Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (24) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (273) Ұлағатты сөздер (125)

Еңбек етсең өміріңше емерсің.

Ілмектер: еңбек, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Еңбек түбі - рахат.

Ілмектер: еңбек, рахат, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ер егіз, еңбек жалғыз.

Ілмектер: ер, еңбек, жалғыз

Еңбек - ердің санаты,
Білім - ердің қанаты.

Ілмектер: еңбек, білім, ер

Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.

Ілмектер: бала, тәрбие, еңбек

Еңбексіз әлем,
Күш кешеді әрең.

Ілмектер: еңбек, әлем, күш

Етікті нәл сақтайды,
Жігітті әл сақтайды.

Ілмектер: еңбек, нәл, әл, жігіт

Ер еңбегіне бір түйсін.

Ілмектер: ер, еңбек

Еңбегі ештің, тұзы сор.

Ілмектер: еңбек, сор, тұз

Тек жүргенше,
Тегін істе.

Ілмектер: тегін, еңбек

Кім еңбек етсе - сол тоқ.

Ілмектер: еңбек, тоқ

Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.

Ілмектер: еңбек, іс

Шыдамды еңбек, алғыр ой -
Анық досың біліп қой.

Ілмектер: шыдам, еңбек, ой

Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.

Ілмектер: бақ, дәулет, еңбек

Сен оқысаң, мен тоқығам.

Ілмектер: оқу, еңбек

Аз да болса, саз болсын.

Ілмектер: саз, аз, еңбек

Сыпырғы келсе шаң қашар.

Ілмектер: сыпырғы, шаң, еңбек

Орайы келсе орақ ор,
Кезі келсе кетпен шап.

Ілмектер: орай, еңбек, орақ, кетпен

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.

Ілмектер: ел, арам, қу, еңбек, адал

Ақысын берсе, боқысын шығарар.

Ілмектер: ақы, еңбек

×