Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (28) Ұлағатты сөздер (3) Әзіл, анекдоттар (2)

Біздің әкімдеріміздің әрекеті көбінесе «Потемкин атаның қулығына» ұқсап кетеді. Олар басшыларды қиыр қонып, шет жайлап жатқан ауылдарға апармайды.

Ілмектер: әкім, нақыл, афоризм, басшы, ауыл Шерхан Мұртаза

Азамат бойына іс түскенде арсыз әкімдер семіреді.

Ілмектер: азамат, әкім, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы