Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (34) Өлеңдер (17) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (173) Ұлағатты сөздер (44) Әзіл, анекдоттар (1)

Қайнаған қара суда қасиет бар.

Ілмектер: су

Сыйлап берсе суын іш.

Ілмектер: су, сыйластық

Жақсы - суы тәтті көлмен тең,
Жаман - желі қатты шөлмен тең.

Ілмектер: жақсы, жаман, су, шөл

Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.

Ілмектер: су

Сұмырай келсе су құрыр.

Ілмектер: су

Су сүреңін табады.

Ілмектер: су

Жайдақ су жай ағады.

Ілмектер: су

Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Тамда белдеу жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жоқ, тас, су, там

Сөз сағасы —
Құлақ,
Су сағасы —
Бұлақ.

Ілмектер: су

Су ішетін арығы жоқ елдің
Сүзіп алатын балығы жоқ.

Ілмектер: су

Жаман сайдың суы тасыса
Өткел бермес.

Ілмектер: су

Жауынгер сапта ойнасын,
Ағын су жапта ойнасын.

Ілмектер: жауынгер, су

Жатқан тастың астына су бармайды.

Ілмектер: су

Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар.

Ілмектер: су, от

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Ілмектер: су, қар, байлық

Қар суының тасқынын,
Қасқалдақ көрмес.

Ілмектер: су, тасқын

Суға кеткен тал қармайды.

Ілмектер: су

Су басынан тынады,
Балық басынан шіриді.

Ілмектер: су, шіру, балық

Арық қазған — су ішер,
Араздасқан — у ішер.

Ілмектер: су, араздасу

Су жетпейін демейді,
Жар жеткізбейді.
Ер жігіт жетпейін демейді,
Мал жеткізбейді.

Ілмектер: су, жігіт