Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз(ілмек) жазып, "іздеу" батырмасын басыңыз, сол сөзге байланысты мәліметтер шығады, мысалы: ана


Мақалалар (18) Өлеңдер (6) туралы даналық сөздер (28) туралы ұлағатты сөздер (3) туралы әзілдер (2)

Әкімі зұлым болса, елі азады.

Ілмектер: әкім, зұлым, ел

Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.

Ілмектер: әкім, көз, соқыр

Әр елдің өз әкімі бар (мұны арабтар айтады),
Әр үйдің өз ханы бар (мұны түріктер айтады).

Ілмектер: әкім, хан, үй

Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.

Ілмектер: аспан, ай, күн, ел, жер, әкім

Әкімге қарсы болма, күніңе кемшілік болар,
Молдаға қарсы болма, дініңе кемшілік болар.

Ілмектер: әкім, молда, дін, күн

Әкімменен қарсы болсаң, күнің жаман,
Молдаменен қарсы болсаң, дінің жаман.

Ілмектер: әкім, күн, молда, дін, жаман

Әдепсіз үйге кіріп болмас,
Әкімсіз жұртта тұрып болмас.

Ілмектер: әдеп, үй, әкім, жұрт

Әркім өз қаласына әкім.

Ілмектер: қала, парсы мақалы, әкім