Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер
Көбірек көру мен молырақ білуге ұмтылу — көрсеқызарлық та, білуге құндылық та, асқан-тасқандық та емес.
Ілмектер: ұмтылыс Пьер Тейяр де Шарден
Дін мен ғылым — толық таным актісінің өзара тығыз байланысты екі жағы.
Ілмектер: Дін, ғылым Пьер Тейяр де Шарден
Біз — гүл шоғына жиналған дара гүлдер емеспіз, біз — үлкен бəйтеректің жапырақтары мен бүршіктері тəріздіміз.
Ілмектер: гүл, бәйтерек, жапырақ, бүршік Пьер Тейяр де Шарден
Адам — өзі көп уақыт бойы малданып келгендей, əлемнің тапжылмайтын кіндігі емес, эволюцияның өзегі мен шыңы: бұл алғашқыдан гөрі əлдеқайда ғажап!
Ілмектер: әлем, эволюция, ғажап Пьер Тейяр де Шарден
Адам неғұрлым адам бола түскен сайын — соғұрлым жаңаға қарай шексіз де шүбəсіз қолғалыстан басқа арзан бірдеңе болуға келісе алмайды.
Ілмектер: арзан, адам Пьер Тейяр де Шарден
Сəби алғаш көзін ашқанда бойын қорқыныш билемейді деп кім айта алар?!
Ілмектер: қорқыныш, сәби Пьер Тейяр де Шарден
Біріңді-бірің жақсы көру үшін де бейбіт қатар өмір сүру керек.
Ілмектер: жақсы көру, бейбіт, өмір Пьер Тейяр де Шарден
Адам көбіне-көп мүлдем негізсіз сенімнің өзегіне айналып жүр.
Ілмектер: адам, сенім Пьер Тейяр де Шарден
Өзі келешегі жоқ деп есептеген жаққа адам ешқашан аттап баспайды.
Ілмектер: келешек Пьер Тейяр де Шарден
Өзін зат біткеннің ортасында адасып жалғыз қалғандай сезінген адамның өзі туралы мазасыздануға əбден қақы бар.
Ілмектер: адам, сезім, жалғыздық Пьер Тейяр де Шарден
Адам аса үлкен жəне қол жетпес олжа күйінде қала бермек.
Ілмектер: олжа, адам Пьер Тейяр де Шарден
Адам баласы дүниеге ың-шыңсыз аяқ басқан болатын...
Ілмектер: адам, дүние, аяқ Пьер Тейяр де Шарден
Іс жүзінде адам ондаған ғасыр бойы тек өз бетіне қарап келеді.
Ілмектер: ғасыр, адам, бет Пьер Тейяр де Шарден
Өз желкенін Жердің тынысына тура келтіріп кергендер алысқа айдап, ашық теңізге алып шығар ағысқа ілігеді.
Ілмектер: желкен, теңіз Пьер Тейяр де Шарден
Еңбек жайбарақаттықты жеңеді.
Ілмектер: еңбек Пьер Тейяр де Шарден
Жер бетіне тұңғыш ой сəулесін түсірген сəттен бастап, өмір өзін де сынай алатын жəне өзі туралы да ойлай алатын ғаламат күшті дүниеге əкелді.
Ілмектер: ой, күш Пьер Тейяр де Шарден
Толыққанды өмір сүру үшін барынша көбірек кірігу керек.
Ілмектер: өмір Пьер Тейяр де Шарден
Қазіргі адам өзінің уысынан шығарып алған уақыт пен күшті қайтерін білмей əлек.
Ілмектер: уақыт, күш Пьер Тейяр де Шарден
Ең ірі өзендер де шағын бұлақтардан басталады.
Ілмектер: өзен, бұлақ Пьер Тейяр де Шарден
Адамның қолынан келетін ең үлкен нəрсе — бір немесе бірнеше таңдаулы жан иелерін жақсы көретіндігін аңғару ғана.
Ілмектер: жақсы көру Пьер Тейяр де Шарден
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі