Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (12) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (79) Әзіл, анекдоттар (1)

Жалқаудың соры - байлығы.

Ілмектер: жалқау, байлық

Жалқау байымас,
Сұқ семірмес.

Ілмектер: жалқау, сұқ, байлық

Басқаның байлығына қайғырма.

Ілмектер: байлық, қайғы, парсы мақалы

Үйдің байлығын көшкенде көрерсің.

Ілмектер: үй, байлық, көшу, қырғыз мақалы

Аң аулағанымен байымас.

Ілмектер: аң, байлық, қырғыз мақалы

Бойдақта байлық болмайды.

Ілмектер: бойдақ, байлық, қырғыз мақалы

Баста ұтқан байымас,
Кейін ұтқан танымас.

Ілмектер: бай, қырғыз мақалы, байлық

Бәйбішенің байлығы –
Түйеде қара сандығы.

Ілмектер: байлық, сандық, қырғыз мақалы

Тоқ бала аш баламен ойнамайды,
Тоқ кісі аш қалам деп ойламайды.

Ілмектер: кедей, кедейлік, бай, байлық

Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер.

Ілмектер: байлық, жер, еңбек

Ақылға байлық — тозбас байлық.

Ілмектер: ақыл, байлық

Артық байлық аздырар,
Артық күлкі тоздырар.

Ілмектер: байлық, күлкі, артық

Адам күш жұмсап бай бола алмайды,
Арыз айтып бек бола алмайды.

Ілмектер: адам, байлық, арыз, бек

Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.

Ілмектер: тазалық, денсаулық, байлық

Азанда келген мал (байлық) кешке ізін табады.

Ілмектер: азан, мал, байлық, кеш

Асып-тасқан байлықты
Құдай да қостамайды.

Ілмектер: байлық

Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң, менмендікке бастама.

Ілмектер: ата, ана, менмендік, бай, байлық

Әуелгі байлық — иман байлық,
Екінші байлық — денсаулық.
Үшінші байлық — ақ жаулық,
Төртінші байлық — он саулық.

Ілмектер: иман, денсаулық, байлық, жаулық, саулық

Бай қайырлы болмаса,
Бар малынан айрылар.
Мал бетіне қараған
Жарынан айрылар.

Ілмектер: бай, қайыр, байлық, мал, жар

Бай қасына көшіп бар да,
Байымасаң, маған кел.
Қу қасына көшіп бар да,
Қурамасаң, маған кел.

Ілмектер: бай, байлық, қу

Пікірлер