Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (24) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (1)

Адалдық танытып, ежелгі ойшылдарды сөзінен ұстап көрейікші: егер өз қажетімізге жарата алмасақ Гераклиттің, Демокриттің,
Платонның бірде-бір сөзі біз үшін ақиқат бола алмайды.

Ілмектер: ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адалдық Освальд Шпенглер

Сіз мені адал болғаным үшін қызықсыз көруіңіз мүмкін.

Ілмектер: адал, қызық, қызықсыз, адалдық Роберт Вальзер

Барынша батыл адалдық деген сирек ұшырасады.

Ілмектер: батылдық, адалдық Жорж Батай

Дүниені сенім нұрландырады, ал адалдық соған жақындастыра түседі.

Ілмектер: дүние, сенім, адалдық Пьер Тейяр де Шарден

Өтірік айтпа, қиянат қылма, адал бол, ақжүрек бол, өзің үшін оқыма, мен үшін де оқыма, ұлтыңа қызмет қылып, пайда тигізу үшін оқы!

Ілмектер: өтірік, адалдық, ақжүрек, ұлт, пайда тигізу Жүсіпбек Аймауытов

Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.

Ілмектер: адалдық Әл – Фараби

Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана.

Ілмектер: Адам, мәселе, қиындық, ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық, адамгершілік, құбыла, күшті, бағындыру, ақиқат, Алла, Құран, мағына, өмірдің мәні, шынайы, ғылым, дәлел, жалған, күрес, дін, ислам, мәңгілік, зертхана, өмір, сынақ Нарша Булгакбаев

Байлық — көп адам үшін жалғыз ғана құндылық, бірақ шынайы құндылық – байлық та емес адамдардың жан-дүниесінде, адамдар арасындағы адалдықта, қамқорлықта және қиындық бен сынақ кезінде бір-біріне жәрдемдесуінде, жанашырлық танытуында.

Ілмектер: байлық, адам, құндылық, шынайы, адалдық, қиындық, сынақ, жәрдем, жан, дүние, қамқорлық, жанашырлық Нарша Булгакбаев

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда қолыңды жай, балам, — деп Төле би:

Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин,
Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол.
— Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!

Ілмектер: бата, дос, жау, адалдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы