Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (8) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (388) Ұлағатты сөздер (26)

Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, салақтық

Ас — елдің құты.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық

Көже деген тоқ ас,
Тұра келсең жоқ ас.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, көже

Ас астың орны басқа.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық

Айран ішсең ас болады.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, айран

Шымырдың сезімі сергек.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық

Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.

Ілмектер: сөз, денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық

Сергектің сенімі нық.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық

Денсаулық зор байлық.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық

Ит жемес асынан дәметеді.

Ілмектер: ит, қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ас

Басты берген құдай ас та береді.

Ілмектер: ас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бас бергенге ас бер.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, ас

Тамақ тоқ,
Көйлек көк,
Уайым жоқ.

Ілмектер: тамақ, ас, тоқшылық, уайым, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Иесі жоқтың - асы жоқ.

Ілмектер: ас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Асты қорлама құстырар,
Ерді қорлама тыштырар.

Ілмектер: ас, ер, қорлық

Ат қадірін білмесең,
Жаяушылық көрерсің.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршылық көрерсің.

Ілмектер: қадір, ас, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Тіл жүйрігі - басқа,
Қол жүйрігі - асқа.

Ілмектер: тіл, жүйрік, қол, ас

Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.

Ілмектер: сорлы, ауыз, ас, мұрын

Таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.

Ілмектер: таңертең, ас, кеш

Ішкен мас, жеген тоқ.

Ілмектер: тоқ, ішу, жеу, ас