Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (8) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (388) Ұлағатты сөздер (26)

Жаманға ас берсең үйіңнен шықпайды,
Өлікке ас берсең түсіңнен шықпайды.

Ілмектер: жаман, ас, өлік

Жетімнің аузы асқа келсе, мұрны қанар.

Ілмектер: жетім, ас, мұрын, қан

Жарлылықта жақсы екен, жатып ішер ас болса.

Ілмектер: жарлы, ас

Ас қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін сау білмес.

Ілмектер: ас, тоқ, сау, қадір

Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.

Ілмектер: ер, сый, ас, тағам

Айдабол, ас ішкенде пайда бол.

Ілмектер: ас

Ас ішіп, аяқ босатар.

Ілмектер: ас, тамақ

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Ілмектер: адамн, нан, ас

Таңғы астан да тәттірек.

Ілмектер: таң, ас, парсы мақалы

Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.

Ілмектер: әйел, ұят, ас, тұз

Екі аспаз ас пісірсе,
Аш қалдым дей бер.

Ілмектер: аспаз, тамақ, ас, парсы мақалы

Басын ойламай,
Асын ойлайды.

Ілмектер: ас, бас, парсы мақалы

Әр астың өз қасығы бар.

Ілмектер: ас, парсы мақалы, қасық

Ауызы асқа тигенде,
Тұмсығы тасқа тиді.

Ілмектер: ас, тас, қырғыз мақалы

Қасықпен ас берген,
Сабымен көз шығарар.

Ілмектер: қасық, ас, көз

Асым аз болса да,
Басым тыныш болсын.

Ілмектер: ас, бас, тыныштық

Ас – аттынікі,
Той – тондынікі.

Ілмектер: ас, той, қырғыз мақалы

Бұйырмас астан Бөрібасар да дәметеді.

Ілмектер: ас, қырғыз мақалы

Ас қадірін аш білер.

Ілмектер: ас, қадір, қырғыз мақалы

Асыңды бермесең берме,
Бірақ тасыңмен перме

Ілмектер: ас, тас