Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (777) Өлеңдер (40) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (175) Әзіл, анекдоттар (1)

Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.

Ілмектер: оқу, білім

Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.

Ілмектер: оқу, білім

Көргеннен көрмегенін көп.
Білгеннен білмегенің көп.

Ілмектер: білім

Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.

Ілмектер: білім, еңбек

Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.

Ілмектер: білім, ырыс

Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.

Ілмектер: білім

Туа білмейді, жүре біледі.

Ілмектер: білім

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Ілмектер: ақыл, білім

Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.

Ілмектер: білім

Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.

Ілмектер: ақыл, білім

Есеп білген ұтылмас.

Ілмектер: есеп, білім

Білім - бұлақ,
Ақыл - жағалай біткен құрақ.

Ілмектер: білім, ақыл

Білім көп орын алмайды.

Ілмектер: білім, оқу, Еврей мақалы

Ұстаз тек есікті көрсетеді, әрі қарай өзің барасың.

Ілмектер: білім, қытай даналығы, қытай мақалы

Білмегеніңнен емес, үйренбей жүруіңнен қорқ.

Ілмектер: білім, қытай даналығы, қытай мақалы

Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.

Ілмектер: жер, білім, ырыс

Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.

Ілмектер: білім, ұл, гүл, жұпар

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

Ілмектер: білек, білім, сену

Қатты жерге егін шықпас,
Қаңғыған басқа білім жұқпас.

Ілмектер: егіншілік, білім

Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.

Ілмектер: өнер, білім, жас

×