан, Еcек, Алдар көсе