Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (43) Мақал-мәтелдер (196) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (11)

Жаман жігіт – үйкүшік.

Ілмектер: жаман, жігіт

Шабан ат дегенше,
Жаман ат десеңші.
Шабан жігіт дегенше,
Жаман жігіт десеңші.

Ілмектер: жаман, жігіт

Жаман теке сүзіскек,
Жаман жігіт ұрысқақ.

Ілмектер: жаман, жігіт

Жаны жайсаң жігіттер
Дария шалқар көлмен тең:
Жан аян кескен жігіттер
Ел қонбаған шөлмен тең.

Ілмектер: мінез-құлық, жігіт

Жақсы жігіт сапардан:
Елін аңсап қайтады,
Алдына мал сап қайтады.
Жаман жігіт сапардан:
Пістесін шағып қайтады,
Қалтасын қағып қайтады.

Ілмектер: жақсы, жаман, жігіт

Жақсы жігіт
Ағайынның басын қосады.
Жаман жігіт
Жақсы ағаның жолын тосады.

Ілмектер: жақсы, жаман, жігіт

Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.

Ілмектер: жігіт, төрт түлік мал

Жақсы жігіт
Досының қамын ойлайды.
Жаман жігіт
Басының қамын ойлайды.

Ілмектер: жақсы, жаман, жігіт, дос

Болатын жігіт епшіл,
Болмайтын жігіт кекшіл.

Ілмектер: тәрбие, өнеге, жігіт

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Ілмектер: абырой, тәрбие, жігіт, өнеге

Жұпары бар жігіттің
Жанында жүр,
Жұтары бар жігіттің
Малында жүр.

Ілмектер: жігіт, өнеге, тәрбие

Жігітті — сын шыңдайды.

Ілмектер: сын, өнеге, жігіт

Жас жастың тілегі бір.
Жібектің түйіні бір.

Ілмектер: жігіт, тәрбие, өнеге

Жүйрік алысқа,
Жігіт намысқа шабады.

Ілмектер: жігіт, намыс

Алғыс алған жігіттің
Аты бәйгеден келеді.

Ілмектер: жігіт, тәрбие, өнеге

Керенау жігітке
Кесепет жолдас кез болар.

Ілмектер: жолдас, жігіт

Қызық қой жас шағыңда ойын, күлкі,
Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі.

Ілмектер: жігіт, тәрбие, өнеге

Ер жігіттің өлгені —
Ессіз болса алғаны.
Әділ бидің өлгені —
Сөзінің болса жалғаны.

Ілмектер: жігіт, сөз, ақыл

Ер жігіт елінің ұлы,
Намысының құлы.

Ілмектер: намыс, жігіт

Тұлпар тегін табар,
Ер жігіт елін табар.

Ілмектер: жігіт, ел, жұрт

Пікірлер