Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (24) Ұлағатты сөздер (19)

Сараңның салғанын қазаны жейді,
Қалғанын қонағы жейді.

Ілмектер: қонақ, сараң

Күншіл сорлы көре алмай өледі,
Сараң сорлы бере алмай өледі.

Ілмектер: күншіл, сараң, сараңдық

Сараңның асын сары ит ішсін.

Ілмектер: сараң

Сараңның етін сасыған соң
Сары күшік жейді.

Ілмектер: сараң, сараңдық

Сараңның қолы қалтырауық.

Ілмектер: сараң, сараңдық

Сығырдың ақысын сараң жейді,
Сараң болмаса, арам жейді.

Ілмектер: сараң, арам

Балық бастан бұзылады,
Сараң астан бұзылады.

Ілмектер: сараң, адам

Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.

Ілмектер: сыпайы, сараң, адам

Іші тарлық — сараңның ісі,
Жалақорлық — жаманның ісі.

Ілмектер: сараң, жаман, іс

Айыратын жаман бар,
Қосатын жараң бар,
Барын ішпейтін сараң бар,
Жасырып ішетін арам бар.

Ілмектер: жаман, сараң, мінез-құлық

Ұры байымайды,
Сараң семірмейді.

Ілмектер: ұры, сараң

Сараңға саңыраулық қонады,
Есітсе де есітпеген болады.

Ілмектер: сараң

Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екенінді табағыңнан танимын.

Ілмектер: қас, табақ, сараң, пейіл, ынсап

Сараңның өз малы өзіне бұйырмас.

Ілмектер: сараң, мал

Берместің сылтауы көп.

Ілмектер: сараң, сылтау

Шараң толы болса,
Сараңдық жуымас.

Ілмектер: шара, сараң, парсы мақалы

Сараңның даңқы шықпас.

Ілмектер: сараң, даңқ

Беріп жаман атанғанша,
Бермей сараң атан.

Ілмектер: жаман, сараңдық, сараң

Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады.

Ілмектер: аран, қыран, аңшы, араны ашылу, тойымсыздық, ашкөз, қомағай, тойымсыз, қанағатсыз, сараң, Шерхан Мұртаза

Ақылды болу сараңға да жарасады.

Ілмектер: ақыл, сараң

Пікірлер