Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (2) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (14) Әзіл, анекдоттар (1)

Етік тіге алмаған біз таңдайды.

Ілмектер: етік, өнер, кәсіп

Құр сөз қоңылтақ етік,
Жүрсең аяғыңды қажайды,
Отырсаң тобығыңа батады.

Ілмектер: сөз, етік

Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.

Ілмектер: етік, жең, пейіл, ұят, ас, төр, ынсап

Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
Қатының долы болса, елдің тыныштығынан не пайда?

Ілмектер: етік, ел, тыныштық, қатын, долы, тар

Көк етікті келмейді, көн етіктіге бармайды.

Ілмектер: етік, көн

Етігің жаман болса, аяғыңды қажайды,
Жолдасың жаман болса, жаныңды қажайды.

Ілмектер: етік, жолдас, жан

Етігіңе қарай,
Етегіңді көтер.

Ілмектер: етік, етек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Суды көрмей етігіңді шешпе.

Ілмектер: су, етік

Етігім тар болса,
Дүниенің кеңдігінен не пайда.

Ілмектер: етік, кең, дүние

Өзіңді көрмей,
Етігіңді шешпе,
Етегіңді түрме.

Ілмектер: етік, етек, көру

Есің бар да, етігіңді жап.

Ілмектер: ес, етік, қырғыз мақалы

Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.

Ілмектер: ұста, пышақ, етік, етікші, өнер

Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.

Ілмектер: алтын, сырға, құлақ, етік, аяқ

Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда,
Ақыреттегі көрің тар болса.

Ілмектер: аяқ, етік, ақырет, көр, тар, пайда

Пікірлер