Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (70) Ұлағатты сөздер (67) Әзіл, анекдоттар (1)

Ақымақтың әңгімесін тыңдағанша,
Зынданда жатқан жақсы.

Ілмектер: ақымақ, әңгіме, зындан

Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.

Ілмектер: ақымақ, ақыл, түс

Ақымақтың аты шықса,
Әр төбеде бір із қалдырар.

Ілмектер: ақымақ, төбе, із

Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.

Ілмектер: қатын, ақылды, ізгі, ер, ақымақ, жауыз, жұмыс

Ашу-ыза — ақымақтың белгісі.

Ілмектер: ашу, ыза, ақымақ, белгі

Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.

Ілмектер: әкім, дана, төңірек, ақымақ, жауыз, қас

Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.

Ілмектер: болат, ақыл, ақымақ, қап

Арыстан асқынса — айға шабар,
Ақымақ асқынса — анасын сабар.

Ілмектер: ақымақ, мінез-құлық

Қорқақтың көзі үлкен,
Ақымақтың сөзі үлкен.

Ілмектер: қорқақ, ақымақ

Ақылды "көндім" десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.

Ілмектер: ақылды, ақымақ