Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (43) Мақал-мәтелдер (196) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (11)

Жау жеңетін жігіттің
Жарағынан танимын.
Дау жеңетін жігіттің
Талабынан танимын.

Ілмектер: жігіт

Ер жігітке серуенде серуен
Сергелдең де серуен.

Ілмектер: ер, жігіт

Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек,
Жылқыда да жылқы бар,
Қазан аты бір бөлек.

Ілмектер: азамат, жігіт

Ер жігіт айтпайды,
Айтса, қайтпайды.

Ілмектер: ер, жігіт

Намысы бар жігіттің
Нар күшіндей күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Намыспенен несі бар?

Ілмектер: намыс, жігіт

Көр көкірек жігіттен
Ер көкірек егде артық.

Ілмектер: жігіт, ер

Арыстанды арыстандай жігіт алар.

Ілмектер: жігіт

Ер жігіт бір терінің ішінде
Семіріп толады да,
Арықтап солады да.

Ілмектер: ер, жігіт

Жігіттің жолбарысы —
Жол торымайды, ел қориды.

Ілмектер: жігіт, ел, жол

Арыстандай жігітте
Алатаудай үміт бар.

Ілмектер: жігіт, үміт

Жайсаң жігіт болғаның,
Жолдасың арқасы.
Қайсар жігіт болғаның
Қолбасыңның арқасы.

Ілмектер: жігіт, қайсар

Жібек белбеу — белдің көркі,
Батыр жігіт елдің көркі.

Ілмектер: батыр, жігіт

Бітісі жаман қамысты
Су ішінен өрт шалар.
Жүрісі жаман жігітті
Ел ішінен жау алар.

Ілмектер: жігіт, жау

Бөрі аулайтын жігіт
Бөрігінен белгілі.
Жау алатын жігіт
Серігінен белгілі.

Ілмектер: жігіт

Жігітті, бірде, майданда сына,
Бірде, бейғамда сына.

Ілмектер: жігіт, сын

Босаң жүрген жігітті
Бел үстінде бөрі алар.
Еркінсіген көкжалды
Ебін тапқан ер алар.

Ілмектер: жігіт

Ер жігіт елдікі.
Ебелек желдікі.

Ілмектер: ер, жігіт

Күміс тозса — күл,
Жігіт арыса — құл.

Ілмектер: жігіт

Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.

Ілмектер: ер, жігіт, ел

Сағы сынған жігіттің —
Қамшысының сабы сынар.

Ілмектер: жігіт

Пікірлер