Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (265) Өлеңдер (183) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (260) Ұлағатты сөздер (201) Әзіл, анекдоттар (16)

Атаның аты мен орны балаға қалады.

Ілмектер: ата, орын, бала

Атаның баласының ат төбеліндей ой белгісі болсын.

Ілмектер: ата, бала, ой

Атаның орнын ұл басар.

Ілмектер: ата, ұл, бала

Атаның тоны балаға жараса,
Ол атасын іздемейді.

Ілмектер: ата, тон, бала, іздеу

Атаң алты мың қой айдаса да,
Өзіңде біреу жоқ болса, жарлысың.

Ілмектер: ата, бала, жарлы, кедей

Атаңа не келтірсең,
Алдыңа сол келер.

Ілмектер: ата, бала

Атаңда жоқ арғымақ,
Анаңда жоқ арғымақ
Саған не керек?!

Ілмектер: ата, ана, бала, арғымақ

Атасы бұлан атпағанның
Баласы құлан атпайды.

Ілмектер: ата, бала, құлан, бұлан

Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.

Ілмектер: сый, құрмет, ит, сүйек, бала, сүю

Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Жылай-жылай өмірің өтер.

Ілмектер: жаман, ат, арман, бала, пәрмен, өмір

Аю баласын «аппағым» дер,
Кірпікшешен баласын «жұмсағым» дер.

Ілмектер: аю, бала, аппақ, жұмсақ

Аяқтың жаза басқаны үшін бастан сұрайды,
Баланың қатесі үшін әкеден сұрайды,
Жай халықтың қатесі үшін ханнан сұрайды.

Ілмектер: аяқ, жаза, бас, бала, қателік, қате, әке, халық, хан

Әкеңе игілік етсең,
Балаңнан соны күт, қартым.

Ілмектер: әке, бала, қарт, игілік

Байды мал басар,
Жарлыны бала басар.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей, бала, мал

Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып жамбасын сындырады.

Ілмектер: бала, ойын, қарт, жамбас, сынық, су

Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.

Ілмектер: бала, өнер, мінез, сұлу

Балалы үйдің сыры жатпайды.

Ілмектер: бала, үй, сыр

Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу-ақ.

Ілмектер: бала, заң

Баланы асырай алмасын деп күңге береді,
Ұялтайын деп қызға береді.

Ілмектер: бала, ұят, күң, асырау

Баланы жастан үйрет,
Қатынды бастан үйрет.

Ілмектер: бала, қатын