Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (151) Ұлағатты сөздер (7) Әзіл, анекдоттар (1)

Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.

Ілмектер: ой, бой, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Білмеген мың бәлеге тұтылар,
Білген мың бәледен құтылар.

Ілмектер: бәле, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бұрынғының айтқаны бұрыс кетпес.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес.

Ілмектер: өнер, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өсиет алған өлмес.

Ілмектер: өсиет, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Алған сабағың біреу болсын, тоқуы мың болсын.

Ілмектер: сабақ, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Есердің ақылы түстен кейін кіреді.

Ілмектер: ақыл, есер, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бір жас үлкеннен ақыл сұра.

Ілмектер: ақыл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Көп жастың ішінде қария болса даң болар,
Көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар.

Ілмектер: дана, кәрі, жас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ашу - қайнар, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, ақыл, дос, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Білмегенді үйрет, жерге соқаны салып сүйрет.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ақымақты үйрету - өлгенді тірілту.

Ілмектер: ақымақ, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Барша өнерді үйрен.

Ілмектер: өнер, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жігіт кісіге жетпіс өнер де аз.

Ілмектер: өнер, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тілі тәтті - көңілі қатты.

Ілмектер: тіл, көңіл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Адамға - тілінен, сиырға мүйізінен.

Ілмектер: адам, тіл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.

Ілмектер: мақал, сақал, көрік, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Еңбек етсең өміріңше емерсің.

Ілмектер: еңбек, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бейнетсіз рахат жоқ.

Ілмектер: бейнет, рахат, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жалқау тек жатар, ырысы да қашар.

Ілмектер: жалқау, жалқаулық, ырыс, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар