Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (37) Өлеңдер (43) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (123) Ұлағатты сөздер (31) Әзіл, анекдоттар (4)

Үйдің орнықтылығы қабырғаларынан.

Ілмектер: үй, қабырға, парсы мақалы

Қожасы көп үйдің
Азасы көп.

Ілмектер: үй, парсы мақалы

Үйде барына әркім қонақ.

Ілмектер: үй, қонақ, парсы мақалы

Ит қайда?
Үй қайда?

Ілмектер: ит, үй, парсы мақалы

Өз үйінің жиырма күн иесі болса,
Бір күн ұрысы болады.

Ілмектер: ұрыс, үй, ие, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қанды кектің салмағы –
Екі үйді түгел жалмады.

Ілмектер: кек, үй, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Күйеуге асыққан әйел байға жарымас,
Күйгелек еркек үйге жарымас.

Ілмектер: күйеу, асығу, әйел, үй

Асыққан адам үйіне жете алмайды.

Ілмектер: асуғу, үй

Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.

Ілмектер: көр, үй, аңшы

Жыл бойы қайда болсаң, онда бол
Белдезерде1 үйде бол.

1.Белдезер — ақпан-наурыз айлары

Ілмектер: жыл, ай, ақпан, наурыз, үй

Күйді білген қатыннан,
Үйді ұстаған қатын артық.

Ілмектер: үй, қатын

Байы мешкей болса, үйге тартады,
Әйелі мешкей болса, үйді құртады.

Ілмектер: мешкей, үй, әйел, ер, қырғыз мақалы

Қызды үй қылықты үй.

Ілмектер: қыз, қырғыз, үй, қылық

Үйдің байлығын көшкенде көрерсің.

Ілмектер: үй, байлық, көшу, қырғыз мақалы

Бір үйдің жарығы екінші үйге түспейді.

Ілмектер: үй, жарық, қырғыз мақалы

Ақы төлемесең, молда үйіңе жоламайды.

Ілмектер: ақы, молда, үй, қырғыз мақалы

Балалы үй – гүлстан,
Баласыз үй – көрстан.

Ілмектер: бала, үй, гұлстан, қырғыз мақалы

Қымызды үйде – аяқшы,
Қызды үйде – тияқшы.

Ілмектер: қымыз, қыз, үй, қырғыз мақалы

Үйіңде сүтің төгілсе,
Далада бұзауың еміп кетер.

Ілмектер: үй, сүт, бұзау, қырғыз мақалы

Қарты бар үйдің құты бар.

Ілмектер: қарт, құт, үй, өмір, адам

Пікірлер