Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (72)

Қайта жауған қар жаман,
Қайта шапқан жау жаман.

Ілмектер: жаман, жау

Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.

Ілмектер: жау, дау

Даттаушы түгел жау емес,
Мақтаушы түгел ел емес.

Ілмектер: жау, ел

Жау жоқта жарақ көп,
Жау келгенде таяқ та табылмас.

Ілмектер: жау

Қашқан жауға қатын да ер.

Ілмектер: жау, ер

Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы.

Ілмектер: жер, жау, жануар

Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.

Ілмектер: жаман, би, жігітт, дау, жау

Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.

Ілмектер: сақтық, жау

Жауды аяған-жаралы.

Ілмектер: жау, сақтық

Мың жаудан бір жансыз жаман.

Ілмектер: жау, сақтық

Тілің бар болса,
Жауым жоқ деме
Тамырың бар болса,
Дауым жоқ деме.

Ілмектер: тіл, сөз, жау

Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.

Ілмектер: ауру, дау, жау

Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.

Ілмектер: ынтымақ, дау, жау

Ежелгі жау ел болмайды.

Ілмектер: жау, ел

Жалған достан — жау артық.

Ілмектер: жау, дос

Аталы жау дос болмас.

Ілмектер: дос, жау

Қорқақ жауды басындырады,
Досты ашындырады.

Ілмектер: жау, дос

Аңдысқан жау алмай қоймас.

Ілмектер: жау

Жауға жақсылық қылма,
Жақынға тапшылық қылма.

Ілмектер: жау, жақын

Жауда да бір үйің болсын.

Ілмектер: жау

Пікірлер