Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (17) Өлеңдер (62) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (3)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Қар" туралы Мақал-мәтелдер

"Қар" туралы мақал-мәтелдер жинағы.

Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.

Ілмектер: нан, қар
WhatsApp Telegram

Қардан аппақ нәрсе жоқ,
Ұстасаң қолды тоңдырар.

Ілмектер: қар
WhatsApp Telegram

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Ілмектер: су, қар, байлық
WhatsApp Telegram

Қара жерге қар жауар,
Қарды көрген бір мұрат.
Қара жерден қар кетер,
Жерді көрген бір мұрат.

Ілмектер: қар, жер, мұрат
WhatsApp Telegram

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-
Жерге жауған нұр.

Ілмектер: қыс, жаз, қар, жаңбыр, нұр
WhatsApp Telegram

Үйінің төбесі жалпақтың,
Үйілген қары да мол.

Ілмектер: үй, қар, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Қар суық па,
Қайғың суық па?

Ілмектер: қайғы, қар, суық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Тау теріскейінен қары азаймас,
Қоңыр қойдың қоңы азаймас.

Ілмектер: тау, қар, қой
WhatsApp Telegram

Тезек қарда жатпас,
Жаман жақсымен араласпас.

Ілмектер: тезек, қар, жақсы, жаман
WhatsApp Telegram

Қар да кетер,
Қадір де өтер.

Ілмектер: қар, қадір, қырғыз мақалы, өткінші
WhatsApp Telegram

Жылылық болмай қар кетпес.

Ілмектер: жылу, қар, табиғат
WhatsApp Telegram

Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.

Ілмектер: қар, аяз, қуаныш, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.

Ілмектер: теке, қар, батыр, жігіт, жау, шешен, дау
WhatsApp Telegram

Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса, біреуіне келтірер.

Ілмектер: қар, боран, жаман, аз, көп
WhatsApp Telegram